Открытый урок. Письменное и устное сложение и вычитание. Математика 2 класс

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат rar
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Открытый урок. Письменное и устное сложение и вычитание. Математика 2 класс.Сабақтың мақсаты:

"Қызықты математикалық ойындар"
атты сайыс
Білімділігі: Оқушылардың математикалық білім қабілеттерін тексеру,алған білімдерін пысықтау. Дамытушылығы: Мұндағы өлең-есептер,ертегі есептер,сөзжұмбақты шешу арқылы логикалық ойлау қабілетін дамыту. Тәрбиелілігі: Пәнге қызығушылығын арттыру. Оқушылардың өз ойын еркін айта білуге қалыптастыру.Оқушыларды ауызбіршілікке ,ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Туған жерінің табиғатын сүюге,қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Танымдылық ойын сайыс сабақ

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап,көрнекілік.ізденушілік,ойын , құрастыру

Көрнекілігі: Сөзжұмбақ, бейнелі сөз, санамақ, викторина, интерактивті

тақта ,тест, ертегі есеп, өлең есеп, слайд.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру бөлімі:

-Құрметті ұстаздар,оқушылар сіздер 2 сыныптар арасында өтетін «Қызықты

математикалық ойындар» атты сайыс сағатына қош келдіңіздер!.

Сайысымыздың негізгі мақсаты әртүрлі математикалық ойын тапсырма-

ларды орындау арқылы білімдерін, одан әрі тереңдету. Алған білімдерін

пысықтау.

Сайыс сағатымызда өлең есептер,ертегі есептер, сөзжұмбақтар ,бейнелі

сөздер беріледі. Солардың жауаптарын дұрыс айтуларыңыз керек. Әр дұрыс

айтылған жауаптарға ,бір ұпайдан қосылып отырады.Сайыста ұпайды көп

жинаған топ «Жас математик» номинациясына ие болады.Ал ұпайды аз

жинаған топ сайысқа белсенді қатысқаны үшін «Алғыс хатпен» марапат-

талады.

Уа,халайық,халайық

Бәріне жар салайық

Бүгінгі кеш төрінде

Математика елінде

Есеп шешіп жарысып

Жұмбақ шешіп аңдысып,

Шабыт тасып ,шалқысып

Көңілді кеш жасайық

Жұмбақ шеру шашайық

Мұнда қызық табылар

Жұмбақ,есеп бәрі бар

Ал,сайыскер балалар

Білімдеріңді сынайық.-деп

І. Бүгінгі сайыс сағатында сынға түсетін екі топпен таныстырып өтейін.

«Алғырлар» тобы 1) Топ басшысы- Ергашева Мөлдір

«Білгірлер» тобы» 1) Топ басшысы-Абулова Ару

Енді сөз кезегін топтарға берейін,өз топтарын өлең жолдары арқылы

таныстырып өтсін.

«Алғырлар» Озып шығып бәйге аламыз

Аты аңызға айналған

«Алғыр» бала атанып

Бізде ғалым боламыз.

«Білгірлер» Мақтанбаймыз «білгірміз» деп

Таудай бірақ талабымыз

«Білгір» бала атанып,

Келешекте өскенде

Үлкен ғалым боламыз.

Мұғалім: Бүгінгі сабағымызды ерекше көңілмен бастау үшін көзімізді

жұмып, мына әсем әуеннің сазына құлақ түрейік. (Әуен ойнайды)

«Жасыл дала,құлпырған қып-қызыл гүлдер,сарқырап аққан

мөп-мөлдір су,жайқалған ағаш,ашық аспан,жарқырап күлімдеген

күн сәулесі» .

Осы сезімге беріле отырып,көзімізді жаймен ашайық.

Арайлап нұрлы таң атты,

Алтын сәуле таратты.

Жарқырап әсем табиғат,

Желекке бөлеп аймақты.

Оқушылар қандай көрініс көріп тұрық.? Әсем табиғаттың.

ІІ. «Сөзжұмбақ»

Ендеше мен сіздерге проблемалық ой тастағым келіп тұр. Жаздың бір шуақты күнінде Асқар мен Болат ата-анасымен бірге көлдің жағасына дем алуға барады.Асқар мен Болат суға шомылып,күнге қызды- рынып болған соң,анасы оларды тамақтануға шақырады.Тамақтанған соң ойнады. Кетер кезде әкесі оларға қарбыз жарып берді.Қарбызға тойған соң,олар қабықтарын көлге лақтырып ойнады.Анасы тамақ ішкен ыдыстарын салып алды да,тамақтың қалдықтарын көлге,лақтырып қалған қоқыстарын

жинамастан балаларына:

-Тез машинаға отырыңдар,үйге қайтамыз- деді.Сөйтіп олар машинаға отыр-

ып кете берді. Табиғатымыз қоқыстанған,ластанған.Соны тазалау үшін ,өз үлестеріңізді қосуларыңызды сұраймын. Ол үшін «Сөзжұмбақ» шешулеріңіз қажет. Сонда әсем табиғатымыз қоқыстан тазартылады.

Ей,балалар,балалар,

Қане бері қараңдар

Сайысымызды бастайық

Сөзжұмбақты қиналмай

Лезде шешіп тастайық.

«Алғырлар» 1.Ең кіші үш таңбалы сан. Жүз

2.Қабырғалары тең тік төртбұрыш. Шаршы

3.Төрт ондықтан құралған сан. Қырық

4.Ең үлкен бір таңбалы сан. Тоғыз

5.Кеміту амалы. Азайту

«Білгірлер» 1.Бір таңбалы сан Бір

2.Геометриялық фигура. Төртбұрыш

3.1 дм неше см бар 10 см

4.Ең кіші уақыт өлшем бірлігі. Секунд

5.Дөңгелекті басқаша қалай атаймыз. Шеңбер

Әсем табиғатымызды, суымызды таза ұстасақ ауа да таза болады. Таза ауамен дем алсақ,денсаулығымыз да мықты болады.

Жолдау. Міне оқушылар Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өз жолдауында : «Қазақстан ауасы таза, суы-мөлдір,жасыл желекке айналуы тиіс»,-деген болатын.

- Балалар ,біз даламызды жасыл желекке айналдыру үшін қандай үлес қоса

аламыз? - Қоқыстан тазалаймыз, ағаш отырғызамыз, гүл егеміз. Ендеше, балалар, табиғатымызды таза ұстап, қамқорлыққа алып, гүлдер егіп, даламызды жасыл желекке айналдыру-болашақ ұрпақ сендерге байланысты.

Сондықтан өз үлесімізді қосайық..

ІІІ. «Ағаш отырғызамыз» (ребус шешу)

Ағашты жақсы етіп отырғызбасақ,ол дұрыс өспей қалады.Ад сіздердің ағашты дұрыс отырғызғандарың , тапсырманы дұрыс орындағандарын болып саналады.

1- ағаш тапсырмасы:

«Баспалдақ» ойыны


«Алғырлар» 90 +10=80 «Білгірлер»

24+2=26 35+2=37

38-8=30 56+1=57

72+2=75 40-10=30

25+3=28 24+3=27

40-20=20 80-50=30

2-ағаш тапсырмасы:


«Математикалық бейнелі сөз» шешу

«Алғырлар» тобына


,

Т 100 У (түзу)

«Білгірлер» тобына.

г

к

С 2 З (сегіз)

Сергіту сәті: Жапырақтары жайқалып,

Биік ағаш өседі.

Самал желмен тербеліп,

Бұлттар жылжып көшеді.

- Тағы қандай үлес қосамыз.

- Гүл егеміз.

- Жақсы. Бірақ гүл егу кез-келген адамның қолынан келе бермейді. Оны баптап күту қажет.

IV. Қызғалдақ тапсырмасы.

«Ұрылар мен кемпір» ертегі есеп. Ертеде байлардың есігінде жүріп күн кешкен, панасы жоқ жалғыз кемпір болыпты. Жаз шығып ел жайлауға көшкенде, сүйенері жоқ кемпір жалғыз сиырын ұрламақ болып ұрылар келеді. Кемпір: «Бұлар менің жалғаз сиырымды нысанаға алмақ болған екен,мен де бұларды алдайын», - деп ойлайды. Сөйтіп жалман - жан бір шелек суды сапырып отырып, мынадай өлең айтыпты:

«Сапырып-сапырып Арманға бер,

Құйып-құйып Алмасқа бер,

Есіктегі екеуге бер,

Төрдегі төртеуге бер, Өзің іште маған бер», - деген екен. Мұны естіген ұрылар:- « Қой мұнымыз болмас үй» толы кісі ,әрі бізден екі есе көп,кетейік»,-деп кетіп қалыпты. Кемпір тапқырлығымен ұрыларды осылай қорқытыпты. Сонда үйде адам нешеу? Жауабы: 10 адам.

V. Енді әсем табиғатымызға көрік беретін құстар жетіспейді, қәне құстары-

мызды шақырайық.

Құстар біздің досымыз

Біз қамқоршы боламыз

Құстарға ұя саламыз

Жем су беріп жаз бойы

Балапанын бағамыз.

1-құс «Аққу» тапсырмасы

14 шырпыдан метр деген сөзді құрастыру керек.

2 -құс «Кептер» тапсырмасы.

Екі топқа ортақ өлең есеп оқылады.

Қай топ оқушыларының ойлары жүйрік екендігін анықтау.

Кел балалар, ойнайық

Қандай есеп болсада.

Шешпей оны қоймайық.

Ал, тыңдаңдар,тыңдаңдар.

Асығыстық қылмаңдар.

Асықпайық дегенге.

Бөгеліп те тұрмаңдар.

Көлден ұшты 50 қаз, 6 аламаның 2-уін

Қайтып қонды 20 қаз Досың сұрап алады.

Қонбады оның нешеуі, Айтшы сонда нешеуі

Қане кім тез шешеді? (30 қаз) Өз қолыңда қалады. (4)

Аулада 60 үйрек, 11 түйе,бес жылқы.

Қорада 20 үйрек, 2 сиыр,бір ешкі

10 үйрек тығылды 2 қоян,үш түлкі,

10 үйрек жығылды, Болды сонда нешеуі? (24)

Қалғаны неше үйрек? (70 үйрек)

Табақта 55 алма 100 асықтың 30-ын,

Қолымда 5 алма Досым сұрап алды

Барлығын қосқанда Айтшы сонда нешеуі

Болады неше алма? (60 алма) Өз қолымда қалады. (70 асық)

3-құс «Тоқылдақтың» тапсырмасы. Топ басшыларына тест сұрақтары

1- топ 2-топ

1. Амалды орында: 1.Амалды орында:

27 + 42 28 + 32

а) 69 а) 60

ә) 47 ә) 61

б) 29 б) 62

2. 1 жылда қанша ай бар? 2. 1 аптада қанша күн бар?

а) 12 а) 7

ә) 18 ә) 14

б) 36 б) 21

3. Сатылғаны-10 л 3. Кесе - 70 теңге

Қалғаны - 30 л Қасық - 30 теңге

Болғаны - ? Барлығы - ?

а) 10 а) 40 теңге

ә) 33 ә) 90 теңге

б) 40 б) 100 теңге

4. Салыстыр: 8 жүздік * 6жүзд 4. 9 жүзд * 5 жүзд

а) < а) <

ә) > ә) =

б) = б) >

5. Минутпен өрнекте: 5. Сағатпен өрнекте:

2сағ 20 мин = 1 тәуілік 4 саға=

а) 120 ә)140 б) 160 а) 20 ә) 28 б) 24

Мұғалім:

Сонау-сонау алысқа,жүзсін десең кемелер,

Тылсым-сырлы ғарышқа , ұшсын десең денелер,

Жасау үшін бәрің де

Математика-

Ең маңызды ғылым бұл,

Сондықтан да, сондықтан да сол ғылымның тілін біл.

- Осымен ,балалар «Қызықты математикалық ойындар» атты сайыс сағатын аяқтай отырып. Елбасымыздың жолдауына үн қоса отырып,табиғатымызды қорғай білейік,оның гүлденіп көркеюіне үлесімізді қоса жүрейік дегім келеді. Жеңімпаз топты анықтап «Жас математик» номинациясын беріп, ұпайды аз жинаған топ белсенді қатысқаны үшін «Алғыс хатпен» мадақтап марапатталады.

Сау, болыңыздар!

7


© 2010-2022