Менің Отаным - Қазақстан

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным-Қазақстан
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың Қазақстан туралы бiлiмдерiн кеңейту.Отанын сүюге,байлығын қорғауға, елжандылыққа,әсемдiкке,жауапкершiлiкке тәрбиелеу.Өнерге деген қабiлеттерiн дамытып,елге, жерге деген патриоттық сезiмдерін ояту.Ел рәмiздерiн ,тарихын бiлу. Көрнекiлiгi: Плакатқа жазылған Отан,ел рәмiздерi туралы өлең,оқушылар шығармашылығы, буклеттер. 1.Кiрiспе
Қанатты сөз:1. Туған жер алтын бесiк. 2.Отан!Отан! Бәрiнен биiк екен , Мен сенi мәңгiлiкке сүйiп өтем.

М.Мақатаев

2.Негiзiгi бөлiм:
Әнұран орындау
1жүргізуші : Армысыздар, құрметтi ұстаздар,оқушылар? «Менiң Отаным Қазақстан» тақырыбындағы ашық деп жариялаймын. «Отан оттан да ыстық» дейдi халқымыз. Егер сол Отан бөтенге бодан болса, оның оты перзентiнiң өзегiн өртейдi, ешкiмге тәуелсiз болса,мақтаныш алауын маздатады. 2-жүргiзушi: ХХ ғасырдың соңғы 16 жылында тәуелсiз мемлекет ретiңде әлемге танылған Қазақстанның әрбiр Отансүйгiш азаматының кеудесiне осындай сенiмнiң өшпес оты тұтанған.
1-жүргiзушi: Менiң туған өлкем - кең байтақ Қазақстан. Оның асқар таулары мен айдын көлдерi, жайқалған орманы мен жасыл жайлауы менiң ақ бесiгiм. Сондықтан да мен оны ардақтаймын. Шексiз сүйемiн. Әрқашан аялап,қорғап жүремiн. 2-жүргiзушi:

Отаным - алтын бесiгiм

Тербеттiң менi төсiңде. Жүредi сенiң есiмiң Ер жеткен кезде есiмде. 1-жүргiзушi: Отан-тарих.Отан-тiл Жасаған елiң,өз халқың. Отан-өлең,Отан- жыр Көтерген көкке ел даңқын.


Бiрлiк түбi- береке,

Береке түбi-мереке. Ақ бiлектiң кұшiмен, Ақ найзаның ұшымен Ел болуды ойлаңдар! 1-оқушы: 1990 жылы 25 қазанда Республика Жоғарығы кеңестiң сессиясы Қазақ ССР- нiң мемлекетiк егемендiгi туралы Декларация қабылдады. 2-оқушы: Қазақстан -бiздiң сүйiктi атамекенiмiз.1991 жылғы желтоқсанның 16-сы оның тарихындағы ұлы күн. 3-оқушы: Сол күнi Қазақсан өзiнiң тәуелсiздiгiн жариялады.Қазақ халқы ғасырлар бойы аңсаған арманына жеттi. 4-оқушы: 1991 жылы 21 желтоқсанда Тәуелсiз мемлекеттер Достық Одағы құрылды. 5-оқушы: 1992 жылы 28 қаңтарда Қазақстанның Ата Заңы Конституция қабылданды. 6--оқушы: 1993 жылы маусымның 4-де Қазақстанның басты нышандары - мемлекеттiк Туын,Елтаңбасын ,Әнұранын бекiттi.Тәуелсiз ел нышандары - халқымыздың бай рухани мұрасы мәдениетiмiз бен өнерiмiздiң мол тәжiрибесiне негiздей жасалынды. 7-оқушы: Бәрi болған қазақ сынды көне елде, Ел белгi де, ерлiк ,өнер де. Жахандағы ең жауынгер халықта

Кiм сенедi ,Ту болмады дегенге?

Ту авторы : Шәкен Оңдасбекұлы Ниязбеков 8-оқушы: Батырлыққа уызынан жарыған Ер түркiнi байрағынан таныған Өзi ақын,өзi әншi халықта Кiм айта алар болмаған деп-Әнұран? Әнұран авторы: Е.Брусиловский,Л.Хамиди ,М.Төлебаев Сөзiн жазғандар: Ж.Дәрiбаева,М.Әлiмбаев, Қ.Мырзалиев,Т.Молдағалиев
9-оқушы: Бас бiлгiзiп жер тарпаңға Жасы тұрмақ шығады екен қарты аңға. Қалай оның Елтаңбасы болмайды Түлiгiне дейiн салса ен таңба? Елтаңба авторы: Шота Аман Ыдырысұлы Уәлиханов 1-жүргiзушi: Қазақстан Республикасының азаматтары,сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында жүрген адамдар Қазақстан Республикасының Туын,Елтаңбасын,Әнұранын қастерлеуге мiндеттi. 2 жүргiзушi: Туымен тұғырлы,Елтаңбасымен еңселі,әнұранымен айбатты Отанымыздың арқа сүйер азаматы болайық. Оқушы: Қазақстан туған өлкем Жер көп пе сендей көркем Көрсiн деп күллi әлемге Жалауыңды желге желпем.
1 -жүргiзушi: Отаным -Қазақстаным.Туған жерiм,Туған елiм. Елiм-Қазағым. 2 -жүргiзушi: Өмiрiмiздi,өзiмiздi көрiп 1 -жүргiзушi: Әнiмiздi,жырымызды тыңдап 2 -жүргiзушi: Ерлiгiмiздi,тiрлiгiмiзге қарап 1 -жүргiзушi: Тұрқымызды ,ғұрпымызды көрiп 2 -жүргiзушi: Өзiмiздi,сөзiмiздi тыңдап
Қорытынды : 1.Оқушылар салған суреттерi бойынша ой толғап, шағын шығармаларын оқиды. 2.Өздерi шығарған өлеңдерiн оқиды.

Кім тақырыпқа байланысты өлең,мақал-мәтелдер,қанатты сөздер біледі? «Кім жүйрік?» бөлімі бойынша өнерлеріңді тамашалайық!
«Сан сұраққа саяхат» бөлімі Топтық жұмыс Дәптермен жұмыс Нені білдің? Нені үйрендің? Не ұнады? т.б сұрақтарды микрофон әдісі бойынша талдау. Смайлик бойынша оқушылар өз көңіл-күйлерін білдіру. Бағалау Үйге тапсырма беру Қорытынды:Жарайсыңдар,балалар!Бүгін сабаққа өте белсенділікпен қатыстыңдар. Мен сендердің тәуелсіздігіміздің ертеңін ойлар азамат болатындарыңа сенімдімін. Тәуелсіздігіміз тұғырлы,егемендігіміз еңселі болып,көк Туымыз көгімізде мәңгі желбірей берсін! Сендер де қыран құстай қанаттарың талмай,биіктерден көріне беріңдер! Сабағымызды «Менің елім» әнімен аяқтайық. (хор)

© 2010-2022