Тәрбие сағаты Жігіт сұлтаны

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Жігіт сұлтаны» сайысы

Мақсаты:

Жігіттерімізді батырлыққа, шешендікке, тапқырлыққа, имандылыққа тәрбиелеу.

Армысыздар ағайын, құрбы-құрдас!

Бармысыздар, жан күйер әз-қауымдас!

Бүгінгі кеш сайысты біз бастайық

Сайыста көңілменен қол соғалық.

Біздерде ойын-сауық басталады,

Тамаша күй тартылып ән салады.

Қошеметтеп қол соғып отыралық,

Ұмытарсыз күні бойғы шаршағанды.

Бағына бақытты елдің туған ұлан,

Бойына бар асылды жиған ұлан.

Қазақтың қасиетті Жігіттері,

Жанына нұр дарыған, жыр дарыған.

Дария ой, даналардан бата алғандар,

Айнымас алмас қылыш атанғандар.

Қазақтың қасиетті Жігіттері,

Халқына қалқан болған қаһармандар - деп, Махмұтбай Әмірұлы ағамыз жырлағандай халқымыздың әдет-ғұрпында отбасына ұл баланың келуі «Ұл туғанға күн туған» - деп ерекше оны бақыт санаған. Оның себебі қазақта отбасының жалғасы, шаңырақтың иесі ұл бала болып есептелген. Халқымыз ұл бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Ер баланы адамгершілікке, батылдыққа, ептілікке, имандылыққа баулыған. Бүгінгі ХХІ ғасыр білім мен ғылым дамыған заманда Жігіттеріміздің үлкен белес асулардан көрінуі елге әкелген бақытпен тең. Олай болса Жігіттеріміздің батырлығын, ептілігін, білімдерін, ақылдығын тамашалайық.

Уа, халайық, халайық,
Мұнда назар салайық.
Ата жолын жалғамақ,
Ел дәстүрін қолдамақ.
Ел намысын қорғамақ.
Жігіттер шықсын ортаға,
Бүгін сұлтан атанбақ.

Құрметті көрермен қауым қол соғып, қошеметтеп жігіттерді ортаға шақырайық.

1. Сөз тауып күн қылатын көңіл күйді,

Мектепте өнерімен болған сыйлы.

Бітіруші бастауыштың ер Жігіті,

Шақырайық ортамызға ................... ұлды - 4 «А»-сынып оқушысы

2. Спортпенен білім жағын бір қосқан

Кем қалмаған талантпенен табысқан

Қараңыздар ............................. ортада

Тауды бұзар шын кіріссе намыстан - 4 «Б»-сынып оқушысы

3. Біледі ол жақсы менен жаманды

Өнерменен тамсандырған адамды

Қошеметтеп шақырайық ортаға

................. атты Жігіт болған сабазды - 3 «А»-сынып оқушысы

4. Еңбексүйгіш, таудай талап бойында,

Барлық істі тыңдау бар ойында.

Жанболатұлы ...................... Жігітті,

Шақыралық қошеметпен ортаға - 3 «Б»-сынып оқушысы

5. Біледі ол жақсы менен жаманды,
Өнерімен тамсандырған талайды.
Талай қыздың жүрегін ол жаралар,
Шақырайық 2 «А»- дан ........................

6. Білімді, өзі алғыр жан - жақты,
Ақыл десе өз - өзіне айбынды.
Мақтанышы мына біздің 1 «А»- ның
Ортамызға шақырайық .........................

Енді сайыстың бағдарламасымен таныстырып өтсем:

1. «Таныстырсам өзімді» - таныстыру

2. «Сегіз қырлы бір сырлы» - өз өнерін көрсету

3. «Құралайды көзге атқан» - нысана көздеу

4. «Шебердің қолы ортақ»- ермексаздан мүсіндеу шеберлігі (10 мин)

5. «Ескірмейтін есті сөз» - танымдық сұрақтар

Бүгінгі байқауға қазылық ететін әділ-қазылар алқасымен таныстырып өтейік:

1. ......................................................................................................................

2. ......................................................................................................................

3. ......................................................................................................................

4. ......................................................................................................................

5. ......................................................................................................................

Жігіттер келіп жетті танысуға,
Бойындағы бар дарынды дамытуға
Қорықпастан сахнаға келіп жетті
Әдеппен сіздерменен танысуға - дей келе жігіттерімізге сәттілік тілейміз.

І.Ей, тәкәппар дүние,

Маған да бір қарашы

Танимысың сен мені

Мен қазақтың баласы - деп ақын ағаларымыз жырлағандай сайысымыздың

І-ші кезеңі «Таныстырсам өзімді» - деп аталады.

ІІ. «Еңбек ердің - санаты, білім елдің қанаты» демекші адам ақыл - парасатымен сұлу, ақылды Жігіт ата-анасының жанып тұрған шырағы емес пе? Қазақта Жігіттерді былай деп атаған!

«Көсем Жігіт» - ел басқаратын Жігіт,

«Шешен Жігіт» - дау шешетін Жігіт,

«Батыр Жігіт» - еліне қамқор Жігіт,

«Сері Жігіт» - аттың жүйрігін мініп, иттің алғырын ертіп, мың құбылтып ән салып, күмбірлете күй тартатын өнерлі Жігіт.

Олай болса сері Жігіттеріміздің өнерін тамашаласақ. Келесі шартымыз «Сегіз қырлы, бір сырлы» деп аталады. Бұл шартта Жігіттеріміз өз өнерлерін көрсетеді.

ІІІ.Би болатын Жігіттің,

Төбеде болар жұмысы.

Мерген болар Жігіттің,

Мергендік болар жұмысы - дегендей ендігі кезекті Жігіттеріміздің мергендігін сынау мақсатында «Құралайды көзге атқан» нысана көздеу шартына береміз

ІҮ.Жігіттің көркі өнері,

Талап - кісі мұраты.

Өнер қалмақ артында,

Дүниенің өшпес шырағы. Өнердің қадірін білген, бабаларымыздан қалған бұл сөздердің қасиеті бүгінгі күнге дейін жалған емес. Соның айғағы ретінде сайыскерлерімізге берілетін келесі шарт «Шебердің қолы ортақ» деп аталады. Ортаға қатысушы талапкерлерімізді шақырамыз. Әділ қазы алқасы уақытты белгілесе.

Ү. Ей, Жігіттер!

Сендерге биік ата - салтын құрметтеп,

Ақтай білсең ата-баба үмітін,

Әрбір сөзі - тәлімі мол бір мектеп.

Жігіттеріміздің өнерлерін, мергендіктерін тамашаладық. Енді ақыл-ой тереңдігін, ой ұшқырлығын сарапқа салатын да кез келген сияқты. Олай болса келесі шартымыз «Ескірмейтін есті сөз» деп аталады. Бұл шартта Жігіттеріміз сұраққа жауап береді

1. Сіз дүкенге нан алуға келе жаттыңыз. Дүкенге кірдіңіз. Дүкенде орыс қыз тұр екен. Сіз не деп сұрар едіңіз?

2. Мектепке кешігіп бара жатырсың. Уақыт таяп қалды. Кенеттен құрбың қоңырау шалып, қатты ауырып жатқандығын айтып, дәрі алып келуін өтінеді. Бұл жағдайда қандай әрекет жасар едің?

3. Сен математикадан есеп шығарып келдің, досың сенен көшіріп алды. Сенен кеткен қатені ол байқап, өзіне қатесіз жазды. Үй жұмысынан сен «4» деген баға, ал ол «5» деген баға алды. Сен бұдан қалай шығасың?

4. Досың қатты ауырып ауруханада жатыр. Өте қымбат дәрілер керек. Оның жағдайы жоқ. Сен не істер едің?

5. Анаң сабақтан қайтқанда нан ала кел деп ақша берді. Сені үйдегілер күтіп отыр. Досың да анасы нан ала кел деген ақшасын жоғалтып алып не істерін білмей тұр. Сен не істейсің?

6. Сенің досыңды үлкен балалар күш көрсетіп соғып жатыр. Сенің оларға шамаң жетпейді. Сен не істейсің?

Достарым, түсініңдер сөздің нарқын,
Әр кезде бола берсін жүздер жарқын.
Мәңгілік жоғарылап жұлдыздарың,
Бақытқа бөлеңдерші қазақ халқын.

Ортаға Жігіттерімізді шақырамыз. Сайысымызды қорытындылау үшін директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары .......................................................................................................................... береміз.

Бүгінгі сұлтандарымыздың, нағыз қазақ жігіттерінің бәрі де тамаша өнер көрсетті. Бұл олардың ертеңгі үлкен сынға қадам басқан бастауы ғана. Әрқашан сыналған шақта сүрінбей, қадамдарыңа нұр жаусын дейміз!
Өркендерің өссін, мерейлерің үстем болсын! Келесі кездескенше, күн нұрлы болсын! Сау саламатта болыңыздар!





© 2010-2022