Планирование Ю әріпнің жазылуы 1 класс

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Шермаганбетова Кулшарат Наришовна

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы № 110 мектеп-лицей

Пәннің аты

Әліппе

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Шермағанбетова К

Қызылорда облысы

Жаңақорған ауданы

№ 110 мектеп-лицей

Сабақтың атауы

Ю әрпінің жазылуы 2-сағат

Мақсаты

  1. Я, ю әріптерінің дұрыс жазылу және айтылу ережелерін қайталап, оларды сөйлем ішінде дұрыс жазуға үйрету, дыбыстық талдауды қатесіз жасауға дағдыландыру.
    2. Оқушының сөздік қорын толықтыру, сауаттылығын нығайту, каллиграфиясын жақсарту.
    3. Ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу

  2. Сабақ түрі, типі: қайталау, дәстүрлі

  3. Әдіс-тәсілдер: сөздік, көрнекілік, тест, баяндау, жаттығу

  4. Көрнекіліктер: тест, сөзжұмбақ, сызба, оқулық.

Күтілетін нәтиже

Психологиялық ахуал

Мен бәріңе Денсаулық тілеймін!

Мен бәріңе Қуаныш тілеймін!

Мен бәріңе Мейірім тілеймін!

Мен бәріңе шуақты күн тілеймін!

Мен бәріңе көңілді ойын тілеймін!

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

1. Ұйымдастыру сәті.
2.Үй жұмысын сұрау-тексеру: Дыбыстар мен әріптерге байланысты 10 сұрақтан тұратын тест тапсырмаларын беру. Белгіленген уақыттан кейін дұрыс жауаптарын тақтаға ілу. Оқушылар өздерін өздері тексереді. 2-3 оқушы үйге берілген жаттығуды оқып, қалғандары тексереді.

3. Өткенді еске түсіру: Сөйлемдерді ауызша толықтыру:
Сөзде йа дыбыстары естілгенмен, жазуда олардың орнына не жазылады?
Сөзде йу дыбыстары естілгенмен, жазуда олардың орнына қай әріп жазылады?
Сөздегі и әрпінен соң а жазылмайды, қай әріп жазылады?

Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.

Мағынаны тану

Білімді меңгерту. Сызбамен жұмыс. Я- /й+а/, Ю- /й+у/ Жазылғанда я, ю әріптері жазылады. Айтқанда йу, йа дыбыстары естіледі.
- Қане, оқушылар я, ю дыбыстары естілетін сөздерді айтайық. Осы дыбыстар сөздердің қай жерінде орналасқан?
Оқулықпен жұмыс: 1-жаттығу. Сөзжұмбақты шешіп, шешуі болған сөздерге тақтада дыбыстық талдау жасау. (ұя, мая, Әлия, қария) мая, қария сөздерінің мағынасына тоқталып кету.
2-жаттығу. Я әрпі дауысты дыбыстан кейін келген сөздерді бір бөлек, я әрпі и әрпінен кейін келген сөздерді бір бөлек жазу.
Жая, мая, сая, аяз, аяқ, таяқ, шаян, қоян, ұя; мия, сия, қия /Қосымша тапсырмаларын орындау/
Сергіту сәті. «Есіктегі құлыпты,
Аша алмадық қиналдық.
Сартылдаттық құлыпты, сыртылдаттық құлыпты.
Әрлі-берлі қозғадық, ойнадық та ойладық
Міне, құлып ашылды»

Сергіту сәті

Кел балалар, күлейік!

Күлкіменен түлейік!

Қабақ түйген не керек?

Көңілді болып жүрейік.

Кел балалар, күлейік!

Күлкіменен түлейік!

Күлкі көңіл ашады,

Күліп өмір сүрейік!

Ой толғаныс

Алғашқы бекіту. 3-жаттығу. Ю әрпі бар сөздерді белгілері бойынша екі бағанға бөліп жазу. 1-бағанға: дауысты дыбыстан кейін келген ю әрпін, 2-бағанға и әрпінен кейін келген ю әрпін жазу.
Өзіндік жұмыс. 5-жаттығу. Сөздердегі көп нүктенің орнына и, ы әріптерінің тиістісін қойып жазу.
6. Шығармашылық жұмыс. Көп нүктенің орнына у, ю әріптерінің тиістісін қойып жазу: еңкею, түсіру, жию, бастау.
7. Сабақты қорытындылау. Біз бүгін қандай дыбыстар туралы өттік? Я, ю дыбыстары қай дыбыстардан құралған? Дыбыстық талдау жасағанда қалай жасаймыз?

Үйге тапсырма

Ережені еске түсіру, 4-жаттығу 9 бет.

Күнделіктеріне жазып алады

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

Планирование Ю әріпнің жазылуы 1 классПланирование Ю әріпнің жазылуы 1 класс

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады



© 2010-2022