Алғырлар мен тапқырлар сайысы

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Алғырлар мен тапқырлар» сайысы
Мақсаты:
1) Оқушылардың математикаға деген қызығушылығын арттыру, математикалық ойлау қабілетін дамыту, алған білімдерін тереңдету, кеңейту, есептеу дағдыларын жетілдіру.
2) Дидактикалық, логикалық т.б. ойындар арқылы оқушылардың ақыл-ой белсенділігін тәрбиелеу. Ойын, нақыл сөздер арқылы балалардың ой-өрісін кеңейту.
3) Оқушылардың зейінін, ойлау, зерде процестерін дамыту. Қиялын ұштап, қабілеттерін шыңдау, шығармашылық қабілетін дамыту.

Математикалық сайыстың барысы:
І: Хош келдіңіздер, қадірлі ұстаздар, әділқазылар және оқушылар!
ІІ: Қымбатты білім сүйгіш жас достар! Орыс ғалымы М.Ломоносов «Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін -математика, сондықтан да оны оқу керек», - деген. Олай болса, бүгін сендер қызықты, математиканың жұмбақты да, тартымды әлемімен танысасыңдар. Сендер бұл әлемнің қаншалықты қызықты, әрі сан түрлі екендігіне көз жеткізесіңдер.

І: Сайыста сендерге әр түрлі қызықты сұрақтар мен тапсырмалар ұсынылады. Сайыста жеңу үшін сендер белсенділік танытып, берілген сұрақтарға өзгелерден тезірек ойланып, жауап берулерің керек және тапсырмаларды дұрыс орындауларың қажет.
ІІ: Математикалық сайыс - бұл еңбек. Сондықтан сайыс кезінде өте ұқыпты, ойларың жинақталған болу керек және тәртіп сақталғаны жөн.
Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан өткізер - деп сайысымыздың жоспарымен таныстырып өтелік:
1. Білім сайысы
2. Мақал -сөз мәйегі
3. Есепке кім жүйрік
4. Кім көп біледі
5. Математикалық жұмбақтар
6. Қас-қағым сәт
7. Қорытынды
І. « Алғырлар » тобы:
Шақырып жарыстарға сан-салалы,
Алғырлар топ жарғалы жар салады!
Ту етіп достық пенен татулықты
Тапқырлар командасын қарсы алады!
Тапқырлар биіктерде қалықтасын!
Жеңіспен көк жүзінде шарықтасын.
Жеңіс туың желбіреп алауласын,
Бәйгені сенен ешкім ала алмасын.

3-сыныпта оқимыз бәріміз де,
Достың сөзі әрқашан дәрі бізге
Жарысуға сендермен келіп тұрмыз
Мына жұртың таңырқасын бәрі бізге.

«Тапқырлар » тобы:
Осындай алғыр достар кез-келген де,
Жетсін-ау, жарыстарда жеңгенге не?
Қарсылас болғанменен құрбысыңдар,
Тілейміз ізгі тілек сендерге де!
Құрметтеп алғырларды ой-саналы
Тапқырлар сәлем беріп ән салады.
Бүгінгі сайыстан достарына
Қашанда тапқыр бол деп ой салады.
Сендерді біз айта алмаймыз нашар деп
Ойламаңдар қорқып бізден қашар деп
Біз дайынбыз жарысуға достарым
Көрсетеміз бізде қандай күш барын.


Қиындықтан ешқашан біз қашпаймыз.
Алғырлықпен тапқырлықты ұштаймыз
Қиялдарға самғап ұшқан құстаймыз,
Шегінбейміз жеңістерге бастаймыз - деп, білім сайысында логикалық есептер шығарамыз.


1. 7 жұмыртқаның бағасы 7 теңге болса, 100 жұмыртқаның бағасы неше теңге? (100)
2. 1т темір ауыр ма, әлде 1000 кг мақта ауыр ма? (Бірдей )
3. 4 827 105 санындағы үш цифрды ең кіші сан шығатындай етіп сыз. Сонда қандай сан шықты? (2 105)
4. Сандар қатарындағы келесі санды тап? 20, 21, 23, 24, 26, 27, … (29)
5. Квадрат үстелді айнала төрт адам отыра алады (әр жағына бір-бірден). Мектепте дәл осындай 7 үстелді жалғап бір қатарға қойып, ұзын үстел құрды. Осы үстелді айнала қанша адам отыра алады? (16)

6. Түйе, бота маң басқан
Төрт аяғын тең басқан.
Шұнақ құлақ бес ешкі
Қос лақпен қос ешкі.
Төрт қозылы екі қой
Бәрін бірге санап қой. (17)

. 1м-де неше см бар?

2. 1 м-де неше мм бар?

3. 1 кг-да неше г бар?

4. Периметрді қалай табамыз?

5. 8² нешеге тең?

6. Ауданды қалай табамыз?

7. 50-дің бестен бірі нешеге тең?

8. 1 кг мақта ауыр ма, 1кг темір ауыр ма?

9. Көлемді қалай табамыз?

10. 64 қай санның квадраты?

11. 1 ц-де неше кг бар?

12. Кез келген санды 0-ге көбейтсек не шығады?

13. 8:0 неге тең? (санды 0-ге бөлуге болмайды)

14. Көбейтудің қандай қасиеттері бар?

15. 31-ді 4-ке бөлгенде неше шығады,қалдық қанша қалады?

16. Бөлудің компоненттерін ата?

17. Тік төртбұрыштың қасиеттерін ата?

18. 1л-де неше см³ бар?

19. Қосудың қандай қасиеттері бар?

20. 3³ нешеге тең?

2-жүргізуші:
Ал, балалар, балалар
Мақал -мәтел айтайық.
Қиындыққа қайыспай
Асулардан асайық -деп, берілген мақалдарды жалғастырайық.әркім өзіне сәйкес нөмердегі мақалды айтады.
1-жүргізуші:
1. Бір тал кессең.....( он тал ек).
2. жеті рет өлшеп..... (бір рет кес)
3. Білгенің бір тоғыз, (білмегенің тоқсан тоғыз)
4. отыз тістен шыққан сөз, ....( отыз рулы елге тарайды)
5. екі құзғын таласса, ....(бір қарғаға жем болар)
6. бір кісі қазған құдықтан, (мың кісі су ішеді)
7. Алтау ала болса ауыздағы кетеді...(

2-жүргізуші:
Өмірде ойлап тұрсаң, бәрі де - есеп.
Ауырсаң, ішетұғын дәрі де - есеп.
Есепсіз сүрген өмір мазмұнсыз ау,
Дүниенің бар тұлғасы есеп десек - деп, Есепке кім жүйрік? Сайысында әркім өзіне берілген есептерді шығарады.


8:4*3=6
(8-4)*3=12
8*4+3=35
(8+4):3=4
8+4+3=15


(8+4)*3=36
8:4+3=5
8*4-3=29
8*4*3=96

Көрерменсіз жалғыз қалар жүйріктер
О, оларсыз көңілдерде күй бітпес!
Математика жайлы сұрақтар бар аздаған
Ал, көрермен жауабын айт, билік бер!

Келесі сұрақтар көрермендерге арналады.

1) Жаңылмастан жетеуі,
Кезек қызмет етеді. (апта күндері)
2) Нәрселерді санағанда
Керек ол бізге ауадай.
Айтыңдаршы бұл қандай сан
Жан-жағына қарамай. (натурал сандар)
3) Алматыдан Астанаға дейін ұшақ 1 сағат 30 минут ұшты, ал қайтарда сол жылдамдықпен 90 минут ұшты. Бұл қалай? (1сағ 30мин=90 мин)
4) Үш ат жегілген күйме 1 сағатта 15 км шауып өтті. Әрбір ат қандай жылдамдықпен шапты? (15км/сағ)
7) 10 центнер темір ауыр ма, 1 тонна мақта ауыр ма? (тең)
8) 7 санымен аяқталатын сан берілген. Ол 300-ден артық та, 310-нан кем. Берілген санды тап. (307)

Білімнің ұшқырлығын танытып сен,
Асып-тасып, асықпа, қалыспа сен.
Уақыт деген зымырап, зулап жатыр,
Шапшаңдық бұл сайыста керек екен -деп "Кім көп біледі?" сайыс ында әр оқушыға 7 сұрақтан қойылады. Оған кім тез және қанша уақытта жауап беретіні ескеріледі.

1. Санауда қолданылатын сандар? (натурал)
2. Санның ең үлкен бөлгіші неге тең? (санның өзіне)
3. 2-ге бөлінбейтін сандар не деп аталады? (Тақ сандар)
4. Қандай сандар 5-ке бөлінеді? ( 0 мен 5- ке аяқталатын сандар)
5. Жай сандардың кестесін жасаған грек ғалымы кім? (Эратосфен)
6. 1/2-ге кері сан? (2)
7. Ғасырдың жартысы неше жыл? ( 50жыл)


1. Неше цифр бар? (он)
2. Кез келген натурал санның бөлгіші? (1)
3. 2-ге бөлінетін сандар не деп аталады? (Жұп сандар)
4. Қандай сандар 10-ға бөлінеді? (0-ге аяқталатын сандар)
5. Ең кіші натурал сан, (1)
6. Санды қандай санға бөлуге болмайды? (0-ге)
7. 3-ке кері сан? ( 1/3)

Ғылымның сырын ұғына
Шығыңдар білім шыңына.
Ұқыптылық пен зеректік
Жеткізер сіздердей өренді
Жеңістің мынау шыңына -дей келе, математикалық жұмбақтар сайысында кім жылдам қол көтерсе сол оқушы жауап береді.
1-жүргізуші:
1. Бес ін, бес іннің аузы бір ін? (қолғап)
2. Жүз төрт түйме, он бір ине?(есепшот)
3. Жүз мүйізі бар, үстінде киізі бар(киіз үй)

4. Шекер жейтін аққұтан
Бір қазыққа байланды
Аузына тістеп шекерін
Ол қазықты айланды (циркуль)

5. Атадан он баламыз,
Бір-бір жастан арамыз
Қосылып кейде басымыз,
Азайып кейде қаламыз
Бөлініп кейде арамыз
Көбейіп те аламыз (цифр)
6. Айқасқан екі таяқ, тұрады жоқты сұрап?(х)

7. Нәрселерді санағанда
Керек ол бізге ауадай
Айтыңдаршы бұл қандай сан
Жан-жағыңа қарамай?( натурал)

6-сайыс сайысымыздың соңғы кезеңі «Қас -қағым сәт»
1. Кім барлық тілде сөйлейді? (жаңғырық)
3. Қатар тұрған үш санның қосындысы да, көбейтіндісі де 6-ға тең. Ол қандай сан? (1, 2, 3)
4. 86 санын ешқандай жазу жазбай 12-ге арттыр. (98)
5. Сағаттың төрттен бір бөлігінде неше минут бар?(15 минут)
6. Түйе, бота маң басқан,
Төрт аяғын тең басқан.
Шұнақ құлақ бес ешкі
Қос лақты қос ешкі
Төрт қозылы екі қой Бәрін білсең санап қой. (17)

Ғылым жолы бірде жеңіл, бірде қатты.
Ақыл - ойлар әлемді арбап алды.
Математика ғылымдар патшасы
Таңырқатып, аңыз қылған адамзатты.
Келер ұрпақ даналарға ұқсап туса,
Омар Хайям, әл - Фараби жолын қуса,
Елімнің болашағы гүлденеді.
Ғылымның шамшырағы жанып тұрса.

Ендеше, әділ қазылар алқасы сайыстың қорытындысын шығарып, бүгінгі сайысымыздың ең тапқыр топты атап өтсе.



© 2010-2022