Бөлінбейді іргеміз Әрқашанда біргеміз

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Бөлінбейді іргеміз

Әрқашанда біргеміз.

Мақсаты: 1. Оқушыларға отбасы, отбасының берекесі, бірлігі, достығы, сыйластығы

туралы түсінік беру.

2. Өз жақын туыстарымен жақсы қарым - қатынаста болуға, үлкенге құрмет,

кішіге ізет көрсетуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: «Менің отбасым» бүктеме.

Қанатты сөздер. Күннің макеті. Гүл, шарлар.

Барысы:

І. Ұйымдастыру.

ІІ Негізгі бөлім. А) Кіріспе

Амандасу сәті. Топтық жұмыс.

І-топ. Амансың ба, күн!

Амансың ба, дос!

Амансың ба, шеңбер, әнге қос!

Амансың ба, әлем!

Жақсы адамға мың сәлем!

2-топ. Қуан, шаттан!

Қуанатын күн бүгін.

Қуан, шаттан!

Күліп шықты күн бүгін.

3-топ. Біз тағы да біргеміз

Сөгілмейді іргеміз

Құшып күннің шуағын

Көрісерміз қуанып!

  1. Армысыздар ата-ана, ұстаздарым

Бағбаны ұғатындар бала жаным

Отбасы тәрбиелік сабағына

Қош келдіңдер төрден орын ұсынамын.

  1. Армысыздар, жиналған көрерменім

Көңілді қошеметпен демер менің

Ата-ана, ұстаз бала бір болса егер

Болмайды қиын бала дегендерің.

Ал, балалар, мен сендерге жұмбақ қояйын, шешіп көріңдер.

Маған да, саған да

Жақсы туыс 5 адам

Үш әріптен тұратын

Оңға оқы, солға оқы

Өзгермейді еш одан

Бәрі де өз жұртың

Айтады кәне кім атын?

(Ата, Ана, Іні, Апа, Аға)

Енді «Мені жақсы көреді және мен жақсы көремін» деген сөйлемнен не түсіндіңдер?

Не сезіндіңдер?

Ата-ана, әже, бауырлар достығы

-Отбасы дегеніміз не?

-Отбасы дегеніміз бір шаңырақта өмір сүретін адамдар жиынтығы.

-Отбасы неден басталады?

-Отбасынан.

ОБөлінбейді іргеміз Әрқашанда біргеміз.тбасы мүшелері қалай өмір сүреді?

  1. Әке мен шеше

Ата мен әже

Аға мен әпке - біз жақсы көретін ең жақын адамдар. Ата - бәйтерек, бала - жапырақ, әкеден ақыл, анадан мейір, «Ағасы бардың - жағасы бар,» «Інісі бардың тынысы бар» дейді халық. Сондай ынтымағы бір, тілегі бір отбасында өмір сүру әр адамның зор бақыты.

  1. Атамнан басталар

Әжемнен басталар

Отбасым мыналар

Ең жақын адамдар

Әкем мен анам бар

Бір туған ағам бар

Бір туған апам бар

Бәрін жақсы көремін

Еркелеймін, еремін.

  1. Домбырасын қолға алып,

Ән салады аташым

Күй тартқанда толғанып

Қызығына батасың

Мен атама тартқанмын

Өнегесін аламын

Домбырасын тартамын

Шырқапәнін саламын

Өнер қуған баламын

Мен атамдай боламын.

Терме.

  1. Құлыншағым, балғыным

Көк орайлы шалғыным

Қуанышпен өтсінші Нұрын шашқан әр күнің

Ана тілін құрметте

Ар-ұятын кірлетпе

Жақсыларға жақ болып

Жамандықты үлгі етпе.

  1. Әже маған үлгі сөзіңіз

Өнегезіз өзіңіз

Жақсылыққа талпынар

Біздің нағыз кезіміз

Жақсы деген немене

Жаман деген немене

Осындайды әжетай

Айтыңызшы өнеге.

Ән. «Әже»

  1. Сәулелі сөз сөне ме?

Орны бөлек батаның

Бізге тәлім, өнеге

Ақ тілеуі әкенің

Әр сөзінің ақырын

Жақсылыққа тірейді

Қадап айтқан ақылын

Көпке бақыт тілейді.


  1. Аққудай ақ арманым

Ауырмашы әкешім

Ақылың көп-ау самғарлық

Қартаймашы әкешім

Көпке өрмелеп көңілің

Нұрға толсын өмірің

Бақытты бол жан әке

Ұзақ болсын ғұмырың

  1. Ойнаймыз, күлеміз

Жарқылдап жүреміз

Әкені сыйлаймыз

Айтқанын тыңдаймыз.

Ән. Әкешім-анашым

  1. Ақ мамаңнан нәр алған

Ақ сүтіңнен жаралған

Күлімдеген көзіңнен

Күн шуағы тараған.

Ән. Құттықтаймын, ана

  1. Атамның ән- күйі ғажайып

Әжемнің әлдиі ғажайып

Анамның мейірі ғажайып

Әкемнің пейілі ғажайып

Осындай жақсы әдет ғажайып,

Қалмасын ешқашан азайып

Халқымызда мынадай мақал бар.

Сыйлап үлкен кісіні

Аялағын кішіні

Ана алдында құрмет

Ата алдында қызмет

Ананың алды ақ жайлау

Анаңа ауыр сөз айтпа

Әдепті бала ата-анасын мақтатар,

Әдепсіз бала ата-анасын қақсатар

Жақсы аға орман

Жақсы іні қорған

Қыздың ұяты шешеге

Бірлік болмай, тірлік болмас.

Әке - асқар тау,

Ана ағып жатқан бұлақ,

Бала жағасындағы құрақ.

Біз достарымызды болашақта тәрбиелі, парасатты, иманды, қарттарын сыйлай, қадірлей білетін, Отанына қажетті адам ретінде көргіміз келеді.

Иә, дұрыс айтасың кейін қариялардың орнын біз басамыз ғой. Сондықтан бізді олар да сыйлау үшін, біз жақсы тәрбие беруіміз керек.

Ойын; «Туысқандар»

Менің анам мейірімді, әкем ақылшы.

Адамгаршіліктің ең басты құндылығы ата - ананға деген сүйіспеншілік.

1.Осы өсиетті қалай түсінесің?

2. Осы әлемде кімді қатты жақсы көресің?

3. Ал сені кім қатты жақсы көреді?

Әңгіме «Күнмен бірге»

Сұрақ - жауап.

  1. Қалай ойлайсыңдар отбасы қандай болуға тиіс?

  2. Сендердің отбасыларың қандай?

  3. Өзің анаңа, әкеңе не айтар едің?

«Күн» отбасы

Күн бар жерде көлеңке, түн бар.

Жетім бала, жетімдер үйі.

Өлең: «Қанат туралы хикая»

«Күн» отбасы

Топпен жұмыс.

  1. Отбасы туралы өлең жазу.

  2. Өлең құрау, жалғастыру

  3. Ойын. «Жақсы сөзді жинайық»

Ойын.»Ата - ана, ата - әже және біз»

Мені жақсы көреді

Анам, әжем бірі де

Менде жақсы көремін

Көмектесем бәріне

Анам менен әжеме

Кітап оқып беремін

Ал, анам мен әкеме

Әкеп берем керегін

Атам, әжем сүйеді

Ботақаным, күнім деп

Әкем - шешем сүйеді

Жеткіншегім гүлім деп

Ұстаздарды ұнатам

Білім нәрін беретін

Әрбір еткен ісіңе

Шындап көңіл бөлемін

Ұстазым деп мақтайды

Ізгілікке баулиды

Жақсы көрем сол үшін

Атам, анам, ұстазым

Тату - тәтті біргеміз

Ер жетеміз біліммен

Ажырамай іргеміз

Хор; Қарыздармыз күнге біз

Ұқсар әсем гүлге біз

Бөлінбейді іргеміз

Әрқашан да біргеміз.

Ән: «Әрқашан күн сөнбесін»

4.Қорытынды

Өнеріміз өрге жүзер өнерде

Білімдіміз ойда оқу біздерде

Мақсатымыз өнерлі боп жақсы оқу

Өнер, білім тең таразы біздерде

Бала деген білім алар мектепте

Тәрбиелі ата - анасы десек те

Қатынас екі арада мықты болсын

Мектепке жетісіне бір келсе де.

Оқушылар, тәрбие сабағымызға қатысып отырған қонақтарымызға жылы лебіздерімізді білдірейік.

Ардақты ұстаз!

Еңбектеріңіз жемісті болсын!

Денсаулықтарыңыз мықты болсын!

Ата - анамыз, ұстазымыз

Бір тілек айтарымыз

Берекелі заман болсын

Балаларыңыз аман болсын!

ХХІ ғасырда

Ашық аспан астында

Денсаулықтарыңыз мықты болсын

Жанұяларыңыз қуанышқа толсын!

Біздер илғи жақсы оқып

Қалдырмаймыз ұятқа

Сіздер салған даңғыл жолмен

Талпынамыз мұратқа.

Хормен: Берекелі заман болсын

Аға апалар аман болсын

ХХІ ғасырда

Жасаңыздар сансыз шәкірт қасында!

Ән: «Еркемай»


© 2010-2022