АНАМА өлеңінің авторы 4 А сынып оқушысы Шинасилова Жанель

Раздел Начальные классы
Класс 4 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

АНАМА

Анашым ақ сүт бердің аяладың,

Жан ұшырдың, мен үшін аямадың.

Алақанда болдым мен асыл анам,

Азамат етіп өсірдің ана жаным.

Ақ пейілді анасыз таза жүрек,

Айтамын ақ пейілмен сізге тілек.

Жаныңнан ұзай қалсам сәл алысқа,

Отырасыз әрқашан тілеу тілеп.

Ақ бесікке талай рет бөледің,

Жан анашым бір өзіңе сенемін.

Қиналғанда табылатын қасымнан,

Қамқоршым да досым да сен сенерім!

Бала үшін алаң болып жүресіз,

Қабақ шытпай жымиып сіз күлесіз.

Ол қиналса сізде бірге қиналып,

Бала үшін үзақ өмір сүресіз.

Мен анама бас иемін мәңгілік!

«Ана» деген аты тұрар жаңғырып,

Маған деген махаббатын әрқашан,

Айтып жүрем естен кетпес ән қылып.

Аналардың шытылмасын қабағы,

Баласы үшін көзінен жас тамады.

Кенелтейік біз оларды шаттыққа.

Қуанышқа толсын нұрлы жанары.

© 2010-2022