«Өссе тілім, мен де бірге өсемін» атты мәнерлеп оқу фестивалі

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

« Өссе тілім,мен де бірге өсемін»атты мәнерлеп оқу фестивалі

Мақсаты: оқушылардың мемлекеттік тілге деген қызығушылықтарын арттырып, бойларына патриоттық сезімді халықтың мәдени мұрасы арқылы қалыптастыру.
Міндеттері: қазақ, орыс, ағылшын тілдеріне деген қызығушылықтарын ояту, Қазақстан жерінде тұратын халықтардың салт - дәстүрлері туралы айту, тілге құрмет көрсетуге, оны ықыласпен үйренуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: , акт залын безендіруге арналған заттар, ұлттық киімдер, интерактивті құрылғылар;
Фестивальдің барысы:
Мемлекеттік гимннан бастау
1. -жүргізуші: Сәлеметсіздер ме бүгінгі мерекенің қадірлі қонақтары! Бәріміз осы жерде дүниеге келіп, бәріміз осы таңғажайып Қазақстан мемлекетінде тұрамыз, әр алуан тілде сөйлейміз. Себебі Қазақстан көпұлтты мемлекет. Бүгінгі мейрам - тілдер күні! «Өссе тілім,мен де бірге өсемін»атты мәнерлеп оқу фестивалін бастаймыз
Ақ, қара деп алдымен. Қараңдаршы,Қараңдаршы
Елім бөлмес адамды Ұанша халыұ жиналған

Дәстүр,өнер ,салтымен Бүгінгі тіл мерекесін

Таңқалдырған ғалымды Бізбен бірге тойлаған
І 2 cынып қыздарының орындауында Татар биі
1. -жүргізуші: Жыл сайын қыркүйектің 22 - сінде Қазақстанда Тілдер күні атап өтіледі. Бұл бүкіл Қазақстан халқының мейрамы. Қазір мерекемен құттықтау үшін сөз мектебіміздің директоры Айман Нургалиевна Уразалиеваға беріледі.

Әділқазылар сайлау
1. -жүргізуші: Қазақстанда 130 - дан астам ұлттар тұрады. Олардың бәрі өз ана тілдерін сақтап сөйлеседі. Біздің Республикамызда 178 жексенбілік мектеп бар, 23 ұлттық тілдер оқытылады. Бізде неміс, корей, украин тілдерінде газеттер шығады. Солтүстік Қазақстан облысында «Полония» поляктік теледидар трансляциясы, Оңтүстік Қазақстанда өзбек теледидары жұмыс істейді. «Қазақстан» ұлттық телеарнасында және қазақ радиосында корей, ұйғыр, неміс тілінде бағдарламалар жүреді. Эфирде телерадио бағдарламалары 11 тілде жүреді. Олар: украин, ағылшын, неміс, корей, түрік, өзбек және т. Б77


Қадірменді бір досымыз өзбегім Өз сезімдей жанға жайлы сөздерін

Қалтқысы жоқ демің бейне өз демім Өз көзімдей күлімдейді көздерін

Ортаға 3сынып оқушыларының орындауында

Ән «На Вастоке»

ІІ.
1. жүргізуші. Тіл ұлттың жаны, қаны, рухы. Жансыз нәрсе - өлі нәрсе. Адам тілді ең алғаш анадан үйренеді. Адамның бойындағы бар асыл қасиеттер тіл арқылы келіп, рухани күшке айналады. Рухы күшті адам, халық ешқашан жеңілмейді. Тілін ұмытқан халық өз мәдениетін сақтап отыра алмайды. Тілімізді анамызды құрметтегендей құрметтейік.
1.
Ана тілім - ардағымсың киелім,
Саған ғана мен басымды иемін.
Ана тілім - қазақ тілім, дарасың,
Қадірлеймін, шексіз сені сүйемін.


Мәнерлеп оқу Ортаға 1 2 3 4 сынып оқушыларының қазақ тілінде өлеңдерін тыңдау


2. Тіл ұстарту, тіл сындыру,

Сөз сиқырын, кілтін білу.
Ел мен елді елдестірер,
Естелікке ұмтылдыру.
Қазақ тілі - халық тілі,
Тіл аманда - халық тірі.
Өз тілінде жылағанның,
Көз жасы да - халық мұңы.


Ортаға 4сынып оқушыларының орындауында

«Корей биі»

Тыңда! Тыңда!Тыңда мені Сен тербетіп өсіргенсің
Ұлы жұртым орыс халқым Сенің даңқың менің даңқым!


Мәнерлеп оқу Ортаға 1 2 3 4 сынып оқушыларының орыс тілінде өлеңдерін тыңдау

Достық бізге тым ыстық

Бірлік байлық,ырыс құт.

Жарқырасын күнңміз,

Жаса,жаса тыныштық.

Ортаға 3сынып оқушыларының орындауында

«Өзбек биі»

3. Тіл туралы жұрт тілеген салауат,
Тіл туралы естілмесін жаманат.
Тіл дегенің, тіл дегенің бұл біздің -
бабамыздан қалған асыл аманат.
Туған тілім - аласармас тұғырым,
Сен құрысаң мен де бірге құрыдым.
Мерекеңді қуанышпен қарсы алам,
Ұзақ болсын туған тілім ғұмырың.
Ортаға 1сынып оқушыларының орындауында

«Қазақ биі»


1 -жүргізуші: Әрбір тіл ұлы өзінше,
Атадан қалған аманат.
Құрметте оны, құрметте,
Түсініп мәнін жамағат.

Ана тілің - арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте!


1 -жүргізуші: Осымен тіл мерекесіне арналған мәнерлеп оқу фестиваліміз өз мәресіне жетті .Мерекеңіз құтты болсын.Еліміз аман ,сау болсын.!

Сөз әділқазыларға беріледі

Назар салып тыңдағандарыңызға рахмет.

© 2010-2022