Қаратпа сөз әдебі (І топ)

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Сабақтың тақырыбы: Қаратпа сөз әдебі Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Қаратпа сөз әдебі туралы түсіндіру.

Дамытушылық: Оқушыларды шығармашылыққа баулу, топ алдында еркін сөйлеу , пікір қорғау дағдысын дамыту. Сауаттылығын арттыру.

Тәрбиелік: Халық даналығы арқылы білімділікке, қабілеттілікке баулу.Елі үшін туған ерлердің өмірін үлгі ету.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі,баяндау. Пәнаралық, пәнішілік байланыс: Әдебиет

Сабақтың көрнекілгі: оқулық т.б.

Сабақ барысы: I Ұйымдастыру кезеңі-2 мин II Үй тапсырмасын тексеру, қайталау-10 мин III Жаңа сабақты түсіндіру-20 мин IV Жаңа сабақты бекіту -8 мин V Бағалау -3 мин VI Үйге тапсырма беру-2 мин Сабақтың барысы: I Ұйымдастыру кезеңі а) Оқушылармен амандасу, түгендеу ә) Сабақ мақсаты туралы хабарлау. II Үй тапсырмасын тексеру,қайталау

Өткен сабақта Тілек айту деген тақырып болған. Ендеше оқушыларға өткен тапсырма бойынша бірнеше сұрақтар қоямын.

1. Тілек айту дегеніміз не ?

2.Қандай жағдайда тілек айтамыз?

3. Тілек айтудың көріністері көріністері.

III Жаңа сабақ

Эмоция -экспрессиялық әсерге бай екен деп сөздерді талғаусыз кез-келген жерде қолдана беруге тағы болмайды. Екі бүктетіліп отырмаса да, кей ерлі -зайыптылар бірін-бірі шал, кемпір деп отырады. Шалың келді ме? Кемпірің қайда? Тәрізділерді әзілі жарасқан құрбылардың айтып отырғанын да ара-тұра естіп қаласыз. Мұндай сөздерді қолдану кейбіреуге тіпті тұрпайы көрінеді. Ал бейтаныс ортада, үлкен-кіші аралас отырыста, қоғамдық орындарда әлгідей «іш-тарта» айтылған сөзді араластырып сөйлеу жағымсыз эмоция тудырады. Ондайда үлкенді сыйламағандық, кішіні елемегендік деп түсінеді. Осы тәрізді бір алуан этикет сөздер ортамен есептесіп, санасып отыруды талап етеді.

Оқушылар, студенттер қадірмен ұстаздарына қарап ағай, апай деген сөздерді көп қолданады. Бұлар аты-жөнін білмеген кісіге айтылатын ресми қаратпа сөз сияқтанып кетті.

Халқымызда тағы сондай құрмет нышандары ретінде ер аттарының басқы буындарын қысқартып алып, оған- еке, ақа сөзін қосатынымыз бар: Әлеке, Жұмеке, Есеке, Мәке, Кәке, Жәке, Сәке сияқты қаратпаларды, әдетте тонның ішкі бауындай жақын, жасы үлкен адамдарға айтамыз.

Жаттығумен жұмыс 182-жаттығу

1. Мәтінді мәнерлеп оқып шығу

2. Ауызекі сөйлеу тіліндегі бейресми тілдік қолданысқа талдау жасаңыз.

183-жаттығу

1. Мәтіндегі қаратпа сөзді тауып, тілдік қолданыста түрленуіне қарай жүйелеңіз.

IV. Жаңа сабақты бекіту :

1. Қаратпа сөз әдебі деген не ?

2. Қаратпа сөз әдебі түрлері?

Бағалау : Сабаққа қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма : Қаратпа сөз әдебін оқып келуге. 184-187 - жаттығу.

Пайдаланылған әдебиеттер

1) Қазақ тілі 10кл. Сөз мәдениеті 2) Әдебиетті оқыту әдістемесі. 3) дидактикалық материалдар


© 2010-2022