Сыныптан тыс жұмыс Ойнайық та ойлайық

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: «Білім аралына саяхат!» Мақсаты: Өткен сабақтар бойынша балалардың білімдерін тиянақтау.

Міндеті:

  • Ойын арқылы ойлау қабілеттерін,зейіндерін дамыту.

  • Табиғат туралы білімдерін толықтыру.

  • Достыққа, табиғатты аялауға тәрбиелеу. Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап.

Ұйымдастырылған оқу-іс әрекетінің барысы: Шаттық шеңбері :

Кел,балалар ойнайық!

Ойнайық та ойлайық . Қандай жұмбақ болсада ,

Шешпей оны қоймайық !
Тәрбиеші:Балалар,бүгін бізде ерекше сабақ .Ендеше, балалар бүгін біз білім аралына саяхатқа барамыз. Сендер өздеріңді білімді,ақылды,тәртіпті,мейрімді екендерін,сондай-ақ шапшаңдықтарыңды көрсетулерің керек . Олай болса балалар, білім аралына жету үшін көлік керек .Сендер көліктердің қандай түрлерін білесіңдер? Слайд көрсету.

Балалар: Ұшақ,тікұшақ,машина,кеме т.б.Көліктер нешеге бөлінеді: Суда жүзетін,аспанда ұшатын,жерде жүретін. Тәрбиеші:Жақсы,онда біз кемеге отырып саяхатқа аттанамыз..Кәнекей бәріміз кемеге отырайық. Кемені жүргізетін жүргізушіні тағайындап алайық. Балалар екі топқа бөлінеді. 1-топ Балапандар. 2-топКөжектер Тәрбиеші: Жарайсыңдар,балалар білім аралынада жетіп қалыппыз.Ой балалар, қарандаршы табиғаты қандай тамаша, мөлдір су ,таза ауа.Канекей ,мөлдір сумен бетімізді жуып терең таза ауамен тыныс алайық. Балалар бұл жердегі ағаштар ,гүлдер,тастар жай заттар емес, сыйқырлы заттар.Олардың бізге дайындаған тапсырмалары бар екен.
1. «Мөлдір судың» тапсырмасы

1.Табиғат дегеніміз не ? 2.Жанды табиғатқа нелер жатады? 3.Жансыз табиғатқа нелер жатады?4.Күн,ауа және суды неге біздің досымыз дейміз? 5.Күннің көзі мен судың қандай зияны бар? 6.Ауаны не ластайды?және ауа таза болу үшін неістеу керек.?

2.Таулардыңтапсырмасы

Жұмбақтарды шеш.

1Кішкене ғана бойы бар.

.Айналдырып киген тоны бар

2.Орманда жоғары ағашқа қонады. Тұмсығын балға етіп Тарсылдатып соғады.

3.Жазда жатсаң-көлеңкесіне алады. Қыста жақсаң жаның рахат табады.

4.Күндіз тіпті ұшады Түнде тышқан ұстайды Көзі шамға ұқсайды

5.Ақсандығым ашылды Ішінен жібек шашылды

6.Өзі жап жас,мұрты бар , Ет пен сүтке ұмтылар. Тастамайды жылы үйде Түкті тонын шұп-шұбар

3.Орманның тапсырмасы.
«Тапқыр болсаң тауып көр» .Логикалық тапсырмалар.
Слайд көрсету.

4.Асқар таудың тапсырмасы:
Сөздерді оқып, дыбыстық талдау жаса. Сөзде неше дыбыс бар? 1.ШАНА 2.АҒАШ
5.Құстардың тапсырмасы:
1.1-ден10-ғадейін тура және кері сана. 2.Жоғалған сандарды тап. 1-топ 1,3,..6 2-топ . 2,.4,.6 3.Көрш ісандарды тап. 1-топ 3 2-топ 5
6. Жануарлардың тапсырмасы. 1.Ребус шешу 2.Екі топқа бірдей тапсырма. Қандай ертегіден алынған? Ертегіні сахналау.Өте жақсы,балалар.Сиқырлы аралдың сұрақтарына жауап бердік.Енді өзіміздің мектебімізге қайтып оралайық.Ол үшін кемеге отырайық. Қорыту:Балалар,сендерге саяхат ұнады ма?қай топ жақсы қатысты деп ойлайсыңдар?Балалардың арасынан кім белсене қатысты?Балаларды мадақтау,бағалау.

.
Қорытынды:
Тәрбиеші: Балалар, бүгін біз қайда бардық?
- Білім аралына.
- Аралда нелерді көрдік?
- Ағаштар, құстар, гүлдер т.б.
Енді,ұшаққа отырып, туған жерімізге, балабақшамызға қайтайық.



© 2010-2022