Ц дыбысы (3 класс)

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пәннің аты: Сауат ашу

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім: Жұмабаева Г.А.

Сабақтың атауы

Ц дыбысы

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Сабақтың мақсаты: ц дыбысының дауыссыз екендігін айтып, оның айтылу артикуляциясымен таныстыру,Ц дыбысы қазақтың төл сөздерінде кездеспейтінін байқату, ц дыбысы бар сөздердің мағынасын түсіндіріп, дұрыс айтуға және сауатты жазуға дағдыландыру.
Сабақтың принципі: жүйелілік, ғылымилық, көрнекілік.
Сабақтың көрнекілігі: қазақ алфавиті, тірек - сызбалар т. б.

Психологиялық ахуал

Мектеп - кеме, білім - теңіз,
Барар жерге тез жетеміз,
Адаспаймыз ұлы жолда
Ұстаз берген білім ойда.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

ІІ. «Ой ашар»: «ӘР ҚАШАН КҮН СӨНБЕСІН!»сөйлеміндегі тек дауысты дыбыстарды оқи отырып, әнімен айтып шық.
Дауыссыз дыбыстармен әндетіп көрші. Қандай қорытынды шығарар едің?
ІІІ. «Ой сергіту»жаттығулары:
1. Қазақ тілінде қанша әріп бар?
2. Дыбыс пен әріптің айырмашылығы неде?
3. Дыбыстар нешеге бөлінеді?
4. Екі дыбыстың қосарлануы арқылы жасалатын дыбыс.
5. «Лагерь»сөзінде неше дыбыс, неше әріп бар?
6. «Ащы»сөзіне қарама - қарсы сөз.
7. «Р»қандай дыбыс?
8. «Бойында»бар, «ойында»жоқ. Ол қай әріп?
9. Судан шашақ шашылар, су тоқтаса басылар. Ол не?
10. «Ч» дыбысының алдындағы дыбысты ата.
ІY. Жаңа сабақ. Ц дыбысы - қатаң дауыссыз дыбыс. Ол сөздің барлық буынында кездеседі. Мысалы: цемент, авиация, марганец.
А) көрнекілікпен жұмыс.
Б) дәптермен жұмыс.(бір жолға «ц» әрпінің үлкенін және кішісін жазу ұсынылады.)
Y. Оқулықпен жұмыс (әр сөздің мағынасын түсіндіру)
мысалы: центнер - салмақ өлшемі т. б.
YІ. Бейнелі жазу.
Мына суретте қандай әріптер бар? Сол әріптерден сөз құра.
(Жауабы: автомобиль)
YІІ. (ц әрпі бар сөздерді теріп жазу.)
Станция, авиация, цирк, цистерна.

Сергіту сәті

Өн бойымды тік ұстап,
Таянамын бүйірді.
Бастап кетем дұрыстап
Сәйгүлікше жүруді.
Аяқты алға қоямын,
Жұдырықты түйемін.
Қос қолымды жоғары
Көтерем де, иемін.
Шығарғанда демімді,
Екі деймін ішімнен.
Көтерілген қолымды
Қапталыма түсірем.

Ой сергітеді,шашағандары

басылады

Ой толғаныс

Дидактикалық ойын: «Нешінші бөлік артық?»
(Жауабы: төртінші бөлік артық, себебі Б, В, Г - ұяң дауыссыз дыбыстар)

В?... ирк, Кие...
Ф?... агон, шка...
Ц? теле... он, кон... ерт

Үйге тапсырма

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

Ц дыбысы (3 класс)

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады



© 2010-2022