Ана тілі. Б. МомышұлыҰшқан ұя. (2-сынып)

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ана тілі. Б.МомышұлыҰшқан ұя. (2-сынып)Ана тілі. Б.МомышұлыҰшқан ұя. (2-сынып)Ана тілі. Б.МомышұлыҰшқан ұя. (2-сынып)Ана тілі. Б.МомышұлыҰшқан ұя. (2-сынып)Ана тілі. Б.МомышұлыҰшқан ұя. (2-сынып)Ана тілі. Б.МомышұлыҰшқан ұя. (2-сынып)Ана тілі. Б.МомышұлыҰшқан ұя. (2-сынып)Ана тілі. Б.МомышұлыҰшқан ұя. (2-сынып)Ана тілі. Б.МомышұлыҰшқан ұя. (2-сынып)Шығыс Қазақстан облысыАна тілі. Б.МомышұлыҰшқан ұя. (2-сынып)

Семей қаласы

№ 44жалпы негізгі білім беретін мектеп


Сабақтың тақырыбы: Ұшқан ұя. Б.Момышұлы

Сабақтың мақсаты: Мәтінді түсініп оқып, мәтіндегі негізгі ойды анықтау.

Сабақтың міндеттері:

1.Автор туралы мағлұматтарын кеңейту. Өзіндік ой-пікірлерін қалыптастыру.

2.Іс-әрекет белсенділіктерін жетілдіру. Ой-өрістерін, сөздік қорларын, сөйлеу мәдениетін, мәнерлеп сөйлеу дағдыларын дамыту.

3. Ұжымдағы сыйластыққа, салт-дәстүрді қадірлей білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:Жаңа сабақ

Сабақтың типі:Дәстүрлі

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндіру, талдау, әңгімелеу.

Сабақтың көрнекілігі:Б.Момышұлының суреті, мақал-мәтелдер,

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

-"Ата-әжеме хат" мәтінін бөліктерге бөлу арқылы мазмұнын сұрау.

-"Автор орындығы"

І топ: Хаттың басталуы.

ІІ топ: Назардың оқуы.

ІІІ топ: Назарға айтқан атасының ақылы. Хаттың аяқталуы.

-Үйге хат жазып келуге берілген, жазып келген хаттарын оқыту.

-Топ ішінен ең үздік хатты оқу.

Хаттың бөліктерін еске түсіру.

-Хаттың басталуы.

-Хаттың негізгі бөлігі.

-Хаттың аяқталуы.

ІІІ. Жаңа сабақ.

-"Ой қозғау." Мақал-мәтелдер сұрау. Әдептілік, адамгершілік туралы.

-Жеті атасын білмеген жетесіз.

-Жеті атасын білген ұл

Жеті жұрттың қамын жер.

Өзін ғана білген ұл

Құлағы мен жағын жер.

  • Қане, балалар біз 1-сыныпта Б.Момышұлының қандай шығармасымен таныстық? Еске түсірейікші.

  • Жақсы. "Құлын мінген бала."

1.-Б.Момышұлы кім?

Бауыржан

Момышұлы

2.Б.Момышұлы /1910-1982/ -Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері. Ол фашистерден Отанын қорғаған атақты батыр. Майданда командир болған кезде үнемі ақбоз арғымаққа мінетін.

Халық қаһарманы, қазақтың көрнекті жазушысы. Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Көлбастау мекенінде туған. Әкесі - Момынәлі, шешесі- Рәзия. Атасы-Имаш.Әжесі- Қызтумас. 7 жылдық мектепті бітіргеннен кейін мұғалім болып қызымет істеген. Кезекті әскери міндетін өтеуге шақырылып, 1 жарым жыл жүріп, запастағы командир атағын алды.

бірнеше орден, медальдармен наградталды. Ел тәуелсіздік алғаннан кейін ҚР-ның Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жарлығымен Бауыржан "Халық қаһарманы" деген атақ берілді.

  1. - Б. Момышұлы "Ұшқан ұя"деген шығарма жазған. Сендерге осы шығармадан үзінді беріп отыр. Бүгін осы мәтінмен танысамыз.

  2. Мәтінмен таныспас бұрын мәтінде біздің колданысымызда көп кездеспейтін сөздерге тоқталайық.

  3. Ата тегі - арғы аталары.

Баппен - асықпай.

Араз - тату емес, өш.

5. Мәтінді мәнерлеп оқып, мазмұнымен таныстыру.

6. Дауыстап оқу.

7. Сергіту сәті: Кел, жігіттер болыңдар ер!

Жүйткіт,

Орғыт тұлпарды.

Жаз қанатты

Сілте қатты

Ұйтқып, өрлет сұңқарды.

8. Тізбек бойынша оқыту.

9. Тапсырмамен жұмыс.

- Мәтіннің ең соңғы сөйлемін оқып, талдау.

Ел танудың басы ең алдымен осылай басталатынын ол кезде кім білген.

10. Жазушы ойын пайдаланып, нақыл сөз құрастыру.

Ел тану деген - .....

Ел тану дегеніміз-елін ,жерін, тілін, дінін, салт-дәстүрін дәріптеп,

жетік түсіну.

Өзіңді танығың келсе, тегіңді біл.

Халық даналығы.

11. Оқушылардың жеті аталарын сұрау.

Сызба толтыру.Сызбадағы сөздердің тұсына өз ата тегін жазу.


Жеті ата

Сенің ата тегің

Ата

Әке

Бала

Немере

Шөбере

Шөпшек

Немене


ІV.Қорытынды.

-Осы мәтіннен қандай ой түйдік?

V. Үйге тапсырма беру.

-"Ұшқан ұя" мәтінін мәнерлеп оқып, мазмұндап келу.

- Б.Момышұлы туралы қосымша материал әкелу.

VІ. Бағалау.



© 2010-2022