Ашық сабақ 2-сынып, Түйе

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы:

Дауыссыз дыбыс әріптері 20-21ж.Түйе. Бота. Оқушылардың дауыссыз дыбыс әріптері және төрт түлік туралы түсінік алған білімдерін кеңейту.


Сабақтың мақсаты:

Оқушылардың дауыссыз дыбыс әріптері және төрт түлік туралы түсінік алған білімдерін кеңейту.

Түйе, бота туралы білімдерін толықтыру. Оқу жылдамдықтарын дамыту, сөйлеу тілдерін дамыту, сөздік қорын молайту.

Төрт түлікті сүюге, малды қастерлеуге, тәртіпті болуға тәрбиелеу.


Сабақтың түрі:


Аралас сабақ.

Сабақта пайдаланылатын көрнекілік:


Суреттер, плакат, дауыссыз дыбыс әріптер.

Пайдаланылатын әдіс тәсіл:


Сұрақ жауап. түсіндіру. әңгімелеу.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру бөлімі.Балалар ,оқулығымызды, дәптерлерімізді, қаламымызды түгелдей аламыз.Дәптерлерімізді арттан алға қарай жинаймыз.Сынып жұмыс дәптерлерімізді таратып аламыз да, парта шетіне қоямыз.

2.Үй тапсырмасын бекіту. Балалар үй тапсырмасы бойынша "Төлді қалай шақырады?"

Қой, қошақан-пұшайт, пұшайт.

Ешкі, лақ -шөре, шөре.

Жылқы, құлын-құрау,құрау.

Сиыр, бұзау - аухау,аухау.

Түйе, бота- көс, көс.

Оқушыларға оқыту, төлдерді қалай шақыратынын жеке-жеке сұрау, олардың пайдалы өнімдерін атап өту.Сабаққа белсене қатысқан оқушыға шаршы таратып тұру.

Дауыссыз дыбыстардың қанша екенін сұрау, у дыбысының бірде дауысты бірде дауыссыз екенін ажырата айту.

3.Жаңа сабақ. Балалар, біздер үй жануарларын қалай дыбыстап шақыратынын үйрендік, білдік солай- ма балалар.

Олай болса оқулығымыздағы 25- беттегі 20- жаттығуға назар аударамыз. Сөйлемдерді көшіріп жазу, дауыссыз дыбыстардың астын сызу.

Балалар, дәптерімізді аламыз, бүгінгі күннің жадын жазамыз. Сынып жұмысы.20-ж деп жазамыз.

20-ж

Түйе боздайды. Сиыр мөңірейді. Қой маңырайды. Жылқы кісінейді.

Оқушылардың тапсырманы орындауын қадағалау Қателерін түзеу.

Сергіту сәті:

21-ж.

Тақтамен жұмыс жүргізу.

Түйе боталайды.Жылқы құлындайды. Сиыр бұзаулайды.Қой қоздайды.Ешкі лақтайды.

Жеке- жеке оқушыларға орындату.

Балалар,енді жинақталып, тіке отырып,жұмбақ шешеміз.

Маң,маң,маң басқан

Шудаларын шаң басқан,

Бұл қай жануар.(түйе)

Өте жақсы балалар, түйенің төлі не Бота

Оқушыларға түйенің мүсінін көрсету. Оқулықтағы Түйе өлеңін мәнерлеп оқып беру.

Түйе

Ең зор түлік-түйемін,

Тікенді шөпті сүйемін.

Пайдалансаң , сүтім-шұбат-

Дертке дауа, жанға қуат.

Қу тышқанға алдандым,

Жыл басынан құр қалдым.

Түйенің тікенді шөпке жайылатынын түсіндір.Ерте кезде ата-бабаларымыз түйені көлік ретінде пайдаланғанын түсіндіру.Сондай-ақ шөлге төзімді екенін айту.Түйенің екі және бір өркешті айырмашылықтарын түсіндіру.Мая және інген.Жүнінен жылы киім және көрпе жасалады. Сүті, шұбат ағзамыз үшін пайдалы.Сүттен балқаймақ,шұбаттан құрт жасалатынын түсіндіру.

Балалар, түйенің төлі бота екенін айтып.Бота өлеңін оқу.Оқушыларға тізбектей оқыту.Жылдамдығын қадағалау, қатесіз оқуын тексеру.

Бота

Айналайын, ботам,

Қандай күлте жотаң.

Табандарың жалпақ,

Теріп жейсің жантақ.

Иіліп тұр мойының,

Қанбайды екен ойының

Тостағандай көзің,

Әдемісің өзің.

Балалар, бота деген сондай сүйкімді төл екен.Бізді үйде ата-аналарың "Ботам","Ботақаным" деп еркелетеді.

Оқушылардан өз пікірлерін сұрау.Әңгіме айтқызу.

4.Сабақты қорыту.Сабаққа белсене араласқан оқушыларды мақтау - мадақтау. Берілген шаршыларын санау. Санына қарай бағалау.

5. Үйге тапсырма беру. Түйе өлеңін мәнерлеп оқу. Бота өлеңін жаттау. 45-мин.



© 2010-2022