Бесік жыры

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Маңғыстау облысы
Түпқараған ауданы
Маршал Әбдіхалықов орта мектебіннің
І санатты бастауыш сынып мұғалімі
Аманғалиева ҚымбатБесік жыры


Сабақтың тақырыбы: Бесік жыры
Сабақтың мақсаты: 1. Халқымыздың ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқан салт - дәстүрін дәріптеу, соның бірі отбасының басты қызығы, алтын тіреу діңгегі - бала, баланы бесікке бөлеу, дәстүрін атадан балаға жеткізу. Бесік жырының маңызын ұғындыру.
2. Жаңа технологияларды пайдалана отырып оқушылардың өз ойларын, пікірлерін еркін айтуға, дәлелдей білуге, сөйлеу мәдениетін, топпен жұмыс істеу, шығармашылық, танымдық қабілеттерін дамыту. Пәнге қызығушылығын арттыру.
3. Салт - дәстүрді құрметтеуге, адамгершілікке, мейірімділікке, тазалыққа тәрбиелеу.
Сілтеме: Ана тілі оқулығы, ғаламтордан алынған суреттер, слайдтар
Оқу нәтижесі:Бесік, бесік жыры туралы ұғым қалыптастыру. Қосымша деректер арқылы оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, сөздік қорларын байыту, шығармашылық ізденіске бағыт беру.
Негізгі идеялар: Салт дәстүрді дәріптеу
Оқыту әдістері: Оқыту мен оқудағы жаңа әдістер:
АКТ, СТО: Топтастыру, суретті көрнекілік, сұрақ- жауап, диалог .
Бағалау: формативті бағалау:стикерлер, смайликтер, бағдаршам.
Топтық бағалау
Дерек көздері: Оқулық , ғаламтор мәліметтері
Тапсырмалар:
І. Жаңа сабақ.
1. Ой қозғау: Топтық жұмыс
Балаға арналған дәстүрлер. Тізбектей жазу
2.Топтық жұмыс:
1 топ - Бесік деген не?
2 топ - Бесік неден жасалған?
3 топ- Бесікке байланысты қандай салт - дәстүрлерді білесіңдер?
4 топ- Бесікке салу рәсімі
3. Жаңа сабақ
1)Өлеңді тізбектей оқу
2) Сұрақ -жауап
Мұғалім қорытуы:
- Бесік - бабамыздан қалған киелі мүлік.
Қазақ бесікті қатты қадірлейтіндігі сонша, қазақ атасы жатқан бесікке баласы, немересі, шөбере, шөпшегін бөлейді.
- Балалар, «Атадан қалған асыл мұра» бөліміндегі «Бесік жырымен»
Адамзаттың ғасырлар бойы жинақтаған мәдени нұсқалары, ұлағатты сөздері, көркем туындылары, ұрпақтан - ұрпаққа, атадан - балаға мирас ретінде жетіп отыр. Бұл тарту Атамұра деп аталады. Қазақ халқының дәстүрлі киім-кешегінен бастап, үй жиһаздары, ата - кәсіп құрал- саймандары, тарихи ескерткіштері, туған өлке, туған жер, туған тіл бәрі де мұра болған.
Басты мұралардың бірі - «Бесік жыры».
Есіңе сақта!
Бесік жыры баланы тыныштандырып, жұбатады екен. Балаға жағымды әуенмен айтылады, әуен - сазсыз мәні де, сәні де болмайды.
Сергіту сәті.
Дәптермен жұмыс
1 топ- «5 жолды өлең» Бесік
2 топ-ырым-тиым ойлап жазу
3топ-«Еркін жазу» әдісі. «Бесік»
4 топ- Өлеңнен үзінді оқып, жатқа жазу
ІІІ. Сабақты қорытындылау.
7. Сұрақтар беріледі.
I. «Бесік жырын» айтып отырған кім?
2 Апасы сәбиге қандай жақсы тілектер айтты?
8.. Үйге тапсырма: «Бесік жыры» үзінді жаттау
Үлкендердің айтқан осындай жырларын білсең жазып ал.
9. Бағалау.Топты бағалау, өзін-өзі бағалау

© 2010-2022