Открытый урок по казахскому языку на тему Хабарлы сөйлем

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы : Хабарлы сөйлем.
Сабақтың мақсаты : 1. Оқушыларға сөйлем, оның түрлері туралы түсінік беру. Сөйлемдердің түрлерін айыра білуге үйрету.
2. Ауызша және жазбаша тілдерін дамыту, сөздік қорын, байланыстырып сөйлеу, шығармашылық , есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту.
3. Ұқыптылыққа баулу, өз елін, жерін сүюге, мақтан тұтуға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, қағазға жазылған сөздер, слайд.
Сабақтың әдісі : түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік.
Сабақтың түрі : дәстүрлі сабақ .

Пәнаралық байланыс: дүниетану, музыка.
Сабақтың барысы :
1. Ұйымдастыру бөлімі.
Психологиялық дайындық. 1-слайд
Бір, екі, үш,

Бойға жинап күш,

Біз сабақты бастаймыз,

Жалқаулықты тастаймыз.

2. Үй тапсырмасын сұрау 2-слайд

А) 1 . Мәтін дегеніміз не?

2. Мәтіннің қандай түрлері бар?

3. Сөйлем нені білдіреді?

4. Сөйлем туралы тағы не білесіңдер?

- Балалар, сөйлемдер айтылу мақсатына қарай 3 түрге бөлінеді екен. Соның бір түрі хабарлы сөйлем. Бүгінгі ашық сабағымыз сол хабарлы сөйлем жайында болады.

ә) Дәптер алмастыру.

3. Жаңа сабақ: 3-слайд

Ережемен таныстыру.

Бірдеңенің жайын хабарлау мақсатымен айтылған сөйлемді хабарлы сөйлем дейді. Хабарлы сөйлемнің соңына нүкте ( . ) қойылады: Біз кеше циркке бардық.

(Ережені хормен оқу)

169-жаттығу (ауызша орындау)

Итбалық балықпен қоректенеді. Ол өте жақсы жүзеді, керемет сүңгиді. Аяқ орнында жүзу қанатшалары бар. Итбалықтың күшіктері де аппақ. Сондықтан оларды ақүрпек деп атайды.

- Бұл не?

- Мәтінде неше сөйлем бар?

- Бұл мәтіннің қай түріне жатады деп ойлайсыңдар?

- Мәтінге қандай ат қоюға болады?

- Мәтіндегі сөйлемдер айтылу мақсатына қарай қандай сөйлемге жатады?

4-слайд Итбалық туралы қосымша мәлімет

Открытый урок по казахскому языку на тему Хабарлы сөйлем

Итбалықтың аналығы жылына бір рет күшіктейді екен. Қазақстанның Каспий теңізінде - каспий итбалығы кездеседі. Итбалықты еті, майы, терісі пайдалы, сол үшін көп ауланады. Қазір оның саны азайып кеткен. Сондықтан оны аулауға тыйым салынған екен.

170-жаттығу

Бұлбұл

Бұлбұл- кішкентай құс. Ол таңертең ағашқа қонып алып сайрайды. Бұлбұлдың үні құлаққа өте жағымды.

- Мәтінде неше сөйлем бар?

- Мәтіндегі сөйлемдер қандай сөйлем түріне жатады? Неліктен?

5-слайд Бұлбұл туралы қосымша мәлімет

Открытый урок по казахскому языку на тему Хабарлы сөйлем

Бұлбұлдар - торғайлар отрядынадағы сайрауықтар тобына жататын әнші құстар . Қазақстанда бұл құстың екі түрі бар екен. Оның біреуі кәдімгі шығыс бұлбұлы, екіншісі оңтүстік зортұмсықты бұлбұл. Бұлбұл жәндіктер, өрмекшілер сияқтылармен қоректеніп, орман шаруашылығына пайдасын тигізеді екен.

4. Сергіту сәті 6-слайд

171-жаттығу

Сөздерді оқып,әйелдердің киімін білдіретін сөздерді бір бөлек, ерлердің киімін білдіретін сөздерді бір бөлек топтастыру

Әйелдер киімі Ерлер киімі

сәукеле жейде

орамал күпі

жаулық құлақшын

ішік шекпен

қамзол

шәлі

Қарамен жазылған сөздерге сөйлем құрастыру және ол сөздерге дыбыстық талдау жасау.

173-жаттығу (Өзіндік жұмыс) 7-слайд

Менің досым Қырғызстанда тұрады. Мен оған өз елім туралы мақтанышпен жазамын. Ол жазда Алматыға келмекші. Досымды асыға күтіп жүрмін.

  • Мәтінде не туралы айтылған?

  • Мәтінде неше сөйлем бар?

  • Мәтінге қандай ат қоюға болады?

  • Бұл мәтіннің қай түріне жатады деп ойлайсыңдар?

  • Қырғызстан дегенді қалай түсініп отырсыңдар?

  • Ал сендер өз Отандарың жайында не айта аласыңдар?

  • Отан туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?

Тест сұрақтары 8-слайд

  1. Хабарлы сөйлемді тап.

А) Ол кім? Ә) Бүгін жаңбыр жауды. Б) Алақай, әжем келді!

2. Мәтін неден құралады?

А) Сөзден Ә) Буыннан Б) Сөйлемнен

3. Ұяң дауыссыздан басталған сөзді көрсет.

А) Бұғы Ә) Қоян Б) Мысық

4. Дұрыс жазылған сөзді белгіле.

А) Қойу Ә) Байау Б) Көбею

9-слайд Тест жауаптары

1. Ә 2. Б 3. А 4. Б

5. Сабақты қорыту.

Оқушыларды бағалау

Үйге: 174- жаттығу

Открытый урок по казахскому языку на тему Хабарлы сөйлемОткрытый урок по казахскому языку на тему Хабарлы сөйлем

© 2010-2022