Бейнелеу өнері, 2-сынып сабақ әзірлемелері

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Бейнелеу. 2-сынып

Тақырыбы: Менің өлкем.

Мақсаты:

1. Білімділік: Оқушыларды айналамен таныстыра отырып, үйлерді салыстыра білуге үйрету.

2. Дамытушылық: Оқушылардың шығармашылығын дамыту.

3. Тәрбиелік: Оқушыларды әсемдікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, көрнекілік.

Көрнекіліктер: Қала суреттері.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Сабақтың тақырыбын хабарлау. Мақсатымен таныстыру. Бүгінгі сабағымыздың мақсаты: Оқушыларды айналамен таныстыра отырып, үйлерді салыстыра білуге үйрету. Оқушылардың шығармашылығын дамыту.

- Ал,балалар, алғашқы сабағымызды көңілді тілектерден бастайық. Бір-бірімізге қарап хормен бүгінгі күнге тілек тілейміз.

Қуанамын мен де ,

Қуанасың сен де.

Қуанайық ,достарым,

Арайлап атқан күнге.

2. Тақырыпқа көшу кезеңі.

Тақтаға қала суреттерді іліп, әңгімелеу.

3. Тақырыпты түсіндіру.

Бір-біріне ұқсай бермейтін өзгеше қалалар көп. Айнала гүлге бөленген көктем күндерінде қала да ерекше сәнге енеді. Алайда ғажап, жұмбақ қаланы кешкі мезгілде көру бір басқа.

Кешке қарай орталық көшелер алуан түрлі щамдардың жарығына оранады. Жарық түскен қаладағы ең әдемі зәулім ғимараттардың тұстары қаланы сұлу, ұмытылмас түрге бөлейді.

4. Сабақты бекіту.

Өз қаласының немесе өзінің тұрған мекенжайдың суретін салдыру.

Оқулықпен жұмыс:

Оқулықтың 8-9 беттеріндегі суреттер бойынша әңгімелету.

5. Сабақты қорыту.

Өз қаламыздың суретін сала отырып, өзіміздің шығармашылық қабілетімізді шыңдай түстік.

6. Оқушыларды бағалау.





Бейнелеу. 2-сынып

Тақырыбы: Жануарларды мүсіндейміз.

Мақсаты:

1. Білімділік: Оқушыларды айналамен таныстыра отырып, анималистика сөзінің мағынасын түсіндіру.

2. Дамытушылық: Оқушылардың шығармашылығын дамыту.

3. Тәрбиелік: Оқушыларды жануарларды қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, көрнекілік.

Көрнекіліктер: түрлі-түсті заттар, суреттер, бояулар салынған суреттер.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Сабақтың тақырыбын хабарлау. Мақсатымен таныстыру. Бүгінгі сабағымыздың мақсаты: Оқушыларды айналамен таныстыра отырып, анималистика сөзінің мағынасын түсіндіру. Ал,балалар, алғашқы сабағымызды көңілді тілектерден бастайық. Бір-бірімізге қарап хормен бүгінгі күнге тілек тілейміз.

Қуанамын мен де ,

Қуанасың сен де.

Қуанайық ,достарым,

Арайлап атқан күнге.

2. Тақырыпқа көшу кезеңі.

Тақтаға түрлі суреттерді іліп, әңгімелеу.

Жұмбақ шешу.

Көп-көп ине, көп ине

Бір сабағы жоқ ине

Іс тікпейді әрине (кірпі)

Жерді де мекен етеді

Көлді де мекен етеді (бақа)

Үйіңді қорғайды

Үйшікте тоңбайды (ит)

3. Тақырыпты түсіндіру.

Адамдар жануарлардың бейнесін ежелгі заманнан бастап-ақ бейнелеген. Мұндай суреттерді үңгірлерде салынған ғимараттардың қабырғаларынан, суреттерден, мүсіндерден кездестіруге болады. бейнелеу өнерінің бұл жанры анималистика ал осы жанрмен айналысатын суретші анималист деп аталады.

Сергіту сәті:

Далада жел тұрды,

Жел қатты тұрды.

Далада жаңбыр жауды,

Жаңбыр қатты жауды.

Найзағай жарқ етті

Жаңбыр басылды,

Күн ашылды

4. Сабақты бекіту.

Тасбақаның суретін салғызу.

Оқулықпен жұмыс:

Оқулықтың суреттер бойынша әңгімелету.

5. Сабақты қорыту.

Тасбақаның суретін сала отырып, анималистика ұғымымен таныстық.

6. Оқушыларды бағалау.



Бейнелеу. 2-сынып

Тақырыбы: Сәндік ашықхат.

Мақсаты:

1. Білімділік: шығармашылықтың бір түрі ретінде сәндік ашықхаттардың анықтамасы мен ұғымын беру; сәндік ашықхаттарды жасаудың тәсілдерін түсіндіру - пішінге келтіру және бөлшектерді жинақтау.

2. Дамытушылық: Оқушылардың ептілігін дамыту, қайшымен және желіммен жұмыс істеудағдысын қалыптастыру.

3. Тәрбиелік: Оқушыларды табандылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, көрнекілік.

Көрнекіліктер: гүлдердің фотосуреттері, сәндік ашықхат үлгісі.

Құрал-жабдықтар: қатырма қағаз, түрлі-түсті қағаздар, қатты желім, қайшы, жай қарындаш, өшіргіш.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Сабақтың тақырыбын хабарлау. Мақсатымен таныстыру. Бүгінгі сабағымыздың мақсаты: шығармашылықтың бір түрі ретінде сәндік ашықхаттардың анықтамасы мен ұғымын беру; сәндік ашықхаттарды жасаудың тәсілдерін түсіндіру - пішінге келтіру және бөлшектерді жинақтау. Бір-бірімізге қарап хормен бүгінгі күнге тілек тілейміз.

Қуанамын мен де ,

Қуанасың сен де.

Қуанайық ,достарым,

Арайлап атқан күнге.

2. Тақырыпқа көшу кезеңі.

Тақтаға түрлі суреттерді іліп, әңгімелеу.

Бейнелеу өнері, 2-сынып сабақ әзірлемелері.

3. Тақырыпты түсіндіру.

Балаларға гүлдерді бейнелеу үшін мүлдем өзге тәсілді - аппликацияны қолдануды ұсыну.

Аппликация - бұл түрлі түсті қағаздан алынған элементтерді дайындалған негізге қию және желімдеу өнері.

Оқушыларға гүлдің фотосуреттерін көрсете отырып стильдеу тәсілдерін көрсетеміз.

4. жұмыстың орындалу реті:

1. қатырмақағазды қақ ортасынан бүктейміз, ашықхаттың негізін дайындаймыз.

2. аппликация элементтерін дайындаймыз. Жасыл қағаздан бірнеше жолақ қиып аламыз- бұл гүлдің сабағы. Түрлі түсті қағазды шаршы етіп қиямыз, бүктелген шаршыдан гүлдің пішінін белгілеп, оны қиямыз

3. ашықхаттарды жинаймыз. Оның негізінде болашық ашықхатты құрастыра отырып, аппликация элементтерінжаямыз. Кезең кезеңмен аппликацияның барлық бөліктерін желімдейміз. Дайын еңбекті былғамас үшін бөлшектерге желімді жеке парақтарда жағамыз.

Оқушылар жасаған жұмыстарын тапсырады.

5. Сабақты қорыту.

Не үйрендік? Не білдік?

6. Үйге тапсырма.

7. Оқушыларды бағалау.

Оқушылардың еңбектерін бағалау.


Бейнелеу. 2-сынып

Тақырыбы: сиқырлы сырмақ.

Мақсаты:

1. Білімділік: өнер мен өмір шындығына эстетикалық қатынасының қалыптасуына ықпал ету; өрнек элементтері туралы тқарапайым эстетикалық деректер беру.

2. Дамытушылық: көркемөнер талғамының дамуына ықпал ету; сәндік бейнені берудегі сызу дағдысын дамыту.

3. Тәрбиелік: Оқушыларды табандылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, көрнекілік.

Көрнекіліктер: қазақ ұлттық өрнегінің элементтері.

Құрал-жабдықтар: альбом парағы,, түрлі-түсті қарындаштар, жай қарындаш, өшіргіш.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Сабақтың тақырыбын хабарлау. Мақсатымен таныстыру. Бүгінгі сабағымыздың мақсаты: өнер мен өмір шындығына эстетикалық қатынасының қалыптасуына ықпал ету; өрнек элементтері туралы тқарапайым эстетикалық деректер беру.

Бір-бірімізге қарап хормен бүгінгі күнге тілек тілейміз.

Қуанамын мен де ,

Қуанасың сен де.

Қуанайық ,достарым,

Арайлап атқан күнге.

2. Тақырыпқа көшу кезеңі.

Бейнелеу өнері, 2-сынып сабақ әзірлемелері.Бейнелеу өнері, 2-сынып сабақ әзірлемелері.

Тақтаға түрлі суреттерді іліп, әңгімелеу.

Сырмақтағы бейнеден ұлттық ою-өрнектің негізгі элементтерін табу.

3. Тақырыпты түсіндіру.

Он саусағынан өнері тамған қарашаш сұлуды ашулы дәу ұрлап алып кеткені туралы ертегі есіңде болар. Қарашаш сырмақ сырып, таулы өзен ағысымен ағызып жібереді. Өзеннен сырмақты ұстап алған Ермағамбет батыр оның өрнектеріндегі құпия хабарды оқып, дәумен алысып, Қарашаш сұлуды тұтқыннан құтқарып алған екен. Мына сырмаққа қарайтын болсақ оюдың әрбір элементі белгілі бір мағынаны білдіреді.

Ою - бұл элементтіңтердің белгілі бір тәртіппен кезектесіп және қайталанып келуінен құралған өрнек. Ою-өрнектермен киім-кешек, ыдыс-аяқ, сырмақ, кілем, киіз үй жабдықтары безендріледі.

Қазақтың ұлттық оюлары әртүрлі элементтерден құралған. Олардың әрқайсысының мағынасына қарай өз атауы бар: «ботамойын», «қошқармүйіз», «бұғымүйіз», т. б.

Қырықмүйіз» ою-өрнегі біріне-бірі жалғаса, тармақтала қосылған, көп мүйізден құралған ою-өрнектің бір түрі. Ол көбінесе дөңгелек не төртбұрыш ішінде бейнеленеді, кейде бұтақтың ағашы тәрізді тармақталып, жайылып бейнеленеді. Бір-бірімен қосылған бірнеше ьармақты көп мүйізді оюлардан құралады. (Тұскиіз, тон, сырмақ, текемет, архитектура сәулет өнерінде молырақ кездеседі).Бейнелеу өнері, 2-сынып сабақ әзірлемелері.

«Сынықмүйіз» морт сынған тік төртбұрыш жасап, төрт рет ішке қарай иіледі. Бұл ою-өрнек кілемдерді, шилерді, басқұр мен алашаларды, сондай-ақ әртүрлі қалаталарды безендіру үшін пайдаланылады, ал сырт көрінісімалдың сынған мүйізіне ұқсайды.

«Төртқұлақ» ою-өрнегінің төрт тармағы зооморфты немесе көгеніс оюларынан құралған, ортасы крест бейнесін жасайды. Төрт тармақтан дөңгелек, «төтбұрыш», «төртжапырақ» құрайтыною-өрнектер жасалады. Бұл оюлар, ебеже, жүк-аяқ, аяққап, батырлардың шапанының жауырынына, қалқанға, шалбардың тізе тұсына, дөдегінің ортасына немесе шет бұрыштарына салынады.

Практикалық жұмыс.енді өзіңнің сиқырлы сырмағыңның суретін салып, оны сабақта танысқан оюлармен әшекейле.

5. Сабақты қорыту.

Не үйрендік? Не білдік?

6. Үйге тапсырма.

7. Оқушыларды бағалау.

Оқушылардың еңбектерін бағалау.



© 2010-2022