1 класс Сауат ашу. Т дыбысы мен әрпі

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

1 класс Сауат ашу. Т дыбысы мен әрпі

Мектебі: Қараой мектеп -бала бақшасы Ақтөбе облысы,Ойыл ауданы

Сыныбы: 1Пәні: Сауат ашу Мұғалімі: Мухтарова Г.Т. Сабақтың тақырыбы: Т дыбысы мен әрпі Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға т әрпі, дыбысы туралы жалпы ұғым беру, т дыбысы бар сөздерді айтқызу, дыбыстық, буындық талдау жасатуды меңгерту Тәрбиелілік:Таза, көркем жазуға, ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу Дамытушылық: Оқушының тілін, ой-өрісін дамыту Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгерту Сабақтың технологиясы: Дамыта оқыту технологиясы Сабақтың әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, жұмбақ жасыру, дидактикалық ойын, қызығушылығын ояту, суретпен жұмыс Сабақтың көрнекілігі: Тәрпі, тақырыптық суреттер, слайдтар Пәнаралық байланыс: Дүниетану, әдебиеттік оқу, бейнелеу өнері Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру сәті Оқушылармен сәлемдесу. Сынып оқушыларын түгендеу. Психологиялық дайындық. ІІ. Өткен тақырыпты еске түсіру. а) А дыбысын ауада жазу ә) «Кім көп біледі?» А дыбысынан басталатын сөздерді айтқызу б) Өздері алып келген жаңа сөздермен сөйлем құрату в) «Мен қай әріпті жоғалттым?» ойыны ІІІ. Жаңа сабақ.а) Ал, қане, балалар, біз бүгін Т дыбысымен танысамыз. 3 рет дыбыстату және қандай дыбыс екеніне дыбыстату арқылы көңіл аударту. ә) Суреттер арқылы оқушыларды сөйлету. - Нені көріп тұрсыңдар? - Түйе, тышқан, тиін - Бұлар нелер? -Жан-жануарлар -Ал мыналар ше ? -Торғай ,тоқылдақ, тауық - Бұлардың ортақ атауы құстар. - Бұл сөздердегі ең алғашқы әріпті атаңдаршы ? - Т дыбысы Т дыбысының жазылуымен таныстыру - Ендеше, балалар, т дыбысының жазылуымен танысайық. Баспа түрі Т т. Жазба түрі Т т. Саусақпен ауада жазу. ІҮ. Дәптермен жұмыс. Жазу дәптеріне үлгіні көрсету. Балалардың жазуларын бақылау. Сергіту сәті. Тырс-тырс, тырс-тырс! Жаңбыр көп жауады, Тамшылар тамады. Тырс-тырс, тырс-тырс! Терезе қағады, Жылғалар ағады. Тырс-тырс, тырс-тырс! Жаңартып ауаны, Жаңбыр көп жауады. Ү. Оқулықпен жұмыс. а) Сөздерді буындап айтқызу. Та-рақ, та-ға, тор-сық, ә) Бағандағы сөздерді мәнерлеп оқу б) Таға, торсық сөздерінің мағынасын түсіндіру. Жұмбақтар жасыру. Орманда тұрады, өзі бір қу, Жүрген жері айғай-шу. (түлкі) в) «Дастарқан басында» тақырыбында балаларға әңгімелету г) «Кім зейінді?» ойыны. ҮІ. Сабақты қорыту.

  1. Балалар, біз бүгін қандай дыбыспен таныстық?
  2. Т дыбысымен.
Т дыбысын дұрыс дыбыстату. Жаңылтпаш: Тұз - мұздай Мұз - тұздай

ҮІІ. Үйге тапсырма беру. Бағандағы сөздерді оқып келу.

ҮІІІ. Оқушыларды мадақтау, ынталандыру.



© 2010-2022