Тақырыбы: Желтоқсан батыр әдебиеттік оқу пәні

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

22.12.2014Пәні:әдебиет

Сабақтың тақырыбы: Желтоқсан (ертегі-мысал).

Сабақтың мақсаты:

Білімдік: ертегіні оқытып, мазмұны бойынша берілген тапсырмаларды ізденіп, өз беттерімен шешуге жағдай туғызу.

Дамытушылық: оқушылардың дүниетанымы есту, оқу, көру арқылы кеңейе түсетінін байқату.

Тәрбиелік: табиғатты тану, оған жанашырлық таныту - әдептіліктің бір көрінісі екеніне көз жеткізу.

Сабақтың көрнекілігі?жыл мезгілдері суреті,оқулық.

Сабақтың барысы:

1. Қызығушылығын ояту.

а) Оқушылар топтарға бөлініп отырады. Әр топ алдарындағы плакатқа (ортасында Жыл мезгілі деп жазылған) аюға байланысты берілген тапсырманы орындауды бастайды.

Тапсырмалар:

1-топ.Қысқы табиғатты суретте

2-топ. Жануарлар тіршілігі

3-топ.Адамдардың еңбегі

4-топ.Жыл мезгілі туралы қандай ертегі білесіңдер? (Аттарын жазу).

Әр топтан бір оқушы шығып, плакат бойынша сөйлейді. Плакат көрнекі жерге ілінеді.

2. Мағынаны тану.

- Балалар, енді біз «Желтоқсан батыр» деген ертегі-мысалды оқимыз. Сендер мәтінді оқығанда жыл мезгіліндегі айларға саяхатқа шығамыз.. Көптеген жаңалыққа тап боларсыңдар..

Мәтін оқылып біткен кезде:

- Ал, балалар ,шалдың балалары туралы әңгімелейік.

Бірінші көргендері:Желтоқсанбек,Қаңтарбек,Ақпанбек

- Олардың мінезін сипатта.

- Ары қарай балаларын ата.Наурызбек,Көкекбек,Мамыргүлге сипаттама бер.

- Балалар, сендердің саяхаттарың мағаң өте ұнады, сондықтан ары қарай саяхаттауды жалғастырғыларың келе ме? - деп, мәтінді іштей оқу жалғасады..

Дәптермен жұмыс

- Адам аттарының ай,апта,мереке күндерімен аталуына мысал жаз

-«Семантикалық картаны»толтыр

Ұнаған кейіпкер

Портреті

Ел үшін еңбегі

Авторға сұрақ


.

3. Ойтолғау.

а)Шал мен кемпір балаларының қайсысының мінез-құлқы ұнады?

-Балалар есімдерінің солай аталуының себебін шалдың ойын болжау арқылы түсіндір.

-Кейіпкерлер арқылы ертегінің түрлерін ажырат.

; «Мен тағы не білдім?» деген бағанды толтырып, оқулықтағы мақалдармен жұмыс арқылы сабақты қорытындылау.

ә) Білгенім - бір тоғыз,

Білмегенім - тоқсан тоғыз немесе

«Мен білгім келеді» деген тақырыпта әссе жаздыру.

Үйге: «Желтоқсан батыр»мазмұндау бағалау

© 2010-2022