Дүниетану Аңдар қалай қыстайды? (1 сынып)

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

ШДүниетану Аңдар қалай қыстайды? (1 сынып)ҚО
Семей қаласы «№25 ЖОББМ»КММ Бастауыш сынып мұғалімі Калембекова Толқын Сейілқызы

Сабақтың тақырыбы: Аңдар қалай қыстайды?

Сабақтың мақсаты:

Балаларды аңдармен таныстыру, олардың мекені туралы әңгімелеу

Балалардың ой-өрісін дамыту әрбір баланың өзіндік ерекшелігін ескере отырып, жеке жұмыс жүргізу.

Бүлдіршіндерді ұғымталдыққа, бірлесіп жұмыс істей білуге тәр-

биелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың типі: Жаңа ұғымды меңгерту

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, көрнекілік, ойын, әңгімелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Көркем суреттер, орман, жабайы аңдардың суреттері

.

Сабақтың барысы:

І Алғашқы ұйымдастыру

а) балалардың сабаққа дайындығын тексеру.

ә) психологиялық сәлемдесу.

Біз сіздермен бірге болғанымызға қуаныштымыз.

Біз сіздерге сәттілік тілейміз.

ІІ Өткен сабақты пысытау.

Балалардан үйге берілген «Құстардың қысқыға дайындығы» мазмұндау

ІІІ Жаңа сабақ

-Балалар, бүгін бізге аңдардың қыста қалай қыстайтынын ?қалай қоректенетінін? танысып білеміз.

1 слайд

2 слайд

Қыс туралы білгендерін ортаға салу.

Қазір жылдың кай мезгілі? Қыс жылдың суық маусымы. Қыста күн суық, ызғар, боран, аяз болады. Өзен мен көлдер қатып, айнала аппақ көрпе жамылады. Қыста күн қысқа ,ал түн ұзақ болады.

3 слайд

Қыс маусымы үш айдан тұрады. Желтоқсан,қаңтар,ақпан. Қыстың басы жылы болса , қыстың ортасы суық болады.

4 слайд

Аңдар қысқыға қалай дайындалаы? Аңдардың қысқа қарай індеріне азық жинап. Кейбір аңдар ініне емес бойына май жинап қысқы ұзақ ұйқыға кетеді екен.Олар борсық, кірпі, аю, суыр. Қалған аңдар інінде болса, түлкі, тиін ,қоян олар түстерін өзгертіп, жүндері қалыңдай түседі екен.Қыста аңдарға азық тауып жеу қийындық соғады.Бұғы ,елік жануарлар қар астындағы шөпті аршып жей алмай ,тек бұталармен қоректенеді. Қыста тиін қатты суық кезде ағаштың қуысында жинаған азыған жейді. Түлкі қар астындағы тышқандардың сыбдырын тез естіп , тез-ақ ұстап алады.

5 слайд

«Артығын тап» ойыны Оқушылар Бір жолдағы артығын табады. Неліктен? Артық толықтай жауап береді Айырмашылығы туралы мәліметтер беру.

6 слайд

«Төлдерін тап!» ойыны .Оқушылар берілген аңдар мен жануарлардың төлдерін табу. Сол аң туралы білетіндерін қысқаша түсіндіру.

7 слайд

Қалып қойған сөздерді тауып,сөйлемді аяқтау.

Қорытынды :

Үйге тапсырма: «Аңдар қалай қыстайды?» Өздері таңдап алған аң туралы,қысқы тіршілігі туралы әңгіме құрап келу.


© 2010-2022