Cауат ашу 1 - сынып Г г дыбысы мен әрпі

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Cауат ашу 1 - сынып Г г дыбысы мен әрпіCауат ашу 1 - сынып Г г дыбысы мен әрпі



Қарақұдық орта мектебі







Сынып: 1 «А»

Сынып жетекші: Кулекенова М. И





2014 - 2015 оқу жылы

Сабақтың тақырыбы: Г г дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты: Г г дыбысымен және әрпімен таныстыру

Міндеті:

Білімділік: Оқушыларды Г г дыбысымен және әрпімен таныстыру және сөз ішіндегі Г г дыбысының орнын меңгерту,сөздерге дыбыстық талдау жасату арқылы Г г дыбысының дауыссыз дыбыс екенін байқату.

Г г дыбысы мен әрпі арқылы жазылатын сөздерді дұрыс оқу мен жазуға үйрету, дыбыстық, буындық талдау жасауға, ауызша сөйлем құрауға машықтандыру.

Дамытушылық: Ауызекі сөйлеу қабілеттерін дамыта отырып, сөздік қорларын молайту, білім - білік дағдыларын, танымдық қабілеттерін дамыту. Шығармашылық тапсырмалар бере отырып, ойлау қабілеттерін дамыту

Тәрбиелік: Топтық жұмыс жасау арқылы бірлікке, сыйластыққа, шыншыл болуға тәрбиелеу

Оқытудың нәтижелері:

1.Жаңа тақырып жөнінде түсінік қалыптастырады.

2.Бірін-бірі тыңдап әрі еркін сөйлеп үйренеді.

3.Сабақта белсенділік танытады.

4.Шығармашылық қабілеттері артады.

Қамтылатын модульдер:

1-модуль: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсіл (топтық жұмыс, диалогтік оқыту)

2-модуль: Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету

3-модуль: Бағалау

4-модуль: АКТ - ны пайдалану (интербелсенді тақта, видео)

7-модуль: Көшбасшылық

Көрнекіліктер: Оқулық, слайд, А3 қағаз, стикер,маркер,

Қадамдар:

1.Ұйымдастыру кезеңі

2.Топпен жұмыс.

3.Рефлексия

4.Бағалау

Сабақ барысы:

Мұғалімнің іс-әрекеті:

1. Топқа бөлу

2. Оқушының зейінін сабаққа аудару

3. Үй тапсырмасын сұрау

4.Жаңа сабақты түсіндіру

5.Тапсырмалар беру

Оқушының іс-әрекеті:

1.Жылқының түстері арқылы топқа бөлінеді.( қызыл,көк)

2. Зейіндерін сабаққа аударады

3. Үй тапсырмаын орындайды

4. Мәтіннің мазмұнымен танысады. Г г дыбысы мен әрпі туралы мәлімет алады

5.Топтасып жұмыс жүргізеді,постер қорғайды

6. Кері байланыс жасайды

Топқа бөліну: Жылқының түстері арқылы

І кезең: Қызығушылықты ояту:

«Бағдаршам» ойынын ойнату арқылы үй тапсырмасы бойынша қандай дайындықпен келгенін анықтау.

Ойынның шарты: Егер оқушылар сабаққа жақсы дайындықпен келсе, бағдаршамның жасыл түсін көтереді; дайындалған, бірақ өзіне сенімсіздік танытса, сары түсті көтереді; дайындығы шала болса қызыл түсті көтереді.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:

«Сиқырлы ұяшықтар» ойыны арқылы

Ойын шарты: Әр топ тақтадағы 10, 20, 30, 40 ұяшықтарын таңдау арқылы, берілген тапсырмаларды орындайды

10 - Үкі, үйрек, үйшік - сөздерін оқы

20 - Күріш, күміс, күшік

30 - Түлкі, күлкі, түйме

40 - Жүрек, күрек, жүзік


  • Оқушылар интербелсенді тақтадан «Кім кінәлі?» мәтінін оқиды

Үй тапсырмасын пысықтау: «Ассоциация» әдісі арқылы Ү ү дыбысы кездесетін суреттерді топтастырады

Есептер жазылған қағаз қиындыларын таратамын. Оқушылар есепті шығарады және шыққан мәндерін өсу ретімен орналастыру арқылы «Гүл» сөзін шығарып алады.

«Гүл» сөзін талдай отырып Г г дыбысы мен әрпімен таныстырамын

Оқулықпен жұмыс: Оқушылар оқулықтағы бағандағы сөздерді интербелсенді тақтадан оқиды, түсініксіз сөздерге сөздік жұмысын жүргіземін.

Мысалы:

Бетеге - астық тұқымдасына жататын көп жылдық өсімдіктер. Далалық, шалғындық жерлерде, тау бөктерлерінде өседі. Олардың гүлшоғыры селдір, кейде тығыз сыпыртқы гүлді. Сабағында жапырағы сирек орналасқан, ұзынша, жылтыр болып келеді. Қазақстанда 20 түрі бар, жиі кездесетін түрлері кәдімгі бетеге, су бетегесі.

Шеңгел - бұршақ тұқымдасына жататын бұта. Қазақстанның шығыс, орталық және оңтүстік облыстарының далалық аймақтарында, құм, саз, топырақты жерлерде, жайылымдардағы бұталардың арасында, өзен-көл жағасында, қиыршық тасты сортаңдарда, тақырларда өсетін 1 түрі - ақ шеңгел бар. Мамыр - маусым айларында гүлдеп, жеміс береді. Жемісі - сарғылт қоңыр бұршақ,

Cауат ашу 1 - сынып Г г дыбысы мен әрпіCауат ашу 1 - сынып Г г дыбысы мен әрпі

Жұмбақ шешу

Бейбітшілік құсы деп,

Атайды оны барша жұрт (Көгершін)

  • «Ақ көгершін» өлеңін оқып беремін және әнімен тыңдатамын

Сергіту сәті: Би билеу

Дәптермен жұмыс

  • Г г әрпін ауада жазу

  • Әріп элементтерін сақтай отырып, жазу.

Жаңа сабақты бекіту: «Адасқан буындар» ойыны

Рефлексия: Күлегештер арқылы

Бағалау, мадақтау

























© 2010-2022