Поурочный план по математике

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Поурочный план по математикеПоурочный план по математикеПоурочный план по математикеПоурочный план по математикеПоурочный план по математикеПоурочный план по математикеПоурочный план по математикеПоурочный план по математикеПоурочный план по математикеПоурочный план по математикеПоурочный план по математикеПоурочный план по математикеПоурочный план по математикеПоурочный план по математикеПоурочный план по математикеПоурочный план по математикеПоурочный план по математикеПоурочный план по математикеПоурочный план по математикеПоурочный план по математикеПоурочный план по математикеПоурочный план по математикеПоурочный план по математикеКүні:

Сыныбы: 3

Пәні: математика

Сабақтың мақырыбы: Геометриялық фигураның ауданы.Ауданның өлшем бірілігі.Палетка.

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: Фигураның ауданы туралы түсінік беру, фигуралардың аудандарын салыстыру және өлшеу тәсілдерімен таныстыру;

2. Дамытушылық: Ауданның өлшем бірлігі 1см² жатқа білуге машықтандыру,есте сақтау қабілетін дамыту;

3.Тәрбиелік: Дәптерді үнемді пайдалануға, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап,түсіндіру,көрнекілік,әңгімелеу

Көрнекілігі: кестелер, геометриялық фигуралар

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі:

1.Дайындықтарын тексеру,зейіндерін өзіме аудару.

2.Дәптерлерін тарату,партада дұрыс отыруын қадағалау.

3.Назарларын сабаққа аударамын.

ІІ Тірек білім, білік, дағдыларын белсендіру:

Геометриялық материалдарды қайталаймын.

  • Өздеріңе таныс геометриялық материалдарды атаңдар. 4 бұрышы бар көпбұрыш қалай аталады? Барлық бұрыштары тік, ал қабырғалары бірдей төртбұрышты қалай аталады?

ІІІ Жаңа сабақтарды түсіндіру :

Тақтаға геометриялық фигуралар -дөңгелектер, үшбұрыштар, төртбұрыштар, шаршылар, тіктөртбұрыштарды ілемін. Балаларға ең үлкен және ең кіші фигураларды алуды сұраймын: «Фигуралардың көлемі (үлкен, кіші) туралы айтқанда олардың несін салыстырамыз?» Фигуралардың көлемі бойынша салыстырғанда, фигуралардың ауданы салыстырылады деген қорытынды жасаймын. Содан соң көк тіктөртбұрыштың ауданы қызыл тіктөртбұрыштың ауданынан кіші екенін дәлелдеулерін сұраймын. Оқушылар көрнекіліктің көмегімен аудандарын салыстырады және қорытынды жасайды: «Беттестіріп қойғанда көк тіктөртбұрыш қызыл тіктөртбұрыштың ауданың ішіне сыйып кетеді, яғни көк тіктөртбұрыштың ауданы қызыл тіктөртбұрышқа қарағанда кіші, қызыл тіктөртбұрыштың ауданы көк тіктөртбұрышқа қарағанда үлкен». Неғұрлым бірнеше фигуралардың ауданын салыстыртамын. Оқулықпен жұмыс істегенде бейнеленген фигуралардың аудандарын салыстыруды ұсынамын.

(№1 тапсырма). Мұнан кейін ауданы бар заттарды атауды сұраймын. Дәптердің, оқулықтың, партаның аудандарын салыстыруды ұсынамын. Аталған заттардың қайсысының ауданы ең үлкен және ең кіші екенін сұраймын, пікірлерін дәлелдейді. Содан кейін тақтадағы фигуралардың ауданын салыстыруды ұсынамын.





  • Осы фигуралардың ауданын бір фигураны екінші фигурамен беттестіру арқылы салыстыруға бола ма? Егер беттестіру арқылы салыстыруға болмайтын болса, онда фигуралардың ауданын қалай салыстыруға болады?

Мүмкіндігінше, бөліктердің бірін кішкентай бөліктерге бөліп, кіші фигураларды екінші фигуралардың формасына қойып, салыстырып көруге болады деген шешімге өздері келеді. Бұл кезеңде фигуралардың бірінің торкөзін ерекшелеп көрсетіп, екі фигураны да бірдей торкөздерге бөліп, әр фигурадағы шаршылардың санын салыстыру керек екеніне көздерін жеткізеді.

-Ал сендер қалай ойлайсыңдар, фигуралардың бірін үлкен шаршыға, ал екншісін кіші шаршыға бөліп, фигураларды салыстыруға бола ма? Ұсынылған нұсқаны көрсетемін. Барлық фигураларға бірдей өлшем бірлігі болуы тиіс деген тұжырымға келеді.

- Енді ауданын өлшейтін өлшем бірлікті енгізейік. Қабырғасы 1см шаршыны квадрат сантиметр дейді. Ауданның өлшем бірлігін сызып көріңдер-1см2

Геометриялық фигураның ауданын табу-бұл осы фигураның ішіндегі қабырғасы 1см (дм, м) шаршылардың санын есептеу.

Дәптермен жұмыс. Көркем жазу 7 цифры

7

7

Ауданның өлшем бірлігі-квадрат сантиметр (1см²)

Содан кейін палетканың көмегімен фигураның ауданын анықтауды үйретемін(№3).Анықтама дәптерлеріне жаздыртамын.

Ауданды квадрат сантиметрлерге бөлініп сызылған түссіз,мөлдір пленка көмегімен өлшеуге болады.

S= ( а + b):2, мұнда а-толық шаршылардың саны,b-толық емес шаршылардың саны

V Өткен тақырыпен жұмыс :

№4.Амалдардың орындалу тәртібін анықтап есептейді.

№5 тапсырманың орындалуы менің басшылығыммен жүргізіледі.

VІ Сабақты қорытындылау.

VІ1 Үйге тапсырма :№6,7 және полиэтилен пленкадан палетка жасау.


© 2010-2022