Ашық сабақ

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Ашық сабақ
Сабақтың тақырыбы : Сын есімнің шырайлары. Салыстырмалы шырай Сабақтың мақсаты : а) Сын есімнің шырайлары туралы түсінік беру .Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету.ойлау шеберлігін сөйлеу мәдениетін арттыру; ә) теориялық материалды жүйелі,тиянақты баяндауға дағдыландыру,өз бетінше жұмыс істеуге,шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал ету, ой мен тілді дамыту,сөздік қорын молайту. б) Сабақ барысында оқушыларды сауатты,көркем жазуға, жылдамдыққа, топпен жұмыс барысында ұйымшылдыққа дағдыландыру; Сабақтың түрі : Сабақтың әдісі : сұрақ - жауап,түсіндіру,талдау,ойын Сабақтың көрнекілігі : интерактивті тақта, маркер, стикер, плакат Пәнаралық байланыс : әдебиет Сабақтың барысы : а) Ұйымдастыру кезеңі : Оқушылармен амандасу,түгелдеу. Тренинг. «Көршімнің бір сыны» Тренинг шарты бойынша оқушылар көршісінің бір сынын атайды. Шеңберде тұрған оқушыларға сөз табының бір атауы беру, сол арқылы топқа бөлу. (Мысалы: зат есім, сын есім т.с.с. Зат есім бір қадам алға шығады.Олар бір топ болады да, сын есім бір топ болады. )

ә) Үй тапсырмасын пысықтау : Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Қызығушылықты ояту. «Тіке тест» 1.Қазақ тілінде неше жалғау бар? 2.Зат есімнің түрленуі. 3.Зат есім жіктеле ме? 4.Көптік жалғауларын ата. 5.«Менің атым» сөзі қалай тәуелденіп тұр? 6.«Білімнен» сөзі қай септікте тұр? 7.«Анамды» сөзінің септелу жолы 8.Зат есім сөйлемде қандай қызмет атқарады? Берілген сөздердегі зат есімнің қызметін табу. Айгүлді іздеген Бақыт кеш оралды. Адамның мінезі әртүрлі. б) Жаңа сабақ Қызығушылықты ояту. «Құпия кілт» сұрақтар қою арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашу. 1.Бір тектес түр мен түстің, сапа мен белгінің, дәм мен иістің әр қилы реңдерін білдіреді. 2.Оның екі түрі бар. 3.Жұрнақтар арқылы жасалады. 4.Бір заттың сынын екінші затпен салыстыра қарап, бірінен бірі я кем, я артық екенін білдіретін шырай түрі. Жаңа сабақтың тақырыбы «Сын есімнің шырайлары. Салыстырмалы шырай»
Топпен жұмыс. Екі топқа тақырып беріледі. Әр топ берілген тақырыпты қорғап шығуы керек. Қарсы топқа түсіндіріліп, олардың сұрақтарына жауап беріледі. Әр топтан бақылаушы адам тағайындалады. Оқушылардың сабаққа ынтасын қадағалап отырып, сабақ соңында бағалайды. Өз тақырыптарын қорғау барысында қарсы топ стикер арқылы білгісі келген сұрақтарын жауап беруші оқушының үстіне жапсырады. І топ / Сын есімнің шырайлары. ІІ топ / Салыстырмалы шырай. Мұғалімнің қорытындылауы. Екі топ тақырыптарын қорғап болғаннан кейін мұғалім қорытып, толықтырып шығады.
Түрі Ережесі Мысалы Салыстырмалы шырай Бір заттың сындық белгісін екінші затпен салыстырғанда кем не артық екенін білдіретін шырайдың түрі Ауырырақ, кішірек, жылылау Күшейтпелі шырай Белгілі бір сындық белгінің бір нәрседен өте артық не өте кем екенін білдіретін шырай түрі Сап -сары, аса маңызды
Салыстырмалы шырай тудыратын жұрнақтар мыналар:
Жұрнақтар Мысалдар -рақ, -рек; -ырақ, -ірек; Үлкенірек, көгрек -Лау, -леу, -дау, -деу,- тау,- теу Ұзындау, қысқалау
Тек жекелеген сапалық сын есімдерге ғана жалғанып, салыстырмалы шырай жасайтын өнімсіз жұрнақтар бар. Олар: -ғыл, -қыл,- ғылт, -қылт, -ғылтым, -қылтым -ғыш, -ілдір .-аң,-қай,-ша,-ше -шыл,-шіл,-шылтым,-шілтім
Оқулықпен жұмыс барысынды І топ Салыстырмалы шырайдың жаттығуларын, ІІ топ Сын есімнің шырайлары жаттығуларын орындайды. І топ. 54- жаттығу. Берілген сын есімдерді салыстырмалы шарай жасаңдар. ІІ топ. 49-жаттығу. Берілген сын есімдерді түрлі реңге түрлендіріп көріңдер. Шырай түрлерін анықтаңдар.
Деңгейлік тапсырмалар. Сәйкестендіру. Өнерпаз ой Түйінді бала Басыңқы суретші Әуесқой сөйлем Таңдаулы адам Сөзшең сөз Суретке қарап әңгіме құра. Мақалдардан сын есімдерді тауып, салыстырмалы шырай жасау
Жақсы атқа бір қамшы, Жаман атқа мың қамшы.
Бейнетің қатты болса, Татқаның тәтті болар.
Ағаш кессең ұзын кес, Шаба келе қысқарар. Темір кессең қысқа кес, Соға келе ұзарар. «Сөз тізбек» Шарты: әр сөздің соңғы дыбысынан басталатын сөздер тізбегін жасау. Сын есім болуы шарт. Саналы... ыстық... Өнерпаз... зерек.... Көреген...нәзік..... Шығармашылық деңгей. Берілген тірек сөздерді пайдалана отырып «Табиғатың тал бесік» тақырыбында шығарма жазу. Тірек сөздер: мөлдір бұлақ, таза ауа, биік қайыңдар, жасыл орман, тұщы су, көгілдір аспан Бекіту. «Сын есімнің шырайларын, салыстырмалы шырайдың жұрнақтарын жина.» Білімді бағалау : Бағалау парағы арқылы бағаланады. Үйге тапсырма: 51-жаттығу.Көркем әдебиеттен сын есім шырайларына үш мысалдан жазу. 58-жаттығу. Салыстырмалы шырайды қатыстырып, «Бізді қоршаған түрлі түсті әлем сипаты» тақырыбында әңгіме жазыңдар.

Батыс Қазақстан облысы

Теректі ауданы Сарыөмір ауылы

Хамза Есенжанов атындағы ЖОББМ

Мусагалиева Анаргуль Айдыновна

( Ашық сабақ)

Өткізген: Мусагалиева А.А.

2013-2014 оқу жылы



© 2010-2022