Қош бол, сүйікті Әліппе!

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектеп гимназияның 1"Д" сынып оқушыларының "Қош бол, сүйікті Әліппе!" атты әліппемен қоштасу ертеңгілігі


Тақырыбы: Қош бол, сүйікті Әліппе!!! Мақсаты: Оқушылардың әліппеден алған білімдерін тиянақтау. Әр оқушының іс-әрекеттері арқылы қабілеттерін көрсету, щығармашылығын дамыту. Жаңа оқулықпен таныстыру, қызығушылығын арттыру. Оқушылардың ата-ана, Отан, ел алдындағы борышын сезінуге, елін сүюге тәрбиелеу. Көрнекілік: Әліппе, Ана тілі, Математика макеттері, нақыл сөздер, шарлар, әріптер таңбалары мен цифрлар т.б., слайд (Музыка әуенімен оқушылар залға кіреді)

Қош бол, сүйікті Әліппе!


Қош бол, сүйікті Әліппе!

Ерлік:

Армысыздар ата - ана қонақтар,

Ұрпағыңыз күнде өзіңнен бата алар.

Ел дәстүрін мәңгі сыйлап өткін деп,

Үйреткен ғой Абай, Ыбырай бабалар.

Көркем:

Көз салып қараңызшы бойымызға,

Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға.

Қош келіпсіз ұстаздар ата - аналар,

Әліппемен қоштасу тойымызға.

Рамазан:

Қыр гүліндей жайнаймыз,

Ән сап билеп, ойнаймыз.

Бүгін бізде мереке,

Әліппе тойын тойлаймыз.

Ғизат:

Армысыздар халайық,

Бармысыздар халайық.

Не үйрендік, не білдік?

Қане ортаға салайық.

Ерлік:

Әріптерді үйретіп,

Жақын болған кім бізге?

Көркем:

Жамандықтан жирентіп,

Ақыл берген кім бізге?

Рамазан:

Әліппені оқуға

Үйреткен бізге әр күні.

Ғизат:

Үйретіп бізге санауды,

Көп еңбек сіңірген

Ол кім?

Хормен: Ол алғашқы мұғалім.

Хор: Алғашқы мұғалім.

(Ұстаз туралы тақпақтар).

Айғаным:

Сәбилік көңілмен арналады бұл әнім,

Баулитын өмірге ақылшым мұғалім.

Білімді аламын айтқанды ұғамын,

Мен сендей боламын ақылшы мұғалім.

Дінмұхамед:

Қашан көрсең күнге ұқсаған жанары,

Ұстаздардан көнбес адам жоқ әлі.

Мектеп көрген әдептілер айтпақшы,

Ұстаздардан шықпаңыздар жоғары.

Қош бол, сүйікті Әліппе!


Қош бол, сүйікті Әліппе!

Тоғжан:

Кім боласыз мейлі қандай жоғары,

Мұғалімнен үлкен адам жоқ әлі.

Кім боласыз, прокурор ма, сотсыз ба?

Шықпаңыздар мұғалімнен жоғары.

Мұхамедияр:

Алдамасын үміт бізді жетелесін,

Ұстаздардың қасиетін кемітетін жан барма

Еліміздің келешегін тәрбиелеп отырған,

Бас иеміз ұстаз деген қасиетті жандарға.

Мадина:

Ұстаз болу - жүректің батылдығы,

Ұстаз болу - сезімнің ақындығы.

Ұстаз болу - мінездің күн шуағы,

Азбайтұғын адамның алтындығы.

Ерлік:

Балалар, мектепке алғаш

Келгендегі ұстаздан кейінгі

Ақылшыларың кім болады?

Хормен:

Болашаққа жол ашар,

Ол сүйікті - Әліппе.

Көркем: Олай болса, бәрімізге сүйікті, аяулы Әліппемізді ортаға шақырайық.

(Музыка әуенімен Әліппе кіреді).

Қош бол, сүйікті Әліппе!

Әліппе:

Армысыздар жас достар,

Армысыздар ата - ана!

Болашаққа жол бастар,

Әліппең келді ортаға.

Байқаймын бүгін мені қуантқалы тұрсыңдар не дайындағандарың бар?

Рамазан:

Үйретіп бәрімізге Әліппені,

Мұғалім ғылымға жол салып берді.

Ғизат:

Адамның ақыл - ойы мақсаттары,

Оқудың сәулесімен жарық көрді.

(Әліппе туралы тақпақтар).

Айдана:

Ең алғаш қолға алғанда Әліппені,

Қызығып қарай бердім әріптерді.

Мен үшін сыры жұмбақ бұл кітаптың,

Ұстазым маған кілтін алып бердің.

Әділет:

Таныстырған 42 әріппен,

Қош бол менің сүйікті Әліппем.

Сенің арқаң оқи жаза білгенім,

Сауатты адам қатарына кіргенім.

Ардақ:

Келгенде алғаш мектепке,

Білмеуші едік әріп те.

Оқимыз қазір ертегі

Үйреткен оны Әліппе.

Әділ:

Ашыла берді алдымнан,

Кең дүние есігі,

Соғылған сомдап алтыннан

Әліппе білім бесігі.

Ақмерей:

Енді біз жаза білмезі,

Әріпті қосып әріпке.

Риза боп саған жүреміз,

Сүйікті біздің Әліппе.

Қош бол, сүйікті Әліппе!

О-

Т-

А-

Н-

Мирас:

О - Отан, Отан

Бәрінен биік екен,

Отан, Отан

Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем.

Жания:

Т - Туған жердей жер болмас,

Ата - мекен жерім бар.

Туған елдей ел болмас,

Қазақ деген елім бар.

Рамазан:

А - Ана - ол біздің елде ардақты адам.

Кіші де, үлкен де оны радақтаған,

Өзінің аяулысы - Отанды да,

Ана деп біздің халық текке айтпаған.

Аяла:

Н - Неткен сұлу, неткен байтақ,

Осы менің туған өлкем!.

Даниял:

Отан -жерім, Отан -суым,

Отан қуат, нәр береді.

Отан -ұран, Отан- туым,

Отан мәнгі гүлденеді!

Ұлжан:

Отан -сенің ата-анаң,

Отан- досың, бауырың.

Отан -өлкең, астанаң,

Отан -аудан ,ауылың.

Отан- тарих, Отан- тіл,

Жасаған елім, ер халқың.

Отан -өлең, Отан -жыр,

Көтерген көкке ел даңқын...

Отан -осы достарым,

Көңілге мұны түйе біл,

"Отан" деп өс, жас қауым.

Оны ардақтап сүйе біл!

Хор: Әліппе.

Әліппе:

Бәрекелді! Мен оқушыларға өте ризамын, шынымен менің әріптерімді жақсы меңгеріпсіңдер. Ән айтып билеуді үйреніп алыпсыңдар.

Ғизат:

Әліппе даңғыл жол ашты,

Жаңадан пәндер жалғасты.

Әліппе сырын ұқтырған.

Хормен: Рахмет ұстаз «Алғашқы ұстазым!»

Ән: хор.

Әліппе:

Енді үлкен әлемге даңғыл жолдарыңның басы ашылғанына көзім жетіп отыр.

Мен сендермен қоштасайын қош сау болыңдар!

Ортаға ана тілі келеді.

Ана тілі:

Сөйлетер сөзді шеберлеп,

Өзіңнің ана тіліңмін.

Байыппен жақсы оқысаң,

Негізі болам білімнің.

(балалар залдан шығып кетеді).

Рамазан: Мен саған сұрақ қойғым келіп тұр, жауап бересің бе?

Ғизат: Әрине, ол қандай сұрақ?

Рамазан: Сен қазіргі жас әншілерден кімдерді білесің?

Ғизат: Мен Қайрат, Ернар, Серік ағаларды білемін. Солардың әндерін жақсы көремін.

Рамазан: Олай болса, Серік ағамыздың «Жаяу» әніне көңілді би.

Екеуі: Қарсы алыңыздар.

Ерлік:

Уа, халайық, халайық.

Әндетейік жырлайық.

Көркем:

Бұл мереке бұл тойға,

Ән мен шашу шашайық.

Рамазан:

Бүгінгі қуаншымызда шек жоқ, өйткені біздің тұңғыш рет сауатымызды ашқан «Әліппені бітірдік».

Ғизат: Ия, дұрыс айтасың, енді кез келген сөздерді, тіпті қысқа әңгімелерді оқи аламыз.

Қош бол, сүйікті Әліппе!

Рамазан: Олай болса, келесі әнімізді, биімізді ата - аналарға арнаймыз.

Ән: «Ана»

Би: «Өзбек биі».

Оқушылар сахнаға шығады.

Ерлік:

Аналардың тілеуінде

Хормен: Бейбітшілік.

Көркем:

Бөбектердің жүрегінде

Хормен: Бейбітшілік

Рамазан:

Балдырғанның бар тілінде

Хормен: Бейбітшілік.

Ғизат:

Көгершін боп халқы күнде

Хормен: Бейбітшілік.

Қош бол, сүйікті Әліппе!

Қош бол, сүйікті Әліппе!

Мұғалім:

Балалардың білімі құтты болсын,

Әрқашанда денсаулығы мықты болсын,

Білімдерің әрі қарай дамытатын,

Ерінбейтін еңбекқор мықты болсын.

Қош бол, сүйікті Әліппе!


Қош бол, сүйікті Әліппе!


Қош бол, сүйікті Әліппе!


Қош бол, сүйікті Әліппе!


Қош бол, сүйікті Әліппе!




Қош бол, сүйікті Әліппе!

Қош бол, сүйікті Әліппе!

Қош бол, сүйікті Әліппе!





Хор:

Бір ата, бір ананың түлегіміз,

Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз.

Бірлік барда тірлік бар деген бабам,

Бірлік деп бірге соқсын жүрегіміз.

Қош бол, сүйікті Әліппе!


Қош бол, сүйікті Әліппе!

Соңы.

© 2010-2022