Оқушылардың өзіндік жұмысының маңызы баяндама

Раздел Начальные классы
Класс 4 класс
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Оқушылардың өзіндік жұмысының маңызы

Әрбір оқыту әдісі оқушылардың өзіндік жұмысын қамтиды.Оқыту әдісінің міндеті-кіші мектеп жасындағы оқушылардың дербестігін арттыру,өздігінен жұмыс істеуге баулу.Білім алуда оқушылардың белсенділігі мен саналылығын,білім алу дағдысын қалыптастыруды талап етеді.Адамның қандай да болмасын әрекеті белгілі қасиеттерден туады.Осы қасиеттерді өтеу немесе қанағаттандыру үшін ғана адам белсенді әрекет жасайды.

Оқушылардың таным әрекеті білім алу қасиетімен ұштасып жатады. Кіші мектеп жасындағы оқушылардың өздігінен істейтін әрекеті оның белсенділігін арттырады.

Оқушылардың оқудағы белсенділігі дегеніміз-оқуға қажетті білім мен дағдыну меңгеру ғана емес,оларды өмірде,практикада пайдалана білуге,үйренуге, істейтін саналы әрекет.Мысалы,мұғалімнің баяндап тұрған материалын түсіну үшін,оқушының зейін қойып таңдауы,ал оған білімін кенейтіп,толықтыру үшін,өздігінен кітап оқуы, бақылауы, тәжірибе жасауы,жазып,сызуы сияқты жұмыстар орындау қажет.Өйткені,өткен материалды саналы қайталау,білім алу,дағдыларын үйрену,белсенділікті қажет етеді.Яғни, оқушылардың белсенділігі ауызша,жазбаша жұмыстарда,бақылау жүргізу барысында қалыптасады.Оқу барысында оқушының белсенділігі екі түрлі сипатта болады.

1-Сыртқы белсенділік: 2-Ішкі белсенділік:

Сыртқы белсенділік дегеніміз-оқушы әрекетінің сыртқы көріністері.Олар мыналар-белсенді қимыл-қозғалыстары,практикалық әрекеттері, мұғалімге зейін қойып қарауы,мимикасы.

Оқушының ішкі белсенділігіне-оның белсенді түрде ойлау әрекеті жатады.Белсенділік жеке басқа тән,маңызды бір қасиеті болып саналады.Оқушы белсенділігі бірқалыпты болмайды.Оқушының жас ерекшеліктеріне және психикалық даму дәрежесіне қарай белсенділіктің бірнеше түрі қалыптасады дамиды.

1-Қимыл және сөйлеу 2-Ойын және оқу 3-Өзін-өзі тәрбиелеу

Осыдан шығатын қарытынды оқушылардың өзіндік жұмысы оқыту әдіс де, оқыту принципі де емес, ол оқушының күрделі әрекеттерінің бір түрі немесе оқу жұмыстарының арнайы бір формасы болып табылады.

Оқыту процесі екі жақты процесі болғандықтан,оқушылардың өзіндік жұмысы міндетті түрде мұғалімнің басшылығымен,сонымен қатар

Оқушылардың дербестігін, олардың қызығын өз ықыласымен жасайтын әрекетінде керек етеді.Р.Г.Лемберг,М.Н.Скаткин,В.А.Занков сынды педагог психологтар оқушылар өзіндік жұмыстарының негізгі ерекшелігі олардың ықыласы және өз еркімен әрекет жасауына байланысты деп санайды.Оқушылардың өзіндік жұмысының маңызын терең түсіну үшін оның атқаратын рункциясы мен міндетттерін атап айтуға болады.

1.Оқушылардың дербестік қасиетін арттыру

2.Олардың алған білімінің саналылығы мен беріктігін қамтамасыз ету

3.Оқушыларда оқуға қажет біліктер мен дағдыларды қалыптастыру

4.Оқушылардың таным ақыл ой қабілеттерін дамыту

5.Оқушыларды сыныптан,мектептен тыс дербес білім әзірлеу

6.Оқушылардың оқуға ынтасын арттырып,үлгірмеушілікті болдырмауға әсер ету.

Өзіндік жұмыстың түрлері сан алуан.Оларды топтастыру-өте күрделі мәселе.Сондықтан оқушылардың өзіндік жұмыстарын таныстыру үшін бірнеше шарттар мен белгілерді ескеру керек.Оқытудың мақсат міндеттеріне және пәннің мазмұнына, оқыту әдістерінің ерекшеліктеріне, оқушының даму дәрежесіне қарай өзіндік жұмыстарды бірнеше топқа бөлуге болады.Оның негізгі жиі кездесетін бір тобы-сабақ мақсатына қарай қолданатын жұмыстың түрлері.Олар мыналар:

Жаңа білімді меңгеруі

Жаңа білімді бекіту

Білім мен дағдыларды қайталау,бақылау және тексеру.

Кіші мектеп жасындағы оқушылардың өздік жұмысы білік пен дағдыны қалыптатырудың тиімді жолы болғандықтан В.А.Сухомлинский «Оқушылар оқуға қажетті білім дағдылар меңгеру қажет» деді.Оқушы міндетті түрде мынандай біліктер мен дағдыларға ие болуы тиіс.

1.Сыртқы қоршаған ортаның құбыластырын бақылай білу.

2.Ойлай,қиялдай білу.

3.Оқушы өзінің көргенін,байқағанын,істегенін,ойын тұжырымдап айта білуі.

4.Өзіне керекті кітапты таба алу.

5.Оқу үстіне тақырыпқа байланысты материалды кітаптан өз бетінше тауып алуы.

6.Мәтінді оқи отырып мұғалімнің берген нұсқаларын орындыай білуі.

7.Оқығаны, көргені туралы өз бетінше мазмұндама,шығарма жаза білуі.

Оқушыларда осындай шеберліктер мен дағдылар жүйесі болмаса, онда ойдағыдай оқып өз бетінше оқып жұмыс істей алмайтынын В.А.Сухомлинский ескерген.Кіші мектеп жасындағы оқушылардың өзіндік жұмыстарының екінші тобына оқыту әдістеріне байланысты іске асырылатын жұмыстардың түрлері жатады:оқулықпен, оқу құралымен және басқа да ғылыми анықтама әдебиеттермен жұмыс істеу:шығармашылық жаттығулар,бақылау, эксперимент.

Оқушылардың дербестігін даму дәрежесіне қарай олардың өздігінен істейтін жұмыстары репродуктивтік және шығармашылық болып екі топқа бөлінеді.Репродуктивтік жұмыстарға оқушылардың дайын үлгіге еліктеу негізінде жасайтын жұмыстары.Мысалы, жай жаттығу,көшіріп жазу,мұғалімнің берген сұрақтарына жауап беру,берілген жоспарға сәйкес оқулықтардағы мәтінмен жұмыс істеу,сабақта ана тілінен өтілген тақырыпқа ұқсас мәтінді қарастырып оқу.

Оқушылардың жұмыстарының барлық топтарын мұғалім оқыту барысында жүйелі түрде әрқайсысын өзіне тиісті жерінде қолдануға міндетті.

Және оның бір ерекшелігі оқыту үрдісінің барлық кезеңдерінде қолдануға болады.Ана тілі пәнін оқытқан да оқушыларды мынандай жұмыстарды орындауға үйрету пайдалы.

1.Оқу: түсіндірмелі ,мәнерлеп,рөлдерге бөліп жаттау, баяндау,сұрақ жауап бұлар көбнесе ана тілі сабағында ауызша жүргізіледі.

2.Жоспар: мазмұндама,шығарма,жазу,талдау жұмыстары жазбаша жүргізіледі.Осы жұмыстарды түрлендіріп,күрлендіріліп жүйелі түрде оқушылардың өзіндік жұмысы етіп ұйымдастыру мұғалімнің шеберлігіне байланысты.

Сондай -ақ оқушылардың өзіндік жұмыстарын олардың таным,іс әрекеттерінің ерекшеліктеріне қарай әр түрлі бағытта ұйымдастыруға болады.





ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Алматы облысы

Еңбекшіқазақ ауданы

Қырбалтабай ауылы

Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесі

«Оқушылардың өзіндік жұмысының маңызы»

(баяндама)

А.Туйтебаева



© 2010-2022