Наурыз –береке, Наурыз - мереке 1 сынып

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Наурыз -береке, Наурыз - мереке

Мақсаты: Балалардың ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесі туралы түсініктерін кеңейту, ұлттық салт-дәстүрді құрметтеуге, елін, тілін сүюге тәрбиелеу, ауызша сөйлеу дағдысын жетілдіру.

Көрнекілік: шар, қанатты сөздер, гүлдер, суреттер.

Тәрбие сағаты барысы:

  1. Кіріспе бөлім.

Сұрақ - жауап әдісін пайдалана отырып, мұғалім кіріспе әңгіме жүргізеді. Наурыз мерекесі туралы түсіндіреді.

-Балалар Наурыз мерекесін неліктен Жыл басы дейміз?

-Наурыз көже дегеніміз не?

-Ұлттық ойындар туралы не білесіңдер?

2. Негізгі бөлім. Әдеби монтаж

1.Ерасыл Жыл басы наурыз мереке

Ақнұрға әлем боялды

Наурыз тойы береке

Тіршілік жаңа оянды

2.Меруерт Наурыз тойы береке

Наурыз тойы мереке

Наурыз тойы жыр - аңыз

Қызық думан құрамыз

3.Аман Наурыз - сәнді , Наурыз -әнді

Гүлдер жапты бөктерді

Ал, балалар думандатып

Қарсы алайық көктемді

4.Аружан Наурыз келді жер көгерді

Байшешектер гүлдеді

5. Шарбат Күн жылынды нұрын төгіп

Аймалады бізді енді

6.Еркебұлан Тәтті ірімшік жинаймын

Наурызға мен сыйлаймын

  1. Ерке Наурыз келді қуанып

Қолдарына гүл алып

Апам да жүр қуанып

Атам да жүр қуанып

  1. Аяжан Жан-жануар серпілді

Қояр емес еркімді

Гүл теруге барамын

Тастап бүгін бөркімді

9.Томирис Наурыз айы шуақты

Сенің күлкін сияқты

Жаңбыр жауса себелеп

Шығар ертең көбелек

«Қазақ биі» қыздар тобы

Ән «Наурыз тойы» ұлдар тобы

3.Қорытынды бөлім

Мұғалімнің қорытынды сөзі.

  • Балалар сендер ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесі туралы білдіңдер. Наурызды мемлекетімізде барша халық болып тойлайды. Наурыз мерекесінде сендерге денсаулық, үлгілі оқушы болуды, ұқыпты болуды тілеймін.

© 2010-2022