Өз есіміңе сай бол!

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Түсініктеме хат Әзірлеменің атауы : Сынып сағаты Бағыты: рухани-адамгершілік Мақсаты мен міндеті: оқушылардың бойында адамгершілік қасиеттерді дамыту; Әрбір оқушыға өз есімінің қойылу себебін, білгізіп, сол арқылы өз есімдеріне сай болуға және адамгершілікке тәрбиелеу. Өз есімдерін жоғары бағалап, қадыр тұтып жүруге баулу; бір-бірімен қарым-қатынас жасауға үйрету. Өзектілігі: Қазір білім беру үдерісінде жеке тұлғаның рухани-адамгершілік дамуына үлкен мән беріліп отыруына орай, адамгершілікке тәрбиелеу мен рухани жағынан қалыптасуы барлық тәрбие үдерісінің өзегі болып отыр. Балалардың рухани потенциялын дамыту, олардың жалпы адамгершілік және ұлттық құндылықтарын дамытға бағытталған тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру-сынып жетекшінің міндеті. Бірінші жағынан адамгершілік -дүниетанымдық тұрақтылықты, екінші жағынан, икемділікті қалыптастыруға бағытталуы тиіс. Тез өзгеріп жатқан әлемде адам өзінің ішкі өзегін сақтай отырып, жоғары тұлға қоғамда өз орнын алады. Қолданылатын стратегиялар мен әдіс-тәсілдер: . «Ассоциация»стратегиясы, «Миға шабуыл» стратегиясы, Инсерт әдісі,СТО Техникалық құрал-жабдықтар мен көрнекілігі: теледидар, ноутбуг, гүлдер мен шарлар, нақыл сөздер жазылған плакаттар, стикерлер мен смайликтер. Өткізу әдісі: әңгімелеу, ізденіс жұмысы, сұрақ-жауап Қолданылған түпнұсқалар: 1. А. Асылбеков шығармалары-Алматы қ., "Жазушы" баспасы-1998ж 2. И. Асылжанов "Қазақ есімдері"- Алматы қ., "Аруана" баспасы 2002ж 3. ҚР Үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасы. Астана



Тақырыбы: Өз есіміңе сай бол! Мақсаты: Әрбір оқушыға өз есімінің қойылу себебін, білгізіп, сол арқылы өз есімдеріне сай болуға және адамгершілікке тәрбиелеу. Өз есімдерін жоғары бағалап, қадыр тұтып жүруге баулу; бір-бірімен қарым-қатынас жасауға үйрету. Қолданылатын стратегиялар мен әдіс-тәсілдер: . «Ассоциация» стратегиясы, «Миға шабуыл» стратегиясы, Инсерт әдісі, СТО. Көрнекілігі: теледидар, ноутбук, гүлдер мен шарлар, нақыл сөздер жазылған плакаттар, стикерлер мен смайликтер. Өткізу әдісі: әңгімелеу, ізденіс жұмысы, сұрақ-жауап Өткізу формасы: дөңгелек үстел, ой қозғау

Жоспар:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II.Тәрбие сағатының тақырыбы мен мақсатын таныстыру.
III. Негізгі бөлім.
IV. "Миға шабуыл" стратегиясы.
V. Қорытынды. Кері байланыс.

Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық. ІІ. Тәрбие сағатының тақырыбы мен мақсатын таныстыру. -Балалар,бүгінгі «Өз есіміңе сай бол!»атты тәрбие сағатымыздың мақсаты сендерге қойылған аттарыңның себебін анықтап, қойылған есімімізге сай болу керек екендігін білу және бір-бірімізбен достық қарым-қатынас жасауға, әңгімелесу кезінде өзімізді қалай ұстау керектігін білеміз. ІІІ. Негізгі бөлім. 1. «Ассоциация»стратегиясы

Таңертеңгілік кез. Әжелерің немесе мамаларың сендерді ұйқыдан оятып жатыр. Қалай оятар еді?(аттарың өздеріңе жағымды болып естіле ме? )

Балалар өздерін қалай еркелетіп оятатынын айтады. 2. Мұғалімнің сөзі. -Иә,балалар,қай ата-ана болмасын, дүниеге «шыр»етіп келгеннен нәрестесіне жақсы есім беруге тырысады. Нәрестеге кез-келген атты қоя салуға болмайды екен. Балаға ат қойғанда оған ерекше мән беруі керек. Ендеше,өз есімдеріміз не үшін қойылған екенін анықтап көрейік. 3. "Өз есіміңе сай бол!"

Әр оқушы тақтадағы гүлдердің артында жазылған есімдерді оқып, шақырады. Аты аталған бала өзіне атты кім қойды және не себептен қойылғаны туралы айтады. 4. «Әңгімелесу»деген сөзді қалай түсінесіңдер? Әңгімелесудің қандай түрлерін білесіңдер? Кімдермен жиі әңгімелесесің? Олай болса, «Қазақ есімдері» тақырыбында әңгімелесіп көрейік. Кейбір қазақ есімдеріне көңіл бөліп көрейік. 1-оқушы: Ат қою да дәстүр бойынша қойылады. Ұлы жоқ үйлерде қыз туылатын болса, онда оған «Ұлтуған, Ұлбала, Ұлболсын» деп ат қойылады. 2-оқушы: Егер бала мерзімінен бұрын туылса, «аман-есен болсын» деген ниетпен Шалабай, Шалабек деп қойған екен. 3-оқушы: не ерекше көзге түсетін белгілеріне қарай, Қалдыбай, Қалдыгүл, меңі болса, Меңтай ,Меңдігүл деп қояды. 4-оқушы «Өмірі ұзақ болсын» деген ниетпен Ұзақ, Жанұзақ, Өмірұзақ деп те ат қойған. 5-оқушы: Баласы шетіней беретін ата-аналар Тоқтар, Тұрсын, Жүрсін т.б. аттар қоятын ырым бар. 6-оқушы Ал, Кенжегүл, Кенжетай секілді есімдер көбінесе соңғы балаға қойылады. 7-оқушы Дана,Зүлпия-араб сөзі. Бауырымды,зерделі деген мағынаны білдіреді . Бақыт-араб сөзі. Бақ,дәулет,ырыс,шат,қуаныш деген мағынаны білдіреді. ІV. «Миға шабуыл» стратегиясы Сендер бір-бірлеріңнің сөздеріңді тыңдап, мақұлдап, дұрыс кезінде бастарыңды шұлғып отырдыңдар ма? Әңгімелесу барысында сұхбаттасушылар бір-біріне қалай қарады? Қасыңыздағы адамдармен әңгімелескен қызықты болды ма? Қандай түйін шығаруға болады? Жақсы. Қарым-қатынас жасау үшін әңгімелесе білу керек. Әр адамның өзіне қойылған атымен атап, дұрыс сөйлесе білу керек. Экранда жазылған сөздерді оқыту, есте сақтау және өмірде қолдана білу. 1.Таласта ең жақсы нәтижеге жетудің жалғыз тәсілі- айтыс-тартыстан жалтару. 2. Алдымен өзіңіздің достық ниетіңізді білдіріңіз. 3.Сұхбаттасыңызға сөзін аяқтауға мүмкіндік беріңіз. 4. Әр нәрсеге басқаның көзқарасы тұрғысынан қарауға тырысыңыз. 5. Басқалардың ойлары мен тілектерін мақұлдап отырыңыз. 6. Ізгі ниетке шақырыңыз. V. Қорытынды. Кері байланыс. Бүгінгі тәрбие сағаттан не түйдіңдер? Білемін. Білдім. Білгім келеді.



Жауаптарын стикерге жазып, көңіл-күйлерін смайликпен көрсетеді. Мұғалімнің сөзі. Жақсы болу - өзіңнен Жаман болу- өзіңнен. Өзіңді өзің ая да, Өзің үйрен өзіңнен. Жақсылық көрсең біреуден, Мен қандаймын деп ойла. Жамандық көрсең біреуден, Мен қандаймын деп ойла!-деген А.Асылбеков өлең жолдарымен тәрбие сағатымызды аятаймыз! Өздеріңді алдымен жақсы көріп, өз есімдеріңді бағалап, қадір тұтып жүріңіздер. Ата-аналарыңның қойған аттарына сай үлкен азамат пен азаматша болып өсіңіздер!

© 2010-2022