Алдаркөсенің алдауы 4 сынып

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Әдебиеттік оқу 4 сынып


Сабақтың тақырыбы: Алдаркөсенің алдауы

Мақсаты:

Білімділік: Аты аңызға айналған Алдаркөсе жайында мәлімет беру. Қызыққа толы оқиғаларын оқып, бас кейіпкерлерді салыстыра отырып, сараңдық пен жомарттықтың ара жігін ажырата білуге жол салу.

Дамытушылық: Аңыз кейіпкерлеріне сипаттама беру арқылы оның неліктен аңыз кейіпкерлерге айналғанын дәлелдеу. Көркем әдеби тілде сөйлей білу,ойлай білу қабілеттерін дамыту .

Тәрбиелік: ұрлық, алдау, өтірік айту, сараңдық, қулық сияқты жаман әдеттерден өз бойын аулақ ұстауға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақтамен жұмыс, Алдаркөсе туралы мультфильм, кітаптар, суреттер, схема, маркер, ақ қағаз, бағалау фишкалары

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларға психологиялық жағдай жасау.

3 оқушы қысқа анекдот айту.

Үй жұмысын қорытындылау:

- Біз өткен сабақта Қожанасыр туралы қысқаша әңгімелеріне талдау жасадық.

«Қожанасыр еліне» саяхат жасау үшін сендерге үйге әңгімелер мен суреттер салуға берілген. (оқушылардың дайындығын тексеру; оқу,айту,сахналау)

І. Қызығушылығын ояту

«Алдаркөсе мен ұры» мультфильмінен үзінді көрсету.

Мұғалімнің қажетті дерегі

Алдаркөсе көшпелі халықтың ерекше ұнатқан кейіпкері Алдар шешен ғана емес, өте қу, айлакер. Алдаркөсе сараңдардың ғана емес, елді қорқытатын сайтанды да алдап соққан.

- Алдаркөсе деп аталу себебін білесіңдер ме?

- Алдар атына көсені неге қосты екен? (жұппен, топпен талқылап, жауаптарын тыңдау)

ІІ. Мағынаны тану

Мәтінмен жұмыс (әр топқа мәтінді оқытқызу)

- Түсініксіз сөздермен жұмыс (сараң - ешкімге ешнәрсе бермейтін адам; қорқау - қомағай, тойымсыз)

- Басты кейіпкерлер кімдер?

- Венн диаграммасы арқылы салыстыру (Қожанасыр мен Алдаркөсе)

Сергіту сәті

Мен Алдармын, Алдармын, Мен Көсемін, Көсемін,

Сақалым болса талдармын. Түктілермен өш едім.

Талдауға жұртты жалдармын, Түксіздермен дос едім,

Сайтанды да алдармын Күнде жусан төсегім.

Мен Алдармын, Алдармын, Сусыз жерде өсемін,

Сақалым болса талдармын. Сондықтан да Көсемін.

Сақалым түгел мұртта жоқ,

Қулығым менде жұртта жоқ.

Алдаркөсе туралы тағы мынадай әңгімелер бар: (кітпатарды көрсету) осыдан оқып, біле аласыңдар

«Дөңгелек үстел» стратегиясы. (топтарға қағаз, маркер таратып беру)
1 топ: Алдаркөсеге ұқсағым келеді ....
2 топ: Қазіргі Алдаркөселер қандай ...
3 топ: Өтіріктің құйрығы бір - ақ тұтам дегенді қалай түсінесіздер ...
4 топ: Шығайбайды алдағанына көзқарасың қандай ...

(топтардың жауаптарын тыңдау)

ІІІ. Ой толғау.

- Қалай ойлайсыңдар Алдаркөсе мен Қожанасыр өмірде болған ба?

- Аңыз деген сөзге анықтама бере алар ма едің?

Қажетті дерек:

Кейіпкерлер тарихта болды деген дерек бар немесе айтушылары өмір сүрді деп сендіре айтатын жыр мен қара сөзбен айтылатын әңгеме түрін аңыз әңгіме дейміз.Аңыздарда кейде Қожанасырдың, Қорқыттың, Асанқайғының моласы деп нақты жер аттары аталады. Мүмкін аталған жандардың өмір сүргені де рас шығар, тек уақыт келе, кейбір оқиғалары ұмытылып, кей оқиғаларға сюжеттер қосылып, өзгеріп қырналып, толығып басқаша сипат алуы мүмкін.

Қорытынды:


Қабылдаймын

Қабылдамаймын


Адам бойындағы жақсы жаман қасиеттерді санамалап жазып шығу.

Абай Құнанбаевтің «Ғылым таппай мақтанба өлеңінен үзінді»

- Бүгінгі сабақ ұнады ма? Несімен ұнады?

Мультфильмді соңына дейін көру.
Үйге тапсырма: 48 - 49 бет Алдаркөсе әңгімелерін оқу, суреттерін салып

келу (оқулықтан тыс)
Бағалау.

© 2010-2022