Әжемнің ауылына барғанда

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Білім беру саласы: Қатынас

Оқу іс - әрекеті: Тіл дамыту

Тақырыбы: «Әжеме қонаққа барғанда»

Мақсаты: Балаларды ауылдың тұрмысымен таныстырып, үй жануарлары туралы түсініктерін кеңейту. Дидактикалық ойындар арқылы танымдық, ойлау қабілеттерін және әлеуметтік құзіреттіліктерін дамыту. Сөздік қорын молайту, тілдің белсенділік қызметін арттыру. Есте сақтау, қабылдау, ойлау, кеңістікті бағдарлауын дамыту.

Көрнекіліктер: Үй жануарларының суреттері, дидактикалық құрал «қазақ үй»,қазан ошақ,

отын,бауырсақтар мен сүт.

1.Сәлемдесу:

«Бәрін білгім келеді,апай білім береді

Дайындалам казір мен

Сәлемдесем бәріңмен

Сәлеметсіздер ме!...»

Тәрбиеші:

Сәлеметсіңдер ме балалар.Әдеттегідей

шаттық шеңберіне тұрайық...

(балалар бірлесіп өлең жолдарын айтады.)

«Күн нұрынан алайық

Алақанға салайық.

Жүрек жылуын алайық

Күн нұрына қосайық.

Жинап алып барлығын

Қонақтарға шашайық!»

(Балалар шашу шашқан кейіпті келтіреді)

Тәрбиеші:Тамаша,енді орындарыңа

отырсаңдар болады.

(Балалар өлең жолдарын жалғастырады)

Балалар:

«...Екі қолым тіземде

Тіп -тік отыр денем де,

Достым артық сөйлеме ,

Сөйлемеймін мен де.»

2.Әңгімелесу:

Тәрбиеші: Өте жақсы, балалар есімізге түсірейікші,

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Қыста ауа райы қандай болады?

-Адамдар қалай киінеді?

-Жылы шұлықты,қолғапты бізге кім тоқып береді?Тоңып қалмасын деп...

-Әрине ,қамқор әжеміз. Бүгін біз әженің үйіне қонаққа барамыз.Әже қыстауда киіз үйде тұрады

,әже көп ертегі біледі,әженің үйінде жануарлары бар . Сендер әжеге барғыларың келе ме?

4.Саяхатқа бару:

Олай болса орнымыздан тұрайық екі екіден жұптасып саяхатқа шығайық.

Жолда абай болыңдар ,казір қыс мезгілі ғой,жер тайғанақ,мұз болып жатыр.

Тоқтаңдар! мына жерде қар қалың екен,қарды омбылап өтуге тура келеді.

Алақай !Міне әженің ауылына да келіп жеттік.

Әже:Алтындарым келіп қалыпты ғой!Келіңдер,келіңдер,төрлетіңдер шырақтарым.Тоңып қалған жоқсыңдар ма?

- балалар мен сендер келгенше ыстық бауырсақ пісіріп қоям деп ем, үлгермедім,сендер маған

көмектесіп жіберіңдер жарайды ма?содан кейін ыстық бауырсақпен шай ішеміз.

5.Ертегі тыңдау:

«Келіңдер, мен сендерге бауырсақ туралы ертегі айтып берейін.(«қазақ үй» күйсандығын қосу)

Әже:Ал ,алтындарым айтыңдаршы ертегі сендерге ұнады ма?Бауырсақтың пішіні қандай балады?Түсі ше?

Балалар:Домалақ,сары.

Әже:Бауырсақты қай жерге пісіреді?

Балалар:Қазанға.

Әже:Дұрыс айтасыңдар,қазанның астына не жағады?

Отынды кім дайындайды,ер адам ба әлде әйел адам ба? (қазан ошақ,отын,әже,ата,

піскен бауырсақ алдын ала дайындап қою)

Балалар:ер адамдар.

Дұрыс айтасыңдар балалар,себебі ,ер адамның күші көп болады.

6.Топтық жұмыс /мүсіндеу:( дайын қамыр кескіндерін таратып беру)

-Ал енді қолдарыңдағы қамырдан домалақтап бауырсақ жасап мына тақтайшаға тізіңдер.

(балалар тапсырманы орындайды)

-Рахмет айналайындар, бауырсақ пісіп самоурынға шай қайнағанша сендер маған жүн түтісіп жіберіңдер ,жарайды ма?Өздеріңе арнап төр көрпе тігіп жатыр едім ( құрақ көрсету) жүн түтісетін адам жоқ , жалғыз өзім, бітіре алмай жатырмын...

7. Жүн түту/саусақ жаттығу (Балаларға жүн таратып беру)

Әже:Айтыңдаршы,жүнді біз неден аламыз?

Балалар:Жүнді біз қойдан аламыз.

8.қазақ халқының мақалын жаттау

Әже:Дұрыс айтасыңдар,қазақ атамыз бекер айтпаған «мал өсірсең, қой өсір,өнімі оның

көл көсір» деп.Қойдың етін жейміз,жүнінен көрпе жасаймыз,жіп иіреміз,шулық тоқимыз.Кане естеріңе сақтау үшін,қайталап айтыңдаршы,бұл мақалды.

Балалар: « мал өсірсең, қой өсір,өнімі оның көл көсір»

Әже:міне бәрекелді,дұрыс болды, дауыстарыңды сағындым ғой,ән айта отырыңдар..

9.Күй сандықты тыңдау,қосыла ән айту

(«Қошақан» әнін қосу, қазақ үй күйсандығынан)

Балалар ән орындайды,жүн тұтеді

10.Дастархан жаю ,дәм тату

Әже:Қарақтарым рахмет, көңіл -күйімді де көтердіңдер,жүнді де түтіп тастадыңдар,

саусақтарыңның бұлшық еттері де дамыды.

Келіңдер мен қолдарыңа су қүйып берейін,қолдарыңды жуып дастарханнан дәм татыңдар.

Бүгін жұма ғой, жеті нан мен бауырсақ жеп сут ішіп алыңдар да кеш батпай үйлеріңе

қайтыңдар,әке шешелерің іздеп қалар.

(Әже құмғаннан су қүйып сүлгі ұсынады,балалар қол жуады,сүлгіге қолдарын сүртіп

дастарханның басына отырады.)

Әже балаларға сүт пен бауырсақ таратып береді,балалар дәм татып болғаннан кейін әжемен қоштасады) балалар жалғыз аяқты жолмен өту үшін тізбекке тұрып жатқан кезде әже

керегенің арғы жағында кимешегін шешіп тәрбиешіге айналады)

11.Қортындылау

Тәрбиеші:балалар ,сендер қайда барып келдіңдер?(әженің ауылына)

Әжеге қалай көмек көрсеттіңдер,не істедіңдер?(бауырсақ жасап,жұн тұтіп көмектестік)

Әже сендерге қандай ертегі айтып берді?

Әженің үйінде қандай жануарлар бар екен?(сиыр,қой,ешкі ,мысық пен ит бар)

Д/О: «Кім қалай дыбыстайды?

Және жануардың дауысын келтіреді.

сиыр - мөңірейді,

Қой, ешкі - маңырайды,

Мысық - мияулайды, ит - үреді

Д/о: «Төлдерді ата»

Сиырдың төлін не деп атайды? - Сиыр төлі - бұзау cүйкімді әрі асау

Ешкінің төлін не деп айтайды? -Ешкі төлі - лақ, тыныш тұрмайды ол бірақ.

Қойдың төлін не деп атайды?-Қойдың төлі - қошақан, өріске қашқан қорадан

Тәрбиеші:жақсы балалар, сендерге бүгінгі саяхат -сабағымыз ұнады ма?

Олай болса келіңдер мен сендерді би алаңына шақырамын...







-Сиыр төлі - бұзау cүйкімді әрі асау

-Ешкі төлі - лақ, тыныш тұрмайды ол бірақ

-Қойдың төлі - қошақан, өріске қашқан қорадан

Қошақаны қойдың,
Қайда қалып қойдың?
Томпиып тұр бүйірің,
Қай өрістен тойдың?

-Сиыр төлі - бұзау cүйкімді әрі асау

-Ешкі төлі - лақ, тыныш тұрмайды ол бірақ

-Қойдың төлі - қошақан, өріске қашқан қорадан

Қошақаны қойдың,
Қайда қалып қойдың?
Томпиып тұр бүйірің,
Қай өрістен тойдың?

-Сиыр төлі - бұзау cүйкімді әрі асау

-Ешкі төлі - лақ, тыныш тұрмайды ол бірақ

-Қойдың төлі - қошақан, өріске қашқан қорадан

Қошақаны қойдың,
Қайда қалып қойдың?
Томпиып тұр бүйірің,
Қай өрістен тойдың?

-Сиыр төлі - бұзау cүйкімді әрі асау

-Ешкі төлі - лақ, тыныш тұрмайды ол бірақ

-Қойдың төлі - қошақан, өріске қашқан қорадан

Қошақаны қойдың,
Қайда қалып қойдың?
Томпиып тұр бүйірің,
Қай өрістен тойдың?

-Сиыр төлі - бұзау cүйкімді әрі асау

-Ешкі төлі - лақ, тыныш тұрмайды ол бірақ

-Қойдың төлі - қошақан, өріске қашқан қорадан

Қошақаны қойдың,
Қайда қалып қойдың?
Томпиып тұр бүйірің,
Қай өрістен тойдың?



© 2010-2022