2 сынып Қазақ тілі Жалғау

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы:Жалғау

Сабақтың мақсаты: жалғаудың сөз бен сөзді байланыстыру үшін қолданылатындығын түсіндіру;

Пәндік нәтиже:жалғаудың сөз бен сөзді байланыстыру үшін қолданылатындығын, жұрнақтың сөздің мағынасын өзгертетін қосымша екенін ұғындыру;

Тұлғалы нәтиже: жинақылыққа, берілген тапсырманы тиянақты орындауға, бір-біріне көмек қолын созуға тәрбиелеу.

Жүйелі-әрекеттік нәтиже:сөздің түбірі мен қосымшасын ажырата білуге үйрету; сөздік қорларын арттыру. сөздерге жұрнақты дұрыс жалғай білуге үйрену; сөз құрамына талдау дағдыларын арттыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, кесте

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, өзіндік

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Кезекші мәліметін тыңдау, назарларын сабаққа аудару.

Психолгиялық дайындық.

Сыныпта біздің тыныштық,

Естілмейді дыбыс түк

Мұны біз де қоштаймыз

Кешіккенді тоспаймыз

Күнделікті қызықты

Кезекті сабағымызды бастаймыз.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

5- жаттығуды тексеру. Жалғауы бар сөздерді тауып, көшіріп жаз.

ІІІ. Үй тапсырмасын қорыту.

Пысықтауға арналған тест тапсырмасы:

1 Қосымшаның неше түрі бар?

А.4

ә.2

б.3

2.Жұрнақ жалғанған сөзді тап.

А.көлдер

ә. Батырлық

б.досқа

3.Жалғау жалғанған сөзді тап.

А.қобызшы

ә.гүлді

б.сусын

Ереже сұрау.Мысал ойлату. Оқушыларды бағалау.

ІҮ. Мақсат қою. Жалғау туралы білімімізді толықтырамыз.

Жаңа сөздер жасайтын,

Жұрнақ атты ұлы бар.

Сөз бен сөзді қосатын ,

Жалғау атты ұлы бар. Бұл не ?

- Қосымша дегеніміз не?

- Жұрнақ дегеніміз не?

-Жалғау дегеніміз не?

Ү. Жаңа сабақ.

1-жаттығу.Жаңбыр тамшыларынан өшірілген жалғауларды тауып жаз.

Ернар шахмат... жеңімпаз атанды.

Пияз адам... денсаулығына пайдалы

Сулы жер... көкөніс жақсы өседі.

Үсен ауылдан пойыз ... келді.

2-жаттығу. Мәтінді оқы. Қарамен жазылған сөздерді теріп жазып, түбірі мен жалғауын тауып, белгіле.

Сабақтан, күнтізбенің, күні, жұмыстан, Ақмаралдың.

3-жаттығу. Мақалдарды көшіріп жаз. Құрамында жағауы бар сөздерді белгіле.

Жақсыдан үйрен,

Жаманнан жирен.

Жақсы шәкірт ұстаздың мұраты.

Сергіту сәті:Құлыншақ

Құлын,құлын, құлыншақ,

Желкілдейді тұлымшақ.

Құйрығында құндызы,

Маңдайында жұлдызы

4-жаттығуда Жаңылтпашты оқы. Түбір сөздерді бір бөлек, жалғауы бар сөздерді бір бөлек жаз.

Көп ешкі көк шөпті жейді,

Көк шөпті көп ешкі жейді.

Түбір сөздер Жалғауы бар

көп шөпті

ешкі жейді

көк

көп

ҮІ. Жаңа сабақты қорыту.

Жайлау, оқушылар, дала, баланың, көлшік, білімдіге, күйшіден, сұлу, көкшіл.

Түбір сөз

Жұрнақ жалғанған сөз

Жалғау жалғанған сөз

Жұрнақ

және жалғау

жалғанған сөз

ҮІІ. Үйге тапсырма беру: 5-жаттығу, 121-бет;

ҮІІІ. Бағалау.



© 2010-2022