- Преподавателю
- Начальные классы
- Аа дыбысы мен әрпі (ашық сабақ) 1 сынып
Аа дыбысы мен әрпі (ашық сабақ) 1 сынып
Раздел | Начальные классы |
Класс | 1 класс |
Тип | Презентации |
Автор | Уразова Т.А. |
Дата | 30.09.2015 |
Формат | doc |
Изображения | Нет |
Сабақтың тақырыбы: Дауыссыз «К» мен «Г»
Сабақтың мақсаты:а/ « К»мен «Г» дыбыстарының ерекшеліктері туралы
айту,түсіндіру жаттығуларымен жұмыстану;
ә/Әдемі, көркем жазуға, шапшаңдыққа, сыйластыққа
тәрбиелеу.
б/Ой-өрістерін, сөздік қорларын, есте сақтау қабілеттерін
дамыту.
Сабақтың типі: жаңа сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: мазмұнды жеке суреттер,таблицалар.
Сабақтың өтілу барысы:
І.Ұйымдастыру бөлімі:
Балаларды психологиялық дайындау.
ІІ.Өткенді пысықтау.
1.Сөздік диктант. /қ,ғ дыбыстарына/ лақ-лағы, бақ-бағы, жақ-жағы.
2.Ережені сұрау,мысалдар келтіру.
ІІІ.Жаңа сабақ.
1.Қызығушылықты ояту. «Әріпті жұмбақ шешу» «К» мен «Г» дыбыстарына тоқталу.
1.Көкте бар, жерде жоқ,
Гүлде бар,күнде жоқ. /к,г дыбыстары/
2.Күнтізбе,гүл, көбелек,көгершін, күн.
Мағынаны тану. Мысалы: елек-елегі, кірпік-кірпігі, бүйрек-бүйрегі. /ереже шығару/
Оқулықпен жұмыс.
1-жаттығу.Сөздерді оқып,мағынасына тоқталу.К дыбысы қай буында кездесіп тұр?Г дыбысы ше?
Кебек, серік, терек, берік, көлік, жібек.
Гүлдесте, бүрге, тегіс, жігер, үзеңгі.
К,г қандай дыбыстар?
2-жаттығу.Санамақты жатқа оқы.
Бас бармақ, балаң үйрек,
Ортан терек,
Шылдыр шүмек,
Кішкене бөбек.
Үйрек, терек, шүмек, бөбек сөздеріне і дыбысын қосып жаз.К дыбысынан аяқталған сөздерге і әрпін қосып жазу.
3-жаттығу.Суреттегі заттардың атын жаз.Сөздерге і дыбысын қосып айт.
Суретте: /елік, бөрік, терек, күрек, бесік./
ІҮ.Сергіту сәті.
5-жаттығу.
Көп нүктенің орнына тиісті әріпті қойып, сөйлемдерді көшіріп жазу.
Ақылдың сабыр-.../мақал/Мұғалім-мектептің-...Мараттың қолындағы...бос.Жақсы бала-ата-ананың.../мақал/
Керекті сөздер: шелегі, жүрегі, тірегі, серігі.
Ү.Қорытынды. К,г дыбыстарының ережесіне мысалдар келтіру.
Г әрпі сөз соңында жазылмайды.Сөз соңындағы к дыбысынан кейін дауысты дыбыс келсе,к дыбысы г-ге айналады.Мысалы: түлік-түлігі, ирек-ирегі.
Ү.Үйге тапсырма.
4-жаттығу.Сөздердің аяғына у әрпін қосып жаз.
Төк,ек, тік, бүк, сөк.
Үлгі: төк-төгу, төгілді,төгеді.