Урок по дүниетану на тему: Сақтандырғыш рең туралы

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Тесты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Сақтандырғыш рең туралы

Мақсаты: 1.Жәндік тіршілік сақтандырудағы бүркеніш, қорғаныш, сақтандырғыш реңнің маңызы салыстырмалы сипаты туралы алғашқы түсінік беру.

2.Өмірде көрген білгендерін толықтырып, дамыту.

3.Табиғатты сүюге, қорғауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: суреттер бунақденелілер

Әдісі: сұрақ-жауап,әңгімелеу, талдау, түсіндіру,

Түрі: аралас сабақ

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

Бүркеніш рең , тізбектей оқыту, мазмұндату.

ІІІ. Білімдерін тексеру:

-Бунақденелілерге нелер жатады?

-Сурет бойынша бұл не?

-Ойынын ойнату.

-Жануарлар-өсімдік, жануарлар-жануарлар қарым-қатынасы туралы ұғым.

-Бунақденелілермен қоректенетін жануарлар.

-Бунақденелілердің табиғаттағы маңызы.

Сергіту сәті.

ІҮ. Мақсат қою кезеңі:

Сақтандырғыш рең

Ү. Жаңа сабақ:

а/ Жаңа сабаққа берілген мәтінді оқып, проблемалық сұрақ қою арқылы мазмұнын түсіндіру. / Негеш энциклопедиясын қолдану/.

ә/ Мәтінді іштей оқыту.

Тізбектей оқыту.

ҮІ.Түсінгендерін тексеру:

Ошаған көбелек құстардан қалай қорғанады. /Қанатын жинап ағаштың бұтағына қыстырылып қалады/ оның қанатының асты басқа түсті.Ал кейбіреулері жасыл жапыраққа ұқсайды. Ал кейбір көбектер қанатын жайып жіберіп, гүлге қона қалғанда, гүлден айнымай қалады. Қарашыбын қалай қорғанады? /қарашыбын кенеттен түрленеді. Үсті түкті,арадан аумай қалады./ Қанқызының үсті толған ноқат, қып-қызыл ол қалай қорғанады? Денесінде тиген жерін күйдіретін сұйық зат бар. Оны қауіп төнген кезде шығарады. Аузын күйдіретіндіктен құстар оны жемейді. Бұның бәрі - сақтандырғыш рең. Көбелек пен шегіркелердің аталған бейімділігі бүркеніш рең деп аталады.

ҮІІ. Сабақты бекіту

-.Біз бүгін не білдік?

-Бунақденелілер өз жауынан қалай қорғанады?

-Табиғат туралы мақал-мәтелдер айту.

- Сабақты қорыту, бағалау.

ҮІІІ .Үйге тапсырма:

Оқу, мазмұны



© 2010-2022