Чч дыбысы мен әрпі 1класс сабақ жоспары

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Чч дыбысы мен әрпі 1класс сабақ жоспарыЧч дыбысы мен әрпі 1класс сабақ жоспарыСабақтың тақырыбы: Ч дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты: 1. Ч дыбысы мен және оның әріп таңбасымен таныстыру. Ч дыбысына сөздер,сөйлемдер ойлау.

2. Тілдік, сөздік қорларына мән беріп, ойлау қабілетін, қиялын дамыту.

3. Ойындарды пайдаланып, еңбектенуге, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдісі:түсіндіру,әңгімелеу, ойын, сұрақ-жауап.

Сабақтың көрнекілігі: плакат, суреттер, әріп таңбасы.

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап,талдау- жинақтау.

Пәнаралық байланыс: тіл дамыту, дүниетану.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру:

-Сәлеметсіздер ме құрметті ұстаздар, балалар! Бүгінгі сабағымыз күнделікті сабақтан өзгеше болмақ.Сабағымыз жақсы өту мақсатымен бір-біріміздің қолымыздан ұстап, шеңбер жасап тұра қалайық! Бір-бірімізге тілек білдірейік!

-Деніміз сау болсын!

-Күніміз жарық болсын!

-Еліміз тыныш болсын!

-Нанымыз көп болсын!

Қайырлы күн, балалар! Қайырлы күн, қонақтар!

-Жарайсыңдар, орындарыңа отыра қойыңдар.

-Балалар, бүгінгі сабағымызға хайуанаттар бағынан көптеген аңдар қонаққа келіпті. Олар сендердің осы уақытқа дейін алған білімдеріңді көру үшін және өздерімен қоса тапсырмалар ала келіпті.

Чч дыбысы мен әрпі 1класс сабақ жоспары

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

1.Аң патшасы арыстанның тапсырмасы: Чч дыбысы мен әрпі 1класс сабақ жоспары

-Үйге берілген мәтінді оқушылар тізбектей,

дауыстап оқып шықсын.

-Берілген сөздерді буынға бөліп оқу.

ІІІ. Өткен сабақты пысықтау:

2. Қасқырдың тапсырмасы: Чч дыбысы мен әрпі 1класс сабақ жоспары

1)Берілген әріптердің тұсына дауысты,дауыссыз дыбыстарды ажыратып белгілеу.

2) Ребусты шешіп, сол сөзге сөйлем құрау.

на Т

3) Жұмбақтар шешіп, сол сөздерді буынға бөлу.

1.Бес балада бір бешпет, Бір киініп, бір шешпек.( қолғап)

2.Жазда тынығады, Қыста зымырайды.( шана)

3.Байлаулы екі аяғым, Қолымда екі таяғым.

Зырлаймын қардың үстімен, Озамын атты кісіден.( шаңғы)

ІV.Мақсат қою:

Тақырыбын, мақсатын хабарлау.Бүгінгі сабаққа жақсы қатысқан бала осы сабақта чемпион атағына ие болатынын анықтайтынымызды ескерту.

V. Жаңа сабақ.

- Балалар тақтадан қандай сурет көріп тұрсыңдар?

-Чемодан, чек, чемпион.

-Балалар мынау не?

-Чемодан.

-«Чемодан» сөзі қай дыбыстан басталады?

- Ч

- Қане бәріміз айтайық - Ч.

-Ч дауыссыз дыбыс. Чч дыбысы мен әрпі 1класс сабақ жоспары

3. Түлкінің тапсырмасы:

Суретті жұмбақты шешу:

Чч дыбысы мен әрпі 1класс сабақ жоспарыЧч дыбысы мен әрпі 1класс сабақ жоспарыЧч дыбысы мен әрпі 1класс сабақ жоспарыЧч дыбысы мен әрпі 1класс сабақ жоспарыЧч дыбысы мен әрпі 1класс сабақ жоспарыЧч дыбысы мен әрпі 1класс сабақ жоспарыЧч дыбысы мен әрпі 1класс сабақ жоспары

-Осы сөздердің алғашқы дыбыстарынан сөз құрау.

-Сергіту сәті.Чч дыбысы мен әрпі 1класс сабақ жоспары

4.Аюдың тапсырмасы:

-Дәптермен жұмыс:

-Қазір дәптерлерімізді ашып,үлгіге қарап,үзік сызықтарды қосып, ч әрпінің жазбаша түрін жазайық.

-Чемодан, чемпион, чемпионат-сөздеріне дыбыстық талдау жасау.

- Оқулықпен жұмыс.

Оқулықтағы берілген өлеңді мәнерлеп бір рет оқып беріп, тізбектей дауыстап оқыту.

VІ. Жаңа білімді бекіту:Чч дыбысы мен әрпі 1класс сабақ жоспары

5.Қоянның тапсырмасы:

-Бүгінгі сабақта қандай әріппен таныстық?

-Дыбыстар нешеге бөлінеді?

-Ч әрпі қай дыбысқа жатады?

VІІ. Бағалау:

- Сабаққа өте жақсы қатысқан балаларға аңдардың сыйлықтары бар екен, сол сыйлықтарын таратып берейін.

VІІІ. Үйге тапсырма беру:

-Үйге « Болашақ чемпиондар» атты өлеңді мәнерлеп оқып келу. 132-бет.



© 2010-2022