Конспект классного часа на тему Жақсы мен жаман

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Жақсы деген не, жаман деген не ?

Мақсаты :

  1. Оқушыларға А.Құнанбаевтың жақсы мен жаман туралы айтқандарын түсіндіру ,адам бойындағы ұнамды , ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып , әдеп әліппесін бойына дарыту.

  2. адамгершілікке, ұқыптылыққа , кішіпейілділікке тәрбиелеу.

  3. Балаларға жақсы мен жаманның не екендігіне түсінік беру.

Ұйымдастыру: - Сабаққа балаларды дайындау, бірге жұмыс істеу маған ұнайтынын хабарлау және олардың назарын сабаққа аудару. Психологиялық ахуал: Сәттілік біздер тілейік,

Мен саған, сен маған,

Күндей күліп жүрейік,

Күннің нүрын төгейік

Мен саған, сен маған.

- Бір-бірлеріңе қарап сәттілік тілеңдер. Сабақтың тақырыбын және мақсатын хабарлау.

Дәптерлерін таратып беру.

1 - жұмыс . Балам - менің болашағым .

  1. - Бала деген кім ?

* Ата -аналар жауабнан :

"Ертеде бір адам ғұламаға келіп :

  • Баланы неше жастан бастап тәрбиелеген дұрыс ? - деп сұрапты .

Ғұлама :

  • Балаңыз қаншада ? - деп өзіне сұрақ қояды .

  • Бес - ақ ай толды , - дейді анау .Сонда ғұлама басын шайқап :

  • Бес айға кешіккен екенсіз , - деген екен ".Халық арасына кең тарылған бұл аңыздың айтпағы баршаға түсінікті . Яғни , баланы туған сәтінен бастап тәрбиелеу керек .

Демек , бала тәрбиесінің негізін құятын ең алдымен - ата - ана .

2. Сұрақ - жауап.

1 .Отбасының қорғаны кім?
2 .Сіз балаңыздың қандай азамат болғанын қалайсыз?
3 .Отбасыңызда ұлттық салт - дәстүрімізді қалай насихаттайсыз?
5 .Балаңызға кімді үлгі тұтасыз ?
6 .Баланы еркін тәрбиелеген дұрыс па?

Ата - аналардың пікірінен .

2 - жұмыс

  • Айтыңызшы жақсы деген немене ?

  • Жақсы дегеніміз мыналар :

  • Талап , еңбек , терең ой , қанағат , рақым , ойлап қой , бес асыл іс көнсеңіз.Өмірде осы бес істі орындаған , өзінің қажетіне асырған адам - жақсы адам, балам . Жақсы дегеніміз осы .

  • Айтыңызшы , жаман дегеніміз не?

  • Өсек , өтірік, мақтаншақ , бес дұшпаның білсеңіз .Өмірде осылардан аулақ болсаң, сенің жақсы азамат болғаның , балам .

Қане енді оқушылардан сұрап көрейікші . Абай атасының өсиеттерін білер ме екен ? Жақсы дегеніміз не , балаларым ?

Топпен жұмыс: Тапсырма «Өзіңнің бойыңдағы бағалы қасиеттерді сөйлемді аяқтау арқылы жаз»

  • Мен алаңдаймын.........................................................................................

  • Мен көмектесемін.......................................................................................

  • Мен мойындаймын......................................................................................

  • Мен қабілеттімін..........................................................................................

  • Мен жақсы істей аламын...............................................................................

  • Мен өкпелеймін...........................................................................................

  • Мен ренжимін..................................................................................................

  • Мен ашуланамын...............................................................................................

  • Маған ұнайды....................................................................................................

  • Мен өзіме ризамын..........................................................................................

«Жақсыны үйрен , жаманнан жирен»

Конспект классного часа на тему Жақсы мен жаманКонспект классного часа на тему Жақсы мен жаман

Жа ман деген не?.

  • Балалар жауабы ............

Жақсы болу - өзіңнен,
Жаман болу - өзіңнен.
Өзіңді өзің ая да,
Өзің үйрен өзіңнен.
Жақсылық көрсең біреуден,
Мен қандаймын деп ойла!
Жамандық көрсең біреуден
Мен қандаймын деп ойла

Жақсылардың жақсысы. (аңыз)

Баяғыда бір адам өзі жалғыз қызымен бірнеше бөлмелі жарық, биік, өте әдемі үйде тұрыпты. Үйдің айналасы бау-бақша екен. Бір күні оның кішкентай қызы, бақшаны,барлық бөлмелерді аралайды.

Кірмеген жалғыз ғана бөлме қалыпты.Ол ылғи жабық тұрады екен. Сонда әкесіне қыз:

- Әке, маған жабық тұрған бөлмеге кіруге рұқсат етіңіз. Осы бөлме басқа бөлмелерге қарағанда жақсы ғой деп ойлаймын, - деді.

-Оның дұрыс, қызым. Жақсылардың ең жақсысы сонда. Бірақ сен әлі жассың,өскенде бұл бөлмені саған беремін. Сен оған өмір бойы риза боласың, - деп жауап қайтарды әкесі.

Ай өтеді, жыл өтеді,қыз есейіп бой жетеді. Әкесі қызына жабық бөлменің кілтін ұсынады. Қыздың қуанышы қойнына сыймай, жүгіріп келіп, есікті ашып жібергенде, ол тек ұршық пен өрмек және кітапты көреді. Қыз әкесіне келіп, көз жасын бұлап тұрып:

- Әке, сен жабық бөлмеде «Жақсылардың жақсысы бар» деген едің. Мен одан ұршық, өрмек, кітаптан басқа еш нәрсе таппадым, - дейді.

- Міне, жақсылардың жақсысы деген осылар, қызым!

- Сұрақ пен жауаптар

Қандай балаларды жақсы бала деп айтуға болады?
Жақсылардың жақсысы болу қиын ба?
Сен солардың қатарына жатасың ба? Неліктен?

Жақсы іс жасауға асық!!!

Үйге тапсырма: Өзіңнің бойыңда қандай жақсы, жаман қасиеттер бар?



© 2010-2022