Жаңа заман-жаңа бағытпен

Раздел Начальные классы
Класс 4 класс
Тип Статьи
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Жаңа заман-жаңа бағытпен Еліміздің алдағы ұзақ мерзімді дамуындағы басым бағыттарының бірі- білім мен ғылымды дамыту басты мәселе. Өйткені ел басшысының алға қойып отырған басты талабы- өркениеттің шалқар көшінде бәсекелестікке қол жеткізу үшін білім мен ғылымды жаңа өрістерге шығарып, интеллектуалдық серпіліс жасау. Олай болса, қоғам алдына қойылып отырған өзекті мәселелердің бірі - бүкіл білім жүйесін жаңартып, дүниежүзілік деңгейге сәйкес келетін, жастарға сапалы білім беруге жағдай туғызатын және олардың үйлесімді дамуына, жеке тұлға ретінде қалыптасуына бағытталған жаңа үлгідегі мектеп қүру болып отыр. Бұл мақсатқа жету жалпы білім беретін мектептерді басқаруды жетілдірумен астасып жатыр. Осы бағытта елімізде педагогтердің біліктілігін арттыру жүйесі жаңа бағытта жаңартылып, әр деңгей бойынша мұғалімдердің біліктілігін арттыру көзделген. Барлық әдістемелік жұмыстар ұстаздардың педагогикалық шеберліктерін шыңдауға бағытталған. Осы орайда мен де 2013 жылдың 22 шілдесі мен 25 қазан аралығында Атырау қаласында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» мен «Кембридж университетінің» бірлесуімен әзірлеген бірінші / ілгері/ деңгей бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бойынша курсынан өттім. Біз оқыған І /ілгері/ деңгей бағдарламасын игерген мұғалімдердің негізгі функциясы - оқыту мен оқу тәжірибесіне жаңа тәсілдерді енгізу мақсатында өз мектептерінің дамыту бағдарламасын әзірлеу болып табылады.Осыдан күтілетін нәтиже мұғалімдерді оқушыларға қалай оқу керектігін үйреніп, соның нәтижесінде еркін, өзіндік дәлел-уәждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни пікір-көзқарастары жүйелі дамыған, сандық технологияларда құзырлылық танытатын оқушы қалыптастыруға даярлау болып табылады. Осы оқыған 3 ай өзім үшін тиімді болды деп айта аламын.

  • біріншіден, мұғалімдік қызметімді үздіксіз жетілдірдім,
  • екіншіден, мектеп тәжірибесіне шолу жасауды ұйымдастыруды және жүргізуді білдім,
  • үшіншіден, мектеп ішіндегі мұғалімдердің біліктілігін арттыра отырып оларды көшбасшы мұғалім болуға ынталандырдым,
  • төртіншіден, мектептегі өзгерістерге өз ойымды айта отырып, шешім қабылдауды үйрендім.
  • Бесіншіден, тәжірибе алмасар жақсы достар таптым.
Бұлардың бәрі өзім үшін оң өзгеріс деп айта аламын. Мектептегі тәжірибе кезеңінде мен өз мектебімнің дамыту бағдарламасын жасай отырып, қазіргі қарыштап өзгеріп жатқан әлемде білім саласындағы мұғалімдер үшін ең маңызды болып отырған мәселе «Мұғалімдер оқушыларды ХХІ ғасырға қалай дайындайды?» және осы бағытта өз мектебіме қандай инновациялық жаңалық енгізе алатынымды шешуге бағыттадым. Осы орайда оқыту мен оқудың күрделілігін және оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді қолдануға қатысты жеке түсінігімді осы курс барысында дамытып, өз мектебімде коучинг, тәлімгерлік және сыныптағы бірлескен зерттеулер арқылы нәтижелі әрі тиімді оқытуды жүзеге асыру мақсатында өз әріптестеріме қолдау көрсеттім. Мектепте «Нұрлы жол» кәсіби қоғамдастығын құрып, топ мүшелерімен ынтымақтаса отырып жүйелі жұмыс жүргізілді. Қоғамдастықтың мақсаты мен міндеттері қойылып, «Неліктен біз біздің оқыту тәсілдерімізді өзгертуге тиіспіз, егер өзгертсек біз мұны қалай істейміз, содан кейін біз не істеуіміз керек? » деген сұрақты алға қоя отырып, жұмыс жүргіздік. Себебі, инновацияның қажеттігінің шынайы себептерін анықтамай тұрып, жұмысқа кірісу мүмкін емес деп ойлаймын. Мұғалімнің көшбасшылығы жеке дамуға бағытталмаған. Ынтымақтастық мұғалім көшбасшылығының «жүрегі» болып табылатындықтан, көшбасшылық ұжым болып енгізілетін өзгерістерге негізделіп бір ұжым болып жұмыс істеу арқылы басқа мұғалімдер қолдаған жағдайда мұғалімнің жұмысы аса тиімді болатынын мен тәжірибе барысында ұғындым. Педагогикалық қызметімде теориялық білімді тәжірибемен байланыстыра отырып, жан-жақты мүмкіндіктерімді ашуға, осы Кембридж университеті тәсілінің теориялық негіздерін енгізген біліктілікті арттыру курсының маңызы зор болды. Мен оқыту жүйесіне жаңа көзқараспен қарайтын болдым. Сондай-ақ, әріптестерім де әлемдік жаңа тәсілдерге қызығушылық танытып, алдарына мақсат қойып, өз іс-тәжірибелеріне қосып, оның тиімді жақтарына сабақтар өткізу арқылы көздерін жеткізе білді. Ғұлама ғалым әл-Фараби «Адам мақсатына өзін-өзі жетілдіру арқылы жетеді» деп ой түйген екен. Олай болса, мақсат айқын, осы мақсатқа жетуде талмай еңбектену нәтижесінде білімді ұрпақ тәрбиелеуге атсалысамыз деп сенімді түрде айта аламыз.

І/ілгері/ деңгей курсынан өтуші Г.Мендигалиева

Махамбет ауданы, Есбол орта мектебі

2013 жыл

Жаңа заман- жаңа бағытпенЖаңа заман- жаңа бағытпенЖаңа заман- жаңа бағытпенЖаңа заман- жаңа бағытпенЖаңа заман- жаңа бағытпенЖаңа заман- жаңа бағытпенЖаңа заман- жаңа бағытпен

Жаңа заман- жаңа бағытпенЖаңа заман- жаңа бағытпенЖаңа заман- жаңа бағытпенЖаңа заман- жаңа бағытпенЖаңа заман- жаңа бағытпенЖаңа заман- жаңа бағытпен

Жаңа заман- жаңа бағытпен




Атырау облысы

Махамбет ауданы

Есбол орта мектебі

Жаңа заман- жаңа бағытпен

Жаңа заман -жаңа бағытпен





© 2010-2022