Конспекты Бұлтты бақылау қоршаған орта 3 сынып

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қоршаған орта 21.11.2015 3-В сыныбы

Тақырыбы: «Бұлттарды бақылау»
Мақсаты: Өлі табиғат құбылыстары туралы білімдерін тиянақтау, табиғатты бақылауға деген қызығушылықтарын арттыру.
Бақылау барысы: Көркем сөз. «Бұлт» Ө. Ақыпбекұлы
Бұлттың қайда тұрағы
Біле алмадым мұны әлі
Білерім көк аспанның
Бұлт - көшпелі бұлағы
Тәрбиеші сұрақтары
- Бұлт дегеніміз не?
- Бұлттардың түсі қандай болады?
- Бұлттар неден тұрады? (сан жетпейтін су тамшыларынан немесе мұз түйіршіктерінен)
- Бұлттардың қандай түрлерін білесіңдер? (түйдек бұлттар, шарбы бұлттар, қат - қабат бұлттар, түнерген найзағайлы бұлттар)
- Неге түйдек бұлттар дейміз? (олар аспанда түйдек - түйдек болып тұрады)
- Шарбы бұлттар неге ұқсайды? (ақ ұлпаға, мамыққа, жақсылап аңғарып қарасаң олардан таныс бейнелерді көруге болады)
- Ең үлкен бұлттар қай бұлттар? (түнерген найзағайлы бұлттар)
- Қандай бұлттар жаңбыр әкеледі? (түйдек бұлттар, түнерген бұлттар)
- Бұлттар неліктен аспанда жүреді? (оларды жел қуады)

Зерттеу жұмысы:
Аспандағы қандай бұлттар екенін анықтау. Бір нәрсеге (өлі және тірі табиғатқа жататын) ұқсайтын бұлттарды табу.
Еңбек: Алаңды егу жұмыстарына дайындау. Қоқыстарды жинау, сыпыру.
Мақсаты: Бірлесе жұмыс істеуге деген ынталарын қалыптастыру.
Қимылды ойын: «Қасқыр қақпан»
Мақсаты: Ойын ережесін түсініп, шартын сақтап ойнауға, ептілікке, алғырлыққа баулу.
Жеке жұмыс: Математикалық жаттығулар
Мақсаты: Тақ және жұп сандарды санай білу дағдыларын жетілдіру.

Серуен: № 2 «Желді бақылау»
Мақсаты: Жел туралы түсініктерін бекіту. Жел түрлерін есте сақтау.
Бақылау барысы: Тәрбиеші балаларға жұмбақ жасырады.
Ағаштарды шайқайды
Көзге көрінбейді
Шарлағанда сай - сайды
Бір сәт ерінбейді (Жел)
Тәрбиеші балаларға айналаны бақылауға, ағаш бұтақтары қалай шайқалып тұрғанын байқауға ұсынады.
Сұрақтар қояды: Желдің қандай түрлері болады? Жел неге соғады?
Атмосферада ауа әртүрлі қызады: жылы ауа жеңіл болады, сондықтан жоғары көтеріледі, ал суық ауа ауыр болады, ол төмен тартылады. Осыдан ауада қозғалыс пайда болады. Желдің күші жылы және суық ауаның температурасының айырмашылығына байланысты.
- Қатты желдің атын ата? (дауыл, құйын, бұрқасын, боран)
- Әлсіз желді қалай атайды? (самал жел деп атайды)
- Желдің ізін көруге болады ма?
Зерттеу жұмысы: Компас арқылы желдің бағытын анықтау.

Еңбек: Гүл өсіретін клумба алаңды дайындау.
Мақсаты: Бірлесе жұмыс істей білу дағдыларын бекіту, жұмысты бар ынтасымен орындау.
Қимылды ойын: «Кім жылдам»
Мақсаты: Жүгіруге жаттықтыру, жылдамдықтарын дамыту.
Жаттығу ойыны: Бір - біріне доп лақтыру.
Мақсаты: Қозғалыс координацияларын дамыту.

Серуен № 3 «Гүлзарды бақылау»
Мақсаты: Көктемгі гүлзар туралы түсініктерін кеңейту. Өсімдіктерді күту, суару іскерліктерін тиянақтау. Табиғатты сүюге, әсемдігін сезінуге тәрбиелеу.
Бақылау барысы: Тәрбиеші сұрақтар қойып, әңгімелесу жүргізеді.
- Қандай үй гүлдерін білесіңдер?
- Қандай дала гүлдерін білесіңдер?
- Олардың қандай айырмашылығы бар?
- Сендерге қандай гүлдер ұнайды? Неге?
- Сендердің үйлеріңде гүл бар ма? Қандай?
- Оларды қалай күтесіңдер?
- Гүлдер жақсы өсу үшін не істеу керек?
Еңбек: Гүл егетін алаңда жұмыс (тазалау, қопсыту)
Мақсаты: Бірлесе жұмыс істей білу іскерліктерін тиянақтау, гүлдердің өсуі туралы білімдерін қалыптастыру.
Қимылды ойын: «Қай топ тез жиналады?»

Серуен: № 4 «Жәндіктерді бақылау»
Мақсаты: «Жәндіктер» сөзінің мағынасы туралы түсініктерін тиянақтау. Оларды тіршілік ету ерекшеліктеріне қарай салыстыра білуге үйрету.
Бақылау барысы: Тәрбиеші жұмбақ жасырады.
Гүлдердің нәрін жинайды
Адамға бал сыйлайды
Еңбекқорлы аялайды
Еріншекті аямайды. Бұл не? (Ара)
Ызыңдап ән салады
Жұп - жұқа қанаты
Тәттіге тамсанып
Қоқысқа қонады. Бұл не? (Шыбын)
Тор тоқуға шебер - ақ
Бірақ киім тікпейді
Өнері де өнер - ақ
Бірақ ісі бітпейді (Өрмекші)
Қанды сорып сүліктей
Ызыңдап кеп шағады
Бұл қандай бүлік той? (Маса)
Құжынаған жұмыскер
Бірлескенде тым іскер (Құмырсқа)

Тәрбиеші сұрақтары:
- Жұмбақ жауаптарының шешуінде айтылғандарды бір сөзбен нелер деп атаймыз? (жәндіктер)
- Тағы қандай жәндіктерді білесіңдер? (көбелек, құрт, т. б)
- Қандай жәндік гүлдерді тозаңдандырады? (аралар)
- Жәндіктер қайда тіршілік етеді? (бақтарда, ағаштарда, су тоғандарында)
- Масалар неге зиянды жәндік деп атайды? (олар әртүрлі ауруларды тасиды)
Зерттеу жұмысы: Қаңқызды тауып, оның атын атау. Құмырсқалар «соқпағын» табу, бақылау.
Еңбек: Алаңды қоқыстардан тазалау.
Мақсаты: Үлкендерге көмек беруге, үлкендер еңбегін қадірлеуге тәрбиелеу.
Қимылды ойын: «Аюлар мен аралар»



© 2010-2022