Ә дыбысы және әрпі

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мектепалды даярлау класы

ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті бойынша технологиялық карта

Білімдік саласы: Қатынас

Бөлімдері: Сауат ашу және жазу.

Тақырыбы: Ә дыбысы мен әрпі.

Мақсаты: Ә дыбысы мен әрпін меңгерту; буынға дыбыстық талдау жасауға үйрету. Байланыстырып сөйлеуін дамытып, сөздік қорын байыту, тыңдай білуге, бір-бірін сыйлауға тәрбиелеу; қызығушылығын арттыру.

Көрнекілігі: әтеш, әже, жәшік, әшекей, әскери адам, әуе көліктері, т.б. суреттер. Ә әр-к таңб-ы, буындар, 5-6 санамақ таяқша, дауысты мен дауыссыз үйі, әліппе дәптер.

Әрекет

кезеңдері

Тәрбиешінің -әрекеті

Балалардыңіс-әрекеті

Дәлелдеу-ояту


Жұмбақты еске түсірейік:

Жалғыз таяқ боп тұр, Төбесінде доп тұр

Мына әріптерді тап? ң,ұ,ж,ы,с,б,м,д,қ,о.

Жұмбақ шешейік:

А) Бұрап қойған сағаттай айқайлайды таң атпай. Ол не?

Ә) Мамаңның мамасы, папаңның мамасы, Кім болар саған ойлап, қарашы?

Б) Білезік, сақина, сырға мен алқаны бір сөзбен не дейміз?

Осы сөздерді қайталайық: Әтеш, әже, әшекей

Әтеш, әже, әшекей

Ұйымдастыру-іздену






-Бүгін біз қандай жаңа дыбыспен танысамыз екен?

Айтып көрейікші….

-Ол дыбыс қалай айтылады? Ұзақ па, әлде қысқа ма?

Ендеше ол қандай дыбыс болғаны? Егер ұзақ айтылса қандай дыбыс болады? (дауысты ма, дауыссыз ба?)

Ә дыбысы дауысты. Ол қай үйге қонақ болады?

Дыбыстарды не істейміз?

Ол дыбысты айтқанда, тісіміз, тіліміз, ерніміз қалай орналасады?

Енді осы дыбыстың әріптік таңбасы мынау екен(таңб-таныс-ру)

Әріпті не істейміз? Неге ұқсайды екен?

Әліпбиден табайық, Шашылған әріптердің арасынан Ә әрпін таба аламыз ба?

Сергіту сәті «Әтеш»

Әліппе дәптердегі суреттерді қарайық . Ә дыбысы сөз басында, ортасында, аяғында келеді)

Қолға қалам алайық.Ауаға біз жазайық (ауаға жазып түсіндіру

Дәптерімді ашамын.Әдемі етіп жазамын.Дәптерге басып жазамыз.

Жазып болған бала санамақпен белгілеп көрсетсін

Кешегі өткен К, ж, с, әрпімен қосып буын құрай аламыз.

Буын оқыту. Қосып оқу

Мына буыннан сөз құра әс.., кә.., әж.., жә.., сә..,

Ә дыбысымен

Ә-ә-ә

ұзақ

Дауысты

Қызыл,

Дыбыстарды естиміз, айт-з

Әріпті көреміз және жаза-з

Балалар жауаптары.

Дәптермен жұмыс.

Кә, әк, жә, әж, сә, әс

Рефле

түзету



Е дыбысы бар сөздерді суреттен айту, ойлап айту: «сөз ойла, тез ойла» допты әр балаға лақтыру, алдымен ойланып алуға мүмкіндік беру. Суреттердегі сөздерді буынға бөлу.

Сонымен бүгін қандай әріпті үйрендік?

(Уақыт қалса ойын егер Әдыбысы бар сөз естісеңдер қол көтер еміз, болмаса қолымызды тізеге қоямыз.) Өлеңді оқу 53б. Әліппе серігі «Таныстырар...»

Күтетін нәтиже: Білу:Ә дыбысы мен әрпін білді.

Игеру: Ә дыбысы мен әрпінің әріптік, дыбыстық таңбасын танып,жазыпажыратуды игерді.

Меңгеру: Ә дыбысы бар сөздерді, ойлап және сурет арқылы айтуды, буындарды оқуды меңгерді.



© 2010-2022