Әдебиеттік оқу пәнінен: Ашық сабақШыбын мен көбелек

Раздел Начальные классы
Класс 4 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Әдебиеттік оқу пәнінен :Ашық сабақШыбын мен көбелек.Әдебиеттік оқу пәнінен :Ашық сабақШыбын мен көбелек.Әдебиеттік оқу пәнінен :Ашық сабақШыбын мен көбелек.Бекітемін

Оқу ісінің орынбасары

Р.Төрехожаева

---------------

Күні:28.10.2015ж

Пәні:Әдебиеттік оқу

Сыныбы:4

Сабақтың тақырыбы: " Шыбын мен Көбелек"

Сабақтың мақсаты мен міндеті:

Білімділік: Балалардың шыбын мен көбелек жайлы білімдерін жинақтау.

Дамытушылық: Өз бетінше жаңа ақпаратты алуды қалыптастыру, тілін, шығармшылық ойлауын дамыту, оқылып жатқан мәліметке сұрақ қоя білу шеберлігін шыңдау.

Тәрбиелік: Өзгелердің пікірін тыңдай білуге, әңгімелесу мәдениетіне, өз жұмысына рефлексия жасай білуге тәрбиелеу.

Түрі: аралас сабақ.

Әдіс-тәсілдері: топтық жұмыс, «Ассоциация» әдісі, «Венн диаграммасы» әдісі.

Көрнекі құралдар: слайд, ватман, маркер.

Оқыту технологиясы: ақпараттық технология, СТО.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру бөлімі.

Психологиялық даярлық.
Мұғалім: ---------------------- Оқушылар:
Әрбір адам - ----------------- Туысым, досым, жұрағат,
Әрбір сабақ - ---------------- Үйрену, ұғу, ұлағат.
Әрбір ісің - ------------------- Тірлік, тірек, адалдық,
Әрбір сөзің - ----------------- Шындық, бірлік, адамды

Қызығушылықты ояту.

Мен неге қуандым? Ойынын ойнау.

1.Өткен тақырып бойынша сұраққа жауап алу.

2.Оқушылардың үйден салған суреттеріне баға беру.

3. Кейіпкердің өзімен-өзі сөйлесуін не дейміз?

Балалар, бұл шығарманың қай түріне жатады?

-Мысал.

Мысал деген не?

Жаңа сабақ.
Жұмбақтар шешу:
1. Ас көрсе - ақ жалайды,
Содан ауру тарайды. (шыбын)

2. Көлбең - көлбең етеді,
Гүлден ұшып жетеді.
Гүл шырынын сорады,
Соған риза болады. (көбелек)

Сабақтың мақсатын хабарлау.

Сейітқұл Оспанов ағамыздың «Шыбын мен көбелек» атты шығармасымен танысамыз.
С. Оспанов туралы мағлұмат беру.
С. Оспанов (1955 - 2003) 30 - наурызда Қызылорда облысының Қазалы қаласында дүниеге келді.
Шығармалары: «Бәйге», «Ащы қауын, тәтті қауын», «Күн көтерілген шақ» атты жыр жинақтары, «Ағаш ат», «Бақытты үй», «Құлдар көтерілісі»атты кітаптарының авторы.

Ендеше, бүгін де тағы бір мысалмен танысымыз, ол «Шыбын мен көбелек» авторы Сейіткұл Оспанов.

-Балалар шыбын мен көбелек туралы біз не білеміз?

-Олар жануарларға жатады. Олар нәзік болғандықтан «Жәндіктер» деп атайды. Олар бунақденелілерге жатады. Өте дұрыс.

Оқулықпен жұмыс.
Мысалды оқушыларға оқыту.
Мысалды рөлге бөліп, сахналау.
Сұрақтарға жауап алу.
Дәптермен жұмыс.
Сөздік жұмысын жүргізу.
Үнтаспадан «Шыбын мен көбелек» диалогын тыңдату.
Кім мықты? сайысы.
1 - қатар. Шыбын мен Көбелек туралы өлең жолдарын құрастыру.
2 - қатар. РАФТ әдісі. Шыбын мен көбелекке хат жазу.
3 - қатар. Тақырыпқа байланысты сурет салу.

Сергіту сәті

1-шыбындар тобы «Ассоциация» әдісі бойынша әуелі жұпта талқылау, сосын шағын топта талқылау

2-масалар тобы «Венн» диаграммасы әдісі ерекшеліктері мен ұқсастықтарын қиылысқан шеңберге жазу (жеке, жұпта)

3-топ Көбелектер Шыбын мен көбелекке эссе жазады.

4-топ. Инеліктер Шығармашылық тапсырма 5 жол өлең құрастыру

Зат есім ( кім? не?) 1 сөз

Сын есім (қандай? қай?) 2 сөз

Етістік (не істеді? ) 3 сөз

Сөйлем -4 сөз

Зат есім синонимі 1 сөз.

Әр топ салыстыру нәтижесінде презентация жасайды.

Қорытынды сабақ.

-Бүгін бізге сабақ ұнады ма?

-Шыбын мен көбелек туралы не білдік?

-Қайсысы бізге зиян келтіреді?

-Қалай сақтану керек деп ойлойсың?

-Бұл шығарманың қай түріне жатады?

Оқушыларды бағалау.

Үйге тапсырма оқып, сахналау



Әдебиеттік оқу пәнінен :Ашық сабақШыбын мен көбелек.

Әдебиеттік оқу пәнінен :Ашық сабақШыбын мен көбелек.Әдебиеттік оқу пәнінен :Ашық сабақШыбын мен көбелек.




Пәні:Әдебиеттік оқу

Тақырыбы: «Шыбын мен Көбелек»

Бастауыш сынып мұғалімі:Исмайлова Гүлфайруз



Бекітемін

Оқу ісінің орынбасары:

Р.Төрехожаева

----------------

Күні:28.11.2015жыл

Сыныбы:4

Пәні:Дүниетану

Сабақтың тақырыбы: Өзендер мен көлдер.
Сабақтың мақсаты. «Өзендер мен көлдер» ұғымының құндылық ретіндегі мәнін ашу.
Сабақтың міндеттері: Білімділік:Қазақстанның өзендері мен көлдері жайында бастапқы түсінік қалыптастыру;
Дамытушылық:Өзен мен көлдерді тиімді пайдалану және сақтау жөнінде пікір,ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік:Өзен көлдерді қадірлеуге, үнемдеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа материалды игеру сабағы:
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ - жауап, кесте.
Сабақтың көрнекілігі: Кітап, физикалық карта мен кескін карта
Пән аралық байланыс: Өзін - өзі тану, дүниетану.
Сабақтың барысы:

Мұғалім әрекеті
- Оқушылармен амандасу
- Оқушыларды түгендеу
(Орындарында шаттық шеңберге тұрғызу.)

- Жылт - жылт еткен,
Жырадан өткен(Су)
********
Жер астынан тесіп шығады, Бұралаңдап, серуен де құрады (Бұлақ)
********
Басталып мұздықтан жол тартар,
Жарыққа, айналып буырқанып,
Сағадан бір шығар. (Өзен)


- Балалар не себепті су, бұлақ, өзен туралы жұмбақ жасырды деп ойлайсыңдар?

Иа балалар бүгін біз Өзендер мен Көлдер туралы оқып білетін боламыз.
(Оқушылар орындарына отырады)

Таулардан өзен ағар сарқыраған,
Айнадай сәуле беріп жарқыраған.
Жел соқса, ыстық соқса бір қалыпта,
Аралап тау мен тасты арқыраған
Өксіген оттай жанып жануарлар,
Өзеннен рахат тауып басылады.- деп жырлаған өзен көлдерді сендер картадан көріп отырсыңдар ма?
Өзен көлдерді қалай білдіңдер?
Жеріміздің қаншама бөлігін су алып жатыр деп ойлайсыңдар?
- 3/1 бөлігін
- Балалар қараңдаршы Қазақстан территориясында көлемі әр түрлі 40 тан астам өзендер бар екен.

Қандай өзендер деп ойлайсыңдар?
- Мыс: Ертіс, Есіл, Жайық, Тобыл, Сырдария, Іле, Нұра,
Көлдер немен толығады
Өзендер көлге құйылады

- Балалар, осы өзен көлдердің қайсысы қай жақта орналасқан?
- Шығыста: Зайсан. Марқакөл, Ертіс
Батыста: Каспий, Арал, Жайық
Оңтүстікте: Алакөл, Балқаш, Сырдария, Іле
Солтүстікте: Нұра, Есіл

- Балалар осы өзен көлдер бойынша
3 сыныпта осы өзен көлдер туралы қандай өлеңдер жаттап едік?

І - топ:
Арайлы таң нұрын шашты күлімдеп,
Шымылдығы ну қамыста дірілдеген.
Үнсіз Зайсан, Алып кептер сияқты,
Қанаттарын Бауырына алған гуілдеп.

ІІ - топ:
Толқындар түсін бояп қара көкпен,
Толқысып ақтық демін алады өктем,
Балығын ілем дей ме Бұқтырманың,
Шүйіліп қыран бүркіт қарап өткен.
ІІІ - топ:
- Ы. Алтынсариннің «Өзен»
Көңілің суын ішсең ашылады,
Денеңде бар дертіңді қашырады.
Өксіген оттай жаанып жануарлар,
Өзеннен рахат тауып басылады.

- Олай болса, адамға өзен көлдің керегі барма?
- Иә, себебі сусыз адамдар өмір сүре алмайды.
Тіпті жан - жануарлар мен өсімдіктерде?
Олар осы өзендер арқылы тіршілік етеді.

- Өзендердің қандай пайдасы бар деп ойлайсыңдар?
- Балықтар ауланады, егістіктер суғарады, тоқ көзін алуға болады.

Жаңа ақпарат
Дұрыс айтасындар балалар. Тұщы судың бірі көзі - өзен. Судың қажеттілігі сондай тіпті қалалар өзендердің жанына жақын салынады екен. Себебі тұщы су өте қажет. Өзендерде
ірі стансалар салынып, су күшінен электр қуаты өндіріледі. Қазақстанда үлкенді - кішілі өзендер өте көп. Мыс: Жайық, Ертіс, Есіл, Тобыл т. б
Көлдердің үлкені - Каспий теңізі, Арал теңізі
Балқаш көлінің суының жартысы - тұзды, жартысы тұщы
Ең тереңі - Байкал
- Осы құндылықтарымызды жоғалтуға болама?
- Жоқ
- Олай болса..

Бекіту (кітаппен жұмыс)
Ы. Алтынсариннің
«Таза бұлақ»әңгімесін оқуға ұсынылады.
- Әй, жолаушы, болсаң осы бұлақтай бол,- деген жазудың мәнін ашады.
- Балаларға оқулықта айтылған. қалалар мен біздің тұратын жерді картадан көрсету ұсынылады.
І - топ: бірінші жолаушы
ІІ - топ: екінші жолаушы
ІІІ - топ: үшінші жолаушы

Шығармашылықпен жұмыс.
І - топ Өзеннің суретін салу.
ІІ - топ Көлдің суретін салу.
ІІІ - топ Өзен және Көлге өлең шығару.

«Бәйге» жарыс. Мақал - мәтелдер (өзен, көлдер туралы)
Өрісіне қарай мал өсер, өзеніне қарай тал өсер.
Көлдің көркі - құрақ, таудың көркі - бұлақ.
Өткелін білмесең, судан өтпе.

Жұмбақ шешу
Еліміздегі ең сулы өзен
Таситын кезі ең жылы кезең.
Шаруашылықта маңызы зор
Табасың оны, ойлансаң, сезем. (Ертіс)
Бекіре балық байлығы болар,
Тасыған кезде арнасы толар.
Кемелер жүзіп еліміз үшін,
Бұл өзен тасымал шаруаға жарар. (Жайық)
Алады басын аласа таудан
Ағатын маңы жазықты аудан.
Жаныңа жақын таныс бір өзен,
Айтпастан бұрын жақсылап ойлан. (Жем)

Өзен қалай пайда болады?
Өзеннің басталатын жері қалай аталады?
Өзеннің сағасы деген не?
Өзен физикалық картада қалай бейнеленеді?

Картамен жұмыс.
Қазақстанның физикалық картасынан ірі өзендерді табайық.
(Ертіс, Тобыл, Есіл, Жайық, Сырдария, Іле, Шу)
Көл деген не?
Көлдердің көлемін қандай болады?
Көлдердің суы қандай болады?
Дүние жүзіндегі ең терең көл?
Көл физикалық картада қалай бейнеленеді?
Физикалық картадан көлдерді көрсету?
Поэзия минуты.
Оқушыларға өзен және көл туралы өлеңдерді жатқа айтқызу.

Рефлексиялық - бағалау кезең.
Тест тапсырмасы:
Құрлық бетіндегі ойыстарды алып жатқан су қалай аталады?
А) Өзен, ә) Көл, б) арық

Су жүргізер тіршіліктің тамырын,
Су жоқ болса, тірлік тамам бауырым.
Судың біздер біле тұра маңызын,
Көп болған соң ұмытамыз, қадірін, - деп сабағымды аяқтаймын.
Үйге тапсырма: Өзен және көлге сипаттама жазу.

© 2010-2022