Ашық сабақ. Дүниетану. Табиғаттағы су айналымы

Раздел Начальные классы
Класс 4 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ тақырыбы: Табиғаттағы су айналымы.

Сабақ мақсаты: Өмірдің қайнар көзі мен тіршілік көзі ретінде су туралы оқушылардың білімін қалыптастыру. Өз бетімен білім алуға, ізденпаздыққа, шығармашылықпен жұмыс істеуге үйрете отырып, ой- өрісін дамыту.

Сабақ көрнекілігі: презентация, доп, мозайка,

Сабақтың әдісі: тәжірибелер жасау, СТО стратегиялары :, тәжірибе жасау

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық дайындық.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Кәне балалар үйге қандай тапсырма берілді?

Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар.

Олай болса үйге берген тапсырманы қаншалықты меңгергендеріңді мына тапсырмалар арқылы білетін боламыз.

Бу тобы: Құрлыс материалдар тобын ата?

Әктастың түрлерін ата?

Су тобы: Мәрмәр дегеніміз не?

Асбестің қандай ерекшеліктері бар?

Мұз тобы: Ас тұзы қайда қолданылады?

Фосфориттің қандай пайдасы бар?

Өте жақсы. Ендеше, өткен тақырыптарды еске түсіріп

«Кім жылдам» ойынын ойнап жіберейік.

Шарты: 1- ші топ, 2 -ші топқа, 2-ші топ 3-топқа , 3-топ 1-ші топқа бір - бірден сұрақтар қояды.

Жаңа сабақ

Жақсы балалар енді мен сендерге, жұмбақ жасырамын сол жұмбақты тапсаңдар бүгінгі сабағымызды білетін боламыз.

Жылт - жылт еткен,

Жылғалардан өткен. (су)

Дұрыс. Олай болса тақтаға назар аударайық. (ведио ролик)

Мұғалімнің түсіндермесі:

Су -тіршілік көзі. Сусыз тірі ағза өмір сүре алмайды. Су бар жерде тіршілік бар. Тіршілік құбылыстарының бәрі судың қатысуымен жүреді.

Адам ағзасы 50- ден 90 пайызына дейін судан тұрады. Салмағы 70 кг адамның денесінде 50 кг су бар. Оның мөлшері 17кг кемісе , адам халі нашарлайды. Адам су ішпей бір апта ғана шыдай алады. Су - табиғатта ең көп таралған зат. Жер бетінің 3\ 2 бөлігін су қабаты алып жатыр. Қалған 3\ 1 бөлігі құрлық. Судың тағы бір кереметі ол жер бетінде үнемі тынымсыз айналыста жүреді. Күн сәулесі қызуынан мұхит, теңіз,

көл, өзен суы буланып, ауа қабатына барады. Көзге көрінбейтін су буы ауаның салқын қабатына көтерілгенде қоюланып, бұлт түзеді. Сосын жауын-шашынға айналып, құрлыққа қайтып оралады. Су табиғатта осылай айналым жасайды. Терек бір жылда 2000 литрге жуық суды буға айналдырады. Табиғаттағы су үш түрлі: сұйық, қатты және газ тәріздес бу күйінде кездеседі.

Тәжірибе жасау

Су мөлдір. Ол үшін тәжірибе жасап көрейік.

1 стаканға су, 1 стаканға сүт құйып көрейік. Олардың ішіне қасық салайық. Қайсысында қасық анық көрінеді. Неге? Бұл тәжірибеден судың қандай қасиетін байқадыңдар?

Су түссіз, мөлдір, иіссіз екен.

Мысалы : Жуылған киімді далаға жайсақ біраздан кейін кебеді. Оның бойындағы су қайда кетті?

Күн көзі жылуынан су буға айналды. Бу ауаға араласты.

Сергіту сәті:

Оқулықпен жұмыс: Мәтінді оқу.

Шығармашылық тапсырма:

Бу тобы: Судың пайдасы (Адам, өсімдік, жануарлар үшін маңызды. Электр қуатын аламыз. Кемемен жүк тасиды, өндіріске керек )

Су тобы: Судың зияны( Асбесті ериді сел апаты Топырақтың беткі қабатын шаяды Жаңбыр жиі жиі жауса өсмдік шіриді)

Мұз тобы: су туралы 4 шумақ өлең шығару

Дәптермен жұмыс:

Қорытындылау.

Табиғаттағы су айналымы болмаса не болар еді?

(Жер беті кеуіп, жер бетінде тіршілік жойылар еді. )

Судың қасиеттері ( сұйық, еріткіш, түссіз, дәмсіз).

Су көздері ( Бұлақ, өзен, көл, теңіз, мұхит)

Кері байланыс: Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады.

ҮІ.Қорыту.

-Біз не білдік?

-Не үйрендік?

Су жүргізер тіршіліктің тамырын,

Су жоқ болса тірлік тәмам, бауырым.

Судың біздер біле тұра маңызын

Көп болған соң ұмытамыз қадірін.

ҮІІ.Бағалау.ҮІІІ.Үйде: Мәтінді түсініп , су туралы мақал мәтел, нақыл сөздер жинап келу.

«Бекітемін»

Оқу ісінің меңгерушісі ------------

Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың тақырыбы

Табиғаттағы су айналымы

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Өмірдің қайнар көзі мен тіршілік көзі ретінде су туралы оқушылардың білімін қалыптастыру. Өз бетімен білім алуға, ізденпаздыққа, шығармашылықпен жұмыс істеуге үйрете отырып, ой- өрісін дамыту.

Білімділік. Судың табиғаттағы айналымы туралы ұғым қалыптастыру.

Дамытушылық. Оқушылардың оқыған тақырып бойынша ойын жинақтап, өз бетінше қорытынды жасай білуге машықтандыру.

Тәрбиелік.Тіршілік судың қатысымен жүзеге асатынын ұғындыра отырып, суды қорғауға, табиғатты сүюге тәрбиелеу.

Сабақ түрі: жаңа сабақ

Сабақтағы әдіс-тәсілдер: Психологиялық тренинг, СТО стратегиялары, шығармашылық жұмыс,

Сабақ көрнекілігі: сабаққа презентация, электронды оқулық, бейне таспа, оқулық, су айналымы салынған кесте, дәптер, тақырыпқа сай схемалар.

Психологиялық ахуал

«Күн шуағы»Қол ұстасып бәріміз,Жылылықты сезейік.

Шуақ шашқан күндей боп,

Күлімсіреп жүрейік.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

Мағынаны тану

Мұғалемнің түсіндірмесі :

Су-ғажайып зат.Сусыз тіршілік етпейтін ағза кездеспейді. Су-табиғатты ең көп таралған зат.Жер бетінің үштен екі бөлігін су қабаты алып жатыр. Адам ағзасы 50- ден 90 пайызына дейін судан тұрады. Салмағы 70 кг адамның денесінде 50 кг су бар. Оның мөлшері 17кг кемісе , адам халі нашарлайды. Адам су ішпей бір апта ғана шыдай алады. Су - табиғатта ең көп таралған зат. Қалған үштен бір бөлігі ғана құрлық.(Глобустан көрсету) Судың кереметі- оның жер бетінде тынымсыз айналыста жүруі./Судың табиғаттағы айналымы слайд б-ша түсіндіріледі./

1. Күн сәулесінің қызуынан мұхит,теңіз,көл,өзен суы буланып,ауа қабатына барады.Сонымен қатар топырақ,өсімдік,жануарлардан буланған су буы ауа қабатына көтеріледі.

Ауаның салқын қабатында су буы қоюланып,бұлт түзеді.Бұлт ауаның ағысымен қозғалысқа түседі.Ол жауын-шашынға айналып,құрлыққа оралады.Жауын-шашынның бір бөлігі топыраққа сіңеді./Бұлт туралы білімдерін еске түсіру./

Күн қыздырғаннда қайтадан буланып,ауаға көтеріледі.

Мәтінмен жұмыс.Білімді алғашқы бекіту.

Оқушыларға оқыту.

Ойын « Кім жылдам»

Шарты: 1- ші топ, 2 -ші топқа, 2-ші топ 3-топқа , 3-топ 1-ші топқа бір - бірден сұрақтар қояды.

Сергіту сәті

«Ақ бұлақ»

Ой толғаныс



Шығармашылық тапсырма:

Дәптермен жұмыс

Су мөлдір. Ол үшін тәжірибе жасап көрейік.

1 стаканға су, 1 стаканға сүт құйып көрейік. Олардың ішіне қасық салайық. Қайсысында қасық анық көрінеді. Неге? Бұл тәжірибеден судың қандай қасиетін байқадыңдар?

Су түссіз, мөлдір, иіссіз екен.

Мысалы : Жуылған киімді далаға жайсақ біраздан кейін кебеді. Оның бойындағы су қайда кетті?

Күн көзі жылуынан су буға айналды. Бу ауаға араласты.

Бу тобы: Судың пайдасы (Адам, өсімдік, жануарлар үшін маңызды. Электр қуатын аламыз. Кемемен жүк тасиды, өндіріске керек )

Су тобы: Судың зияны( Асбесті ериді сел апаты Топырақтың беткі қабатын шаяды Жаңбыр жиі жиі жауса өсмдік шіриді)

Мұз тобы: су туралы 4 шумақ өлең шығару

Үйге тапсырма

Мәтінді түсініп оқып, мазмұндау.

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады


Ашық сабақ. Дүниетану. Табиғаттағы су айналымы.Ашық сабақ. Дүниетану. Табиғаттағы су айналымы.Ашық сабақ. Дүниетану. Табиғаттағы су айналымы.

Ашық сабақ. Дүниетану. Табиғаттағы су айналымы.Ашық сабақ. Дүниетану. Табиғаттағы су айналымы.Ашық сабақ. Дүниетану. Табиғаттағы су айналымы.

Ашық сабақ. Дүниетану. Табиғаттағы су айналымы.Ашық сабақ. Дүниетану. Табиғаттағы су айналымы.Ашық сабақ. Дүниетану. Табиғаттағы су айналымы.Ашық сабақ. Дүниетану. Табиғаттағы су айналымы.

© 2010-2022