Кері есептер +4 -4

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: « Кері есептер  + 4,  -4.

Сабақтың мақсаты:

а)білімділік:Оқушылардың кері есептер туралы ұғымын тиянақтау;тура және тура емес теңсіздіктерді ажырата білуге;тура теңдік құрай білу дағдыларын қалыптастыру.

ә)дамытушылық:Оқушылардың есте сақтау, логикалық ойлау қабілеттерін, зейінін дамыту.Қосу,азайту амалдарының компоненттерін ажырата білуге баулу.

б)тәрбиелік:Оқушыларды сауаттылыққа, ұқыптылыққа, алған білімін қолдана алуға ,зейінділікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі:білімді тиянақтау

Сабақтың түрі: аралас.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, талдау, есептеу,өзіндік жұмыс

Көрнекілігі: дидақтикалық материалдар,алма,алмұрт,таратпалар



Сабақ барысы.



I. Ұйымдастыру кезеңі.

- Сабаққа назарларын аудару,оқу құралдарын қадағалау.

II.Үй тапсырмасын тексеру.2-есеп,ә)

Қызыл - 9 ( т)

Көк - ? 4 - еуі кем

Шешуі: 9 - 4 = 5

Жауабы: Көк - 5 ( т)

5 -тапсырма:

4 + 5 = 9 9 - 5 = 4 9 - 4 = 5 5 + 4 = 9

6 + 4 = 10 10 - 4 = 6 10 - 6 = 4 4 + 6 = 10

Өрнектерді оқыту,компоненттерін атау.

III.Үй тапсырмасын бағалау.

ІV.Жаңа сабақ.

1. Дидактикалық материалдарды пайдалана отырып, оқушыларға кері есептер туралы түсінік беру, ұғындыру.

1-қатарда      2 - қатарда ? -3 артық

-1-қатардағы і ойыншықтар саны белгілі ме?

- 2-қатардағы ойыншықтар саны ше ? сұрақтар қою, түсіндіру.

2. Оқулықпен жұмыс.

1-есеп: Есептерді оқу ,салыстыру, шығару.

Алма - 5 Алмұрт - 9

Алмұрт - ?, 4-еуі артық Алма - ?, 4-еуі кем.

Шешуі: 5+4=9 Шешуі: 9 - 4 =5

Жауабы: 9 алмұрт. Жауабы: 5 алма

Бұлар кері есептер.

3.Дәптермен жұмыс:1 - есепті талдап,дәптерге жазу.

2-тапсырма:

Теңдік Теңсіздік

Кері есептер +4 -4Кері есептер +4 -4Кері есептер +4 -4Кері есептер +4 -4Кері есептер +4 -4

тура тура емес тура тура емес

= тең < кем > артық

тура теңсіздік тура емес теңсіздік тура теңсіздік

3>2 9<5 9 > 5

4>1 6 >10 6< 10

7>5

6<8

Сергіту cәті:

Жел улейді у-у-у

Қатты-қатты жел соқты гу-гу-гу

Құйын келіп билейді зу-зу-зу

Жапырақтар қол соқты ду-ду-ду

3-тапсырма:

Қысқаша шолу: 2 + 5 = 7 Мына өрнекті кім оқып береді? Қандай өрнек?Компоненттерін атап берші.Ал 5 + 2 =7 өрнегін оқыңдар.Екеуінің мәндері бірдей,не себепті?Себебі қосылғыштардың орнын ауыстырғаннан қосындының мәні өзгермейді.Осы қосу амалын қалай тексереміз?Қосу амалын азайту амалымен тексереміз.Яғни қосындының мәнінен 1-ші қосылғышты азайтсақ,2-ші қосылғыш шығады.Ал,қосындының мәнінен 2-ші қосылғышты азайтсақ,1-ші қосылғыш шығады.Мұны біз математикалық төрттік деп білеміз.Ендеше қазір біз сандарды пайдаланып,төрт тура теңдік құрастырайық.

Төрт тура теңдік құрастыр:

5 + 4= 9  - 5 = 4  - 4 = 5  +  =9

6 + 4 = 10 10 - 6 = 4 10 - 4 = 6 4 + 5 = 9

Өрнекті оқып,компоненттерін айту.

4-тапсырма:Практикалық жұмыс:

Балалар,біз қандай геометриялық фигураларды білеміз? Жауаптары: үшбұрыш,төртбұрыш, дөңгелек, шаршы, түзу, сәуле, бұрыш,кесінді.

Сәуле дегеніміз не ? Түзу деген ше?Оларды қалай сызамыз?Кесінді деген не ? Оның сәуле мен түзуден айырмашылығы неде ?

Оқушылар жауаптарын толықтыру.

Қазір біз кесінді сызамыз.Алдымен оның не екенін және қалай ,немен сызу керектігін еске түсірейік.Кесінді екі ұшы шектелген түзу сызық,оны сызғышпен сызамыз.Оны пайдалану ретін айту.

Ендеше сызғышты пайдаланып,оқулықтағы Балдырғанның сызған кесіндісін өлшейік - 9 см,сол кесіндіні сызып алайық.Бұл сен сызатын кесіндіден 2 см ұзын.Ендеше сен неше см. кесінді сызуың керек?

9 см - 2 см =7 см.Сенің кесіндің 7 см. болса,Балдырғанның кесіндісі сенікінен 2 см. ұзын.Аралап тексеріп,бағалау.

V.Өзіндік жұмыс:таратпалармен жұмыс жасау,бағалау.

VІ.Шығармашылық тапсырма: 3 + 4 < 2Кері есептер +4 -4Кері есептер +4 -4

VІІ.Қорытындылау,бағалау.

  • Азайту амалының қандай компоненттерін білесіңдер?

  • Қосу амалының компоненттерін атаңдар.

VIІІ.Үйге тапсырма беру: 1) өздерің екі кері есеп құраңдар.



© 2010-2022