Ана өмір гүлі 1 сынып

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Ана өмір гүлі

Мақсаты: Адамзат баласын жарық дүниеге әкеліп, оны тәрбиелеп өсіретін ана екендігін түсіндіру. Анаға деген құрметін, балалық сезімдерін сөз арқылы жеткізе білуге үйрету. Ана еңбегін қадірлеуге, аналарыг мәңгі сыйлай өтуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: шар, суреттер, қанатты сөздер, гүлдер.

Ертеңгіліктің барысы:

Мұғалім: балалар бүгін ерекше күн. Біздің сабағымызға аналарымыз келіп отыр. Олай болса балалар қонақтарымызбен сәлемдесейік.

Оқушылар бәрі бірге:

Үлкенге де сіз

Кішіге де сіз

Аналарды құрметтеп

Бас иеміз біз.

Мұғалім: Сәлеметсіздер ме аналар! Сіздерді ең әдемі , ең тамаша көктеммен бірге келетін мерекелеріңізбен құттықтаймыз. Күллі әлем тағзым еткен жан ол - АНА. Сіздер тіршіліктің тұтқасысыздар, үйдің берекесі, бақыттың құсы сіздердің қолыңызда. Сондықтан еліміз аман болу үшін сіздер аман болыңыздар. Ендеше сіздерге арналған «Ана өмір гүлі» атты мерекелік ертеңгілікті ашуға рұқсат етіңіздер.

Мұғалім: Балалар сұрақтарға күндегідей жақсы жауап беріп, ешкімнен ұялмай аналарымызға көп білетінімізді, өте жақсы екендігімізді көрсетейік.

1-тапсырма.

  1. Балалар қазір жылдың мезгілі?

  2. Көктемде қандай өзгерістер болады?

  3. Балалар көңіл күйлерін қандай?

  4. Балалар сендер сабақтан қайтқанда үйде шай-тамақ әзірлеп күтетін кім?

  5. Сендерді айым, күнім деп еркелететін кім?

  6. Неге ананы өмірдің гүлі дейміз, сендер оны қалай түсінесіңдер.

/балалардың жауаптары тыңдалады/

2-тапсырма.

Балармен ойын жүргізіледі.

Мұғалім: Ал, балалар екі топқа бөлініп тұрайық. «Кім тапқыр?», «Кім шапшаң?» ойының ойнаймыз.

Балар мен сендерге сандар таратып берейін барлық санды орналастырған соң бір бейне шығады. Балалар неше санға дейін орналастырдық? Қандай сурет шықты? Түсі қандай? / балар жауаптары тыңдалады/

3-тапсырма

Келесі ойын «Санамақ». Бұл ойында әр топқа ребустар, жұмбақ шешу тапсырылады. Санға байланысты.

Балалар енді Аналарымызға арнаған тақпақтарымызды айтайық:

1.Шәрбат

Өзін маған қарайсың,

Нұрын шашқан ақ мамам.

Мен үшін сен арайсың ,

Басымдағы бақ мамам.

2.Тимур

Апам үшін күнде мен

Отынға ағаш жарамын,

Су құямын гүлге де,

Дүкенге де барамын.

3.Аяжан

Сыпырамын үй-ішін,

Жуам аяқ, табақты

Апам бірақ мен үшін

Оқымайды сабақты.

4.Аружан

Анам менің қымбатты

Анам менің сымбатты

Бізге деген ісімен

Таң ағарып, күн батты.

5.Ақжол

Бақытты бол анашым

Орындалсын арманың

Үмітінді аналық

Ақтар ұл-қыз орманың.

6.Ерке

Арайлы аөқ таңым

Әр күн нұр болады

Күнде бес аламын

Ол қуанып қалады.

7.Меруерт

Ақ қабақты анашым,

Күн қабақты анашым,

Әлпештеген баласың

Айналайын балашым

8.Аман

Ана біздлің күніміз

Ана біздің гүліміз

Ұлынызды қуантып

Ұзақ өмір сүріңіз

9.Ермек

Ана өмір шырағы

Ана өмір бұлағы

Бесігіннің жыр әні

Жүрегімде тұрады

10.Томирис

Шалқып тасып әніміз

Жадырасын жанымыз

Ана сізді құттықтап

Әндетеміз бәріміз

Ән «Әрқашан күн сөнбесін» Ерке, Ермек Меруерт, Аман

Ән «Ана шуағы» хор.

Мұғалім: Ал балалар енді өздерін жасаған сыйлвқтарында аналарына сыйландар.

Аналар сіздерге денсаулық, бақыт, ашық аспан тілейміз. Қош сау болыңыздар.




© 2010-2022