«Жас мұғалім - 2011» сайысы

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Ақшұқыр ауылы

М.Әбдіхалықов атындағы орта мектебінің
Бастауыш сыныптар бойынша оқу-ісінің меңгерушісі Үмбетқалиева Заря Зиятқызы


«Жас мұғалім - 2011» сайысы.

Жүрісі:


1 - жүргізуші:

Қош келдіңіз құрметті көрермендер!

Әрдайым қуанышқа кенелгендер

Бастайық кешімізді ұлықсат болса

Бәріңіз тамашалап көріңіздер

2 - жүргізуші:

М Әбдіхалықов атындағы орта мектебінде өткелі отырған «Жас мұғалім 2011» жарысына қош келдіңіздер.

1 -жүргізуші:

Ұстаздар тапжылмайтын еңбеккерлер

Жемісті жерге екпеген елге еккендер

Азамат ұрпақтарын тәрбиелеп

Зердесін болашақтың зерлеткендер.

2 - жүргізуші:

Ұстаздар ұлағатты зиялылар

Сендерде ғалымдардың қиялы бар

Сайысуға келіп тұр жас ұстаздар

Қошеметпен қол соғып қарсы алыңдар дей келе бүгінгі сайысымыздың талапкерлерін ортаға шақырайық.«Жас мұғалім - 2011» сайысы

1 - жүргізуші:

Жас мамандар еңбектеніп талмаған

Сара жолмен алға өрлеп самғаған

Алдарыңа «Қарлығаштай» ұстаздар

тобы келіп тұр

Талаптарын ізденіспен жалғаған

2 - жүргізуші:

Алғыр ой, терең білім сезім тұнған«Жас мұғалім - 2011» сайысы

Жас мамандар келеді арман қуған

«Жас талап» тобын қол соғып қарсы алайық

Бәйгеде озамын деп келіп тұрған

1 - жүргізуші:

Бұл сайыста үзеңгі қағыстырып

Көрейік ұстаздарды жарыстырып

Шақырайық ортаға «Шамшырақ» тобын

Қошеметпен, қол соғып

2 -жүргізуші: «Жас мұғалім - 2011» сайысы

Берсін бізге өздерін таныстырып

Өнер білім өнеге тұнған дарын

Өнерліге өз басым таң қаламын

Өнерді әділдікпен бағалайтын

Таныстырып өтейін әділқазы алқаларын

1- жүргізуші:

Кешімізді бастамас бұрын байқауымыздың негізгі арқауы болып, жас ұстаздарға баға беру үшін осында келіп отырған әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар«Жас мұғалім - 2011» сайысы

Мектеп директоры: О Абдирахманов

Тәрбие жұмысы орынбасары : А. Қопашова

Мектеп әдіскері: Р. Байманова

2 - жүргізуші:

Ал енді жарыстың жүрісімен таныстырып өтейік.

  1. Командалардың өздерін таныстыруы (3 мин)

  2. Менің педагогикалық шығармам

Қ Р үздіксіз білім беру жүйесінің тәрбие тұжырымдамасының 12 бағыты бойынша

  1. педагогикалық, психологиялық ситуация (5 - 7 мин)

  2. Мұғалім формасының байқауы

1 -жүргізуші:

І бөлім

Тасқындатып біз бүгін жыр бұлағын

Өзімізше өзгеріп сән құрамыз

Бұл сайыстың алғашқы кезеңінде

Таныстырсын өздерін топ ұстаздары.

2 - жүргізуші:

Мінеки осы бөлімде талапкерлер өздерін таныстырып өтеді.

«Шамшырақ» тобы «Жас талап» тобы «Қарлығаш» тобы

«Жас мұғалім - 2011» сайысы«Жас мұғалім - 2011» сайысы«Жас мұғалім - 2011» сайысы


  1. жүргізуші:

ІІ бөлім

Бәйгеге түсіп жарыспай

Жүйріктің бағы жанар ма

Білім мен өнер жарысып

Тәрбие ұшқын алар ма

Бұл бәйге эссе бәйгесі

Кім жүйрік, ойға сол алда дегендей

Сайысымыздың келесі бөлімі «менің педагогикалық шығармам».

1- жүргізуші:

Мұғалімдер өздері алдын ала дайындап келген тәрбиенің бір бағыты бойынша эсселерін қорғайды.

ІІІ бөлім: Педагогикалық - психологиялық ситуациялық сұрақтардан мұғалімдер қалай шыға біледі екен соны байқап көрейік.

«Жас мұғалім - 2011» сайысы«Жас мұғалім - 2011» сайысы«Жас мұғалім - 2011» сайысы

«Жас мұғалім - 2011» сайысы

2 - жүргізуші:

Ән салса әншілерім таң қаларсың

Әр сөзін 99 қайталарсың

Осындай ән туғызған қазағымды

Қалайша тар пейіл деп айта аларсың,-

дегендей Қуанышқалиева Маликаның

орындауында тамаша бір ән тыңдайық

1 - жүргізуші:

  1. Мұғалім қашан да оқушыға білім беріп қана қоймай ол өзінің жүріс тұрысымен , сөйлеу мінерімен киім кию әдебімен үлгі болуға тиіс.

Мұғалім формасы осы күні қызу талқыға түсіп жүрген өзекті мәселелерінің бірі.

Келешек өскелең жас ұрпаққа білім нәрін сусындатып отырған жас мамандарымыз мұғалім формасы туралы жас мамандарымыз қандай ойда екен? Сөз кезегін жас мамандарға берейік.

2 - жүргізуші:

ІV бөлім: Дөңгелек үстел

Мұғалімдер берілген тақырыптарға өз ойларын береді.

Кешіміз өтіп жатыр салтанатты

Төгілген күн нұрының шапағаты

Халайық, қаттырақ қол соғыңдаршы

Көңілді сәтте келіп қапты.

Жарыс деген қобалжытар көңілді

Биіктерге өрлеп биік келесің.

Бұл сайыста жеңілерсің, жеңерсің

Басты міндет сабақ алу, үлгі етіп.

Жеңімпазды анықтау, мадақтау, құттықтау.

Сөз кезегі әділ қазылар алқасына беріледі

Қорыту. Әділқазылар сөзі



© 2010-2022