Сабақ жоспар Ана құшағында 4-сынып

Раздел Начальные классы
Класс 4 класс
Тип Научные работы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Әдебиеттік оқу

(4 «А»сынып)

Жұмахметова Гүлбаршын Бақтыгерейқызы

Атырау қаласы,

№5 Ғ.Мүсірепов атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

Сабақ тақырыбы: М. Мүсірепов Ана құшағында
Мақсаты:

Білімділігі: . Оқушыларға Ғ. Мүсіреповтың « Қазақ солдаты » романынан үзінді «Ана құшағында» атты әңгімесін түсініп оқуға және түсінгенін әңгімелеп айтуға үйрету. Өз ойларын ортаға салып, топпен жұмыс істеуге, ананың бала өміріндегі орнын білуге үйрету, романдағы басты кейіпкер туралы білім беру.
Дамытушылығы: Өзекті, түйінді ойын ашуға жағдай жасау және байланыстырып сөйлеу дағдысын қалыптастырып, әр түрлі тапсырмалар беру арқылы ойлау қабілетін дамыту. Оқушылардың тіл байлығын, сөздік қорын, шығармашылық ойын, танымдық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Ананы құрметтей білуге, адамгершілікке тәрбиелеу. Батырдың да, алыптың да анадан туатындығын, сондықтан ана - өмір бастауы екендігін ұғындыру. Алдарына қойған мақсаттарына жетуге ұмтылу.

Көрнекілігі: Кітап, слайд
Әдісі: Әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ - жауап, дамыта оқыту технологиясы, көрнекілік, топтық жұмыс, сын тұрғысынан ойлау элементтері
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты түсіндіру

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Шаттық шеңбер:

Ән: «Ана туралы жыр»

ІІ . Үй тапсырмасын тексеру

Б.Бұлқышев туралы не білеміз?

«Ана»әңгімесі

ІII. Жаңа сабаққа әзірлік

Қызығушылықты ояту «Ой қозғау»

Ғ.Мүсірепов суретін көрсету,сурет арқылы ақын туралы әңгімелеу;

Ғ.Мүсірепов өмірбаяны;

Шығармалары;

Ғ.Мүсірепов ескерткіштері,атындағы мектеп,кітапхана туралы әңгімелеу;

IV.Мағынаны тану

Қазақтың көрнекті жазушысы Ғабит Мүсірепов 1902 - 1985 - жылдар аралығында өмір сүрді. Оның «Тұтқын қыз», «Қазақ солдаты», « Ұлпан » т. б. атты еңбектері бар. Алматы қаласында ол кісіге арналған ескерткіш бар. 3 - сыныпта « Таңның атуы » атты шығармасымен танысқанбыз.

- Кемеңгер жазушының Қазақ солдаты деп отырғаны кім екен?

Қайырғали Смағұлов - 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, кіші лейтенант,қазақ. Кеңес әскері қатарына 1939 жылы шақырылған. 1941 жылдың маусымынан Солтүстік Кавказ майданы 18-армия 318-атқыштар дивизиясы 1339-атқыштар полкі құрамында Ұлы Отан соғысына қатысқан. Оның айрықша қайсарлығы, әсіресе, Керчь түбегіндегі ұрыста байқалды. Десантшы жауынгерлерден құрылған 20 сарбаз 44 күн бойы жау қыспағына төтеп берген. Сымағұлов жеке өзі Ельтиген (Украина, Қырым түбегі, Эльтиген) қыстағы үшін болған ұрыста жаудың 20-ға жуық әскерін жойған. Сымағұловқа батылдығы үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (17.11.1943). 1946 жылы запасқа шықты. 1950 жылы Алматыдағы партия мектебі жанындағы курсты бітірген. 1955 жылы №12 кәсіптік-техникалық училищесінің директоры қызметін атқарған. Батырдың өмірі мен ерлігі Ғ.Мүсіреповтің«Қазақ солдаты»шығармасына арқау болған.

Соғыстан кейінгі жылдары аймақтың әлеуметтік қамсыздандыру жұмыстарына басшылық жасады. 1963-1973 жылдар аралығында Атырау университетінде Азаматтық қорғаныс кафедрасында еңбек етті.

Теңдік атындағы (Атырау қалалық әкімдігі аумағында) орта мектепке Сымағұловтың есімі берілген. Ленин, l-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, бірнеше медальдармен марапатталған.

(«Көңіл толқыны» күйі орындалып тұрады)

- «Қазақ солдаты» романы «Зытып келем, зытып келем. Артыма қарай - қарай зытам… Зытып келе жатқаным, қашып келемін. Артыма қарай беретінім, қорқып келемін» - деген сөздерімен басталады Бұл әңгімеде Қайырғали Смағұлов деген баланы бәрі Қайрош деп атайды. 10 жастағы Қайрошқа ауылдың сиыр, бұзау, торпағын бақтырып қояды. Оның алдына 87 бас мал салып беріп, егер бір бас малды жоғалтсаң, 10 жыл қораға қамаймын дейді қара мұртты. Мен қашан оқимын деп жүргенде бір қасқа торпақ жоғалып кетеді. Ары санайды 86, бері санайды 86. Жер жұтты ма? Ізі де жоқ. Қорқып кеткен Қайрош қалаға қарай қаша жөнеледі.
Зытып келем, зытып келем.
Артыма қарай - қарай зытып келем.
Қайрош сол зытқаннан Гурьев қаласындағы балалар үйіне орналасады.
- Балалар үйі кімдерге арналған?
- Панасыз, әке - шешесіз балаларға арналған.
«Құлыным, Қайрошым... Қайда жоғалып кеттің? » -деген әлсіз дауыс естіледі
- Кімнің даусы деп ойлайсыңдар?
Әрине, анасының даусы.

- Ана неліктен бұлай деді екен ? Біз мұны әңгімені оқу барысында анықтайық.\

Ү Жаңа сабақ
«Ана құшағында »
Әңгімені 4 - 5 балаға жалғастыра оқыту.
Сұрақтар қою арқылы мазмұнын аша түсу.
ҮІ Ой толғаныс

1 Анасы Қайрошты қайда іздеп келді? ( балалар үйіне )

2 Қайроштың досының аты кім? (Шеген)

3 Оның атын әңгіменің қай жерінде кездестіресің? (Әңгіменің басында … тізесіне сорпа шашырағанда; … Анасы кеткенде Қайроштың көзінен жас шыққанда.)

4 Ана мен баланың бір-біріне деген ыстық сезімін әңгіменің қай жерінен оқуға болады?

5 Мариям апай деп отырған кісі кім деп ойлайсың?

6 Қайрош неліктен анасымен бірге ауылға кетіп қалмады?

7 Қайроштың анасының портретін жаса

ҮІІ Топпен жұмыс

Қайроштың анасына сипаттама бер:

Киімі Сөйлеген сөзі мінезі

«Бес жол өлең» стратегиясы.

5 жолды өлең стратегиясы: 1 зат есім, 2 сын есім, 3 етістік, 1 сөйлем, 1 синоним құра. Зат есіміміз «Ана» сөзі болсын.
- «Ана»-

мейірімді, сезімтал -

тәрбиелейді, жұбатады, үйретеді -

Ана мейірімділікке үйретеді -

шеше. Бізді барлық жақсылыққа жетелейтін ол біздің анамыз екен

ҮІІІ .Топтастыру-

Ана есімін аузына алмайтын адам баласы жоққа тән. Жердің өзіне де жер ана деп теңеу айтып жүрміз.Аналардың қоғамда алатын орны да ерекше. Себебі, ана тек баласының тәрбиелеушісі ғана емес, ол - қызметкер.(Оқушылар аналарының қызметтері жайлы айтады).

- Ана бізге жарық дүние сыйлады.
- Барлық жақсыны бізге арнады.
- Барлық жақсы сөздерді айтады.
-Аналарың сендерді қалай еркелетеді?
-Құлыншағым, айым, күнім, ботақаным, жаным. т.б.
5. Интерактивті тақтамен жұмыс.
-Ана күн секілді айналаға мейірімін, жылуын шашып тұрады. Олай болса мына күннің айналасына аналарыңның сендерге айтатын жылы сөздерін жаза қойыңдар.

IX.Қорытынды

«Дұрыс жауабын тап»ойыны.
Шарты: ойын барысында бірнеше сөйлемдер оқылады,егер оқылған сөйлем дұрыс болса,қол шапалақтаймыз;

Дұрыс емес болса, сөйлемді дұрыстаймыз.
1.Анамның даусын айырмай тұрып ақ жүрегім қақ айырылып қоя берді.Қайроштың ішкі сезімі (қол шапалақтау)

2.«Қазақ солдаты »романының авторы- Ғ.Мүсірепов (қол шапалақтау)

3.Қайроштың досының есімі- Баубек (Шеген)

4.Мариям апай- Қайроштың анасының есімі (тәрбиеші апайы)

5.Қайрош- Атырау облысында туған. (қол шапалақтау)

X.Үйге тапсырма

Мәтінді оқу,түсінгенін айту,

«Менің анам»шығарма жазу

XI.Бағалау







© 2010-2022