Ашық сабақ Кімнің мекені жақсы

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Әдебиеттік оқу 2 сынып

Сабақтың тақырыбы: С. Жүнісов « Кімнің мекені жақсы»
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Отан, туған жері, мекен - жайы туралы білім бере отырып, шығарманың түпкі мазмұн - мәнін түсініп, эмоциялық қабылдауын қамтамасыз ету, сөйлем мен сөз, сөз тіркестерінің үлгілерін үйретіп, ана тіліміздегі сөздік қорды пайдалана білу.
Көрнекілігі: Шығарма кейіпкерлері( құрбақа, тышқан, құмырсқа) суреттері және тіршілік ортасы. Мақал- мәтелдер жазылған кесте.
Түрі: Панорамалық сабақ
Әдісі: жаңа сабақ түсіндіру, талдау, жинақтау.
Пәнаралық байланыс: дүниетану, бейнелеу өнері, қазақ тілі
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі:
Оқу -құралдарын дайындау. Психологиялық дайындық
Туған жерім , мекенім,
Сенде өсіп жетермін.
Топырағынан нәр алам,
Керегіңе жаралам.
ІІ Ой ашар:
- Балалар, біз қандай тарауды оқып жатырмыз? ( Туған елім - Қазақстаным! )
- Осы тарауда қандай шығармалар оқыдық? ( Туған өлке, Астана, Қазақстан)
Поэзия минуты. ( Екі - үш оқушы мәнерлеп өлең оқиды.
ІІІ Мағынаны тану. Отан, туған жер туралы мақал - мәтелдер айту.
Мұғалімнің ой - тұжырымы.
Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар. Ол - Қазақстан. Қазақстан - көп ұлтты мемлекет. Жері кең байтақ. Табиғаты алуан түрлі. Жануарлар әлемі өте бай. Олардың да Отаны, мекені осы кең байтақ қазақ даласы.
Автор туралы мағлұмат беру.
Мәтінмен жұмыс. Мәтінді мәнерлеп оқу. Іштей оқыту.
Сұрақ - жауап арқылы мәтінді талдау, тауып оқу.
- Жолға шыққан жануарларды ата?
- Олар жолға не мақсатпен шықты?
- Жолға шыққан жануарлар нелерге кезікті?
- Олардың мекені, қонысы жайлы не деді?

Сергіту сәті: « Отан» әнін орындау.
ІҮ Ой тұжырым:

  • Балалар, осы ертегіге тиін, аю қатысса, олар өз мекендері туралы не айтар едіңдер?( пікірлерін тыңдау)

  • Өздерің туған жер, ауылың, өлкең, мекенің туралы не айтар едіңдер?

( пікірлерін тыңдау)
Қорытындылау.

Бағалау.

Үйге тапсырма беру: «Кімнің мекені жақсы»



© 2010-2022