Өсімдіктер мен жануарлардың «Қызыл кітабы»

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Білім кілті - мектепте» ғылыми-практикалық конференциясы

Өсімдіктер мен жануарлардың «Қызыл кітабы»

Дүниетану пәнінен

Өсімдіктер мен жануарлардың «Қызыл кітабы»ашық сабақ


Қазақстан өсімдіктері мен жануарларының қызыл кітабы




Өсімдіктер мен жануарлардың «Қызыл кітабы»Өсімдіктер мен жануарлардың «Қызыл кітабы»









Өткізген: Адасбаева Ш.Ә.

2-сынып




Алматы 2008


Дүниетану. 2-сынып.

Сабақтың тақырыбы:

Өсімдіктер мен жануарлардың «Қызыл кітабы». Сабақтың мақсаты: Оқушылардың «Қызыл кітап» және оның маңызы туралы мағлұматтар алуына, өз өміріндегі табиғаттың орнын ұғынып, табиғатты қорғау- ізгі іс екенін саналы түсінуіне жағдай жасау.

Сабақтың міндеттері: Оқушылардың өмірден, мұғалімнің түсіндіруінен алған ақпараттарды пайдаланып, өзбетімен зерттеп, дәйек келтіріп, дәлелдей отырып, шешімге келу, ойлау қабілеттерін ұштай түсу.

Естігенін түсіну, ойын айтып жеткізу, дұрыс оқу дағдыларын арттырып, Туған өлке табиғатын сүйіп, қорғай білуіне тәрбиелеу.

Сабаққа қажетті құрал жабдықтар: Проектор; бейнематериалдар «Қазақстан қорықтары», «Сөзжұмбақтар»; «Қазақстанның өсімдіктері мен жануарларының Қызыл кітабы».

Сабақтың көрнекілігі: Кестелер, жануарлар мен өсімдіктердің

суреттері; сабақтағы ойын атрибуттары (хат,

ребустар) Қолданылған әдістер: Топқа бөліп ой қозғау; тақырыпқа қызықтырып бағыттау; сұрақ- жауап, көрнекілік, ойын, оқушылардың мағлұматтарын толықтырып әңгімелеу, қорытындылауға бағыттау.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру: - Оқушылардың құрал жабдығын түгелдеп, сабаққа дайындығын тексеру; Оқушылардың назарын өзіңе алу:

  • Балалар, тақтаға назар аударайық... Суреттерден нені көріп тұрмыз?(Тақтада Қазақстанның өсімдіктері мен жануарларының мекені көрсетілген жер бедері картасы. Қасында адам бейнеленген)
  • Табиғатта олар өзара байланыста дедік. Ендеше:

ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру: «Адамдар, жануарлар және өсімдіктердің өзара байланысы» тақырыбы бойынша төмендегі тапсырмалар әр топқа беріледі:

- Өсімдіктер мен жануарлардың байланысын пысықтау.

- Адам өміріндегі өсімдіктердің және жануарлардың маңызы туралы әңгімелеу.

- Адам жануарлар мен өсімдіктерге не бере алады?

Үлестірме материалдармен жұмыс:

Өсімдіктер мен жануарлардың «Қызыл кітабы»


Балаларға кестелер таратылып беріледі. Кестені толтыру кезінде балалар өз білімін қысқаша қорытындалап көрсете алады. Бірнеше бала ауызша қорытып өлі табиғатсыз тірі табиғаттың күні жоқ, ал тірі табиғаттың өзі өзара тығыз байланысты екенін дәлелдеп айтып береді.

ІІІ. Ой толғау: - Балалар, бізге бір хат келіпті. Бұл хат табиғат

перзенттерінен екенін білеміз. (Хат электронды.

Интерактивті тақтада көрсетіледі.)

Хаттағы келген хабар - жазуларды көрсетіп, мағынасын түсіну:

« көмектесіңдер», «sos», т.с.с.

  • Балалар, бұл хат қайдан келді? Олар неге бұндай хат жазды екен?

  • Ал хаттың, ондағы жазулардың түстері неге қызыл деп ойлайсыңдар?

Оқушылардың жауабын талдап, қызыл түстің «қауіпті» , « тыйым

саланады» дегенді білдіретінін анықтай түсу. Мысалы жол белгілерінде.

- Ендеше, олар қауіп төнгенін хабарлап, бізден көмек сұрап тұр екен ғой...

ІV. Мағынаны ашу:

- Өсімдіктерге қандай қатер тууы мүмкін?

Оқушылардың жауабын тыңдап, толықтыра отырып, 108 беттегі 2-3-абзацты оқыту. Осы абзацтағы ең маңыздысын анықтап , түсінуге , ойын айтып жеткізуге әрекет етеді.

- Ал жануарларға қандай қатер тууы мүмкін?

- Құстарға да көп қатер тууы мүмкін... Оқушылардың жауабын тыңдап, толықтыру, тақтада топтастыру жасау.

- Енді қайттік , балалар?

- Ендеше, «Табиғатты қорғау- игі іс» дегенді қалай түсінесіңдер?

- Қазір табиғатты қорғау қалай жүзеге асуда?

Балалар Қорықтар құрылғанын, ЭКОпосттар жұмыс істейтінін, түрлі бейнефильмдер түсіріліп, көрсетілетінін,ол туралы мектептер мен балабақшадан ақ айтылатынын бәрін айтып береді.

«Қазақстан қорықтары» туралы бейнематериалдан тамашалап, стендке шолу жасау.

- Табиғат қазір қорғалады дейміз. Олай болса, мынандай хаттар неге әлі де

келіп жатыр?

Оқушы жауаптарын тыңдап, толықтырып, талдау.

- Сонымен қатар, Қызыл кітап та табиғат қорғаушысы болып табылады деп айтып жатырсыңдар. Бүгінгі сабағымызда осы Қызыл кітапқа тоқталамыз.

- «Қызыл кітап» туралы не білесіңдер?

- Ол кітапта нелер жазылған?

- Ол кітапқа қандай өсімдіктер мен жануарлар енгізіледі?

Оқушылардың жауаптарын толықтырып, Қызыл кітаптың маңызын ашу.

- Ол неге «Қызыл кітап» деп аталады?

Ең бірінші параграфты оқыту, пысықтау, толықтыру. Тақтаға қажетті мағлұматтарды қысқаша жазып тұру,ертеңгі балалардың жауап беруіне оңай болу үшін:

1948 жылдан бастап табиғатта кейбір жануарлардың жоғалып бара жатқанын байқап, адамдар оларды тіркеуге ала бастады. Оны 1963 жылы кітап етіп шығарды. Ал 1966 жылы ағылшын ғалымы Питер Скотт «Қызыл кітап» деп атауды нұсқады. Егер бір жануар осы кітапқа енсе, оны қорғауға әр мемлекет міндетті деген сөз. Егер оған бағынбаса заңға тартылады.

Ал Қазақстан Қызыл кітабы 1978 жылы І том болып шықты. Оған жоғалып бара жатқан жануарлар енді. 1981 жылдары ІІ томы жинақталып, 1991 жылы екінші рет басылып шықты. Соңғы басылымы 1996 жылы шыққан екен.

«Қызыл кітапта бәрі мынындай топтарға бөлініп жазылады:

  1. Жойылып бара жатқан жануарлар, өсімдіктер мен құстар;

  2. Саны кеміп бара жатқандар;

  3. Жалпы өте сирек кездесетіндер;

  4. Анықталмаған, толық зерттелмегендер;

  5. Саны қайта қалыпқа келе жатқандар;

- Осындай жоғалып бара жатқан қандай жануарлар немесе өсімдіктерді

білесіңдер?

- Қазақстанның Қызыл кітабына шолу жасайық:

Оқушылардың жеке жұмысы:

Үйден өзбетімен жоғалып кету қаупі бар бір нысана (өсімдік, жануар) тауып, суретін салып, ол туралы мәліметтер жинап, хабарлама жасайды.

Мүмкін т»(ақырыптары: Дермене. Таусағыз. Грейг қызғалдағы. Құлан. Қарақұйрық. Дуадақ, т.б.

- Балалар, бұл Қызыл кітапқа енген жануарлар мен өсімдіктердің тек азы ғана. Өздерің тауып келген жоғалып бара жатқан жануарлар мен өсімдік, құстарыңды Қызыл кітаптың қай бөліміне енгізер едіңдер?

Оқушылар өз шешімін негіздейді. Үйден салып келген жануар немесе өсімдігінің суреттерін тақтадағы бөлім атаулары жазылған тақырыпшалардың астына тиісті бөлімге орналастырады.

- Балалар, табиғатты мына сендер, тап бүгін қалай қорғай аласыңдар?

- Жалпы табиғат қорғауды тағы қалай ұйымдастыруға болады?

Барлық табиғат өкілдеріне, үйдегі, мектептегі жасыл-желекке қамқорлық; табиғатты ластамау; оқу құралдарын ұқыптап ұстау (оқу құралдары, қағаз ағаштан жасалатынын ұмытпау)

Оқулақтан абзацтан оқып пысықтайды.

V. Ой толғаныс кезеңі:

Топпен жұмыс.

  1. Өсімдіктер мен жануарларға қандай қауіп төніп тұр?

  2. Оларды неге қорғау керек?

  3. Табиғатты қорғауға сендерге кімдер көмектесе алады, кімдерді көмекке шақыру керек деп ойлайсыңдар?

VІ. Сабақты қорытындылауға бағыттау:

  • « Табиғатты қорғау- ізгі іс» дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Ал Қызыл кітап табиғатты қорғауда қандай орын алады?

VІІ. Сабақтың соңы:

- Үйге тапсырма: Оқулықпен жұмыс. Сұрақ, тапсырмаларды пысықтау.

Сыныпқа Қызыл кітап жасап қою. Ал оқушылар соған енгізетін хабарламаларын материалдар ретінде жинап, келесі сабаққа дайындап әкеледі.

VІІІ. Оқушылардың жұмысын бағалау.



© 2010-2022