7-ге көбейту және бөлу кестесі

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

7-ге көбейту және бөлу кестесіПәні: математика

Сыныбы: 3"а" сынып
Сабақтың тақырыбы: 7-ге көбейту және бөлу кестесі.

Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: 7-ге көбейту және бөлу тәсілімен оқушыларды таныстыру.7-ге бөлу, кеміту, есе арттыру, есе кемітуге арналған есептер шығару. 7 саны туралы ұғым беру.


Дамытушылық: Жаңа сабақтың мәнін аша отырып, есептерді, теңдеулерді шешуде есептеу дағдыларын жетілдіруге, көбейту және бөлу амалдары бар есептерді шығару арқылы біліктілігін, дамытушылық ойын қалыптастыру. 7-ге көбейту және бөлу кестесін арқылы баланың ой - өрісін, есте сақтау қабілетін, өз бетімен жұмыс істеу дағдысын дамыту.


Тәрбиелік: Сабақ үстіндегі әрекеттерді орындай отырып, ұқыптылық пен әдептілікке тәрбиелеу, ұйымшыл болуға, ата дәстүрді қастерлеуге баулу. Жаңа білімді меңгере білуге, әдептілікке, ұқыптылыққа, адамгершілікке, ұйымшылдыққа, тәртіпті болуға тәрбиелеу. Эстетикалық тәрбие беру.

Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту
Сабақтың түрі: Сайыс сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, ой қозғау, ойын, сұрақ-жауап
Сабақтың көрнекілігі: ойын элементтері, үлестірмелі қағаз
Пәнаралық байланыс: Ана тілі, дүниетану.

Сабақтың құрылымы:
I. Ұйымдастыру бөлімі.
II. Психологиялық дайындық
III. Үй жұмысын тексеру.
IV. Үй жұмысын бекіту. «Кім зерек? » ойыны
V. Жаңа сабақты хабарлау
VI. Көркем жазу минуты
VII. Оқулықпен жұмыс
VIII. Тақтамен жұмыс. Дәптермен жұмыс
IX. Кеспемен жұмыс
X. Сергіту сәті.
XI. Шығармашылық тапсырма
XII. Логикалық тапсырмалар
XIII. Сабақты қорытындылау
XIV. Үйге тапсырма беру.
XV. Бағалау.


Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру бөлімі.
Оқушылармен сәлемдесу. Құрал - жабдықтарын дайындатып, назарларын сабаққа аударту. Топқа бөлу.
ІІ. Психологиялық дайындық
Сонау-сонау алысқа,
Жүзсін десең кемелер
Тылсым сырлы ғарышқа,
Ұшсын десең денелер;
Жасау үшін бәрін де
Математика-
Ең маңызды ғылым бұл,
Сондықтан да, сондықтан да
Сол ғылымның тілін біл!
ІІІ. Үй жұмысын тексеру.
ІV. Үй жұмысын бекіту. «Кім зерек? » ойыны
V. Жаңа сабақты хабарлау
7-ге көбейту және бөлу кестесі
Балалар, бүгін санды 7-ге көбейту, бөлу жағдайларын қарастырамыз.Сабағымыздың ұраны Саққұлақ бидің мына нақыл сөздері болмақ:
Адамның басшысы - ақыл,
Жетекшісі - талап,
Жолаушысы - ой,
Жолдасы - кәсіп,
Қорғаны - сабыр,
Қорғаушысы - мінез,
Сынаушысы - халық.
Осы 7 нәрсені жадымызда сақтайық. Істі ақылмен істеп, талаптанып, ой елегінен өткізіп, бір кәсіппен тұрақты айналысып, сабырлы болсақ, мінезіңе ие бола білсең, міне артыңда сынаушың - халқың отыр. Атам қазақ 7 санын - киелі сан деп атайды. 7 санына байланысты ұғымдар аз емес. Қане, ойланайықшы, өздерің не айта алар едіңдер?

(Оқушылар өздерінің ойларын айтып жауап береді.)

Дәптерімізді ашып, күннің жадын жазамыз.

VІ. Көркем жазу минуты

7 7 7 7 7 7 7 7 7 7 7 7 7 7 7 7 7 7 7 7

70 70 70 70 70 70 70 70 70 70 70 70 70 70
(Оқушылар дәптерге әдемі етіп салады)


VІІ. Оқулықпен жұмыс

VІІІ. Тақтамен жұмыс. Дәптермен жұмыс

№ 1. (ауызша) есіңе сақтап ал.

№ 2. Салыстыр.

Шарты:

Қой терісі--- 63

Әрқайсысына жұмсалды--- 7 (т)

Тігілді--- 7(т)

Неше тері қалды---?

Шешуі: (7*7)-63= 14

Жауабы: Цехта 14 тері қалды.

Ә) Шарты:

Әрқайсысына жұмсады---- 2(т)

Тікті----- 7(т) ?

Қалды -----12(т)

Шешуі: 2*7+12=26

Жауабы: Барлығы 26 тері болған.

ІХ.Шығармашылық тапсырма

8: 7=1(қалд.1) -------------- 9: 7=1(қалд.2)
10: 7=1(қалд.3) ------------ 11: 7=1(қалд.4)
12: 7=1(қалд.5) ------------ 13: 7=1(қалд.6)
15: 7=2(қалд.1) ------------ 16: 7=2(қалд.2)
17: 7=2(қалд.3) ------------ 18: 7=2(қалд.4)
19: 7=2(қалд.5) ------------- 20: 7=2(қалд.6)
Х. Сергіту сәті.

ХІ.№ 3 Өрнектер құр және оның мәнін тап.

♦ «Сиқырлы әлем» ойыны;

8*7= 9*7= 7*7= 7*1=

56:7= 63:7= 49:7= 7:1=

56:8 63:9= 49:7= 7:7=

7*8= 7*9= 7*7= 1*7=

Ә) 70*7= 80*7= 90*7= 10*7=

7*70= 7*80= 7*90= 7*10=

490:7= 560:7= 630:7= 70:7=

♦ «Нысанаға тигіз» ойыны;

№ 5. Өрнектерді пайдаланып, тура теңдіктер құр

Үлгі: 90:3-2=7*4

20:2+5=3*5

120:10=3*4

200:10=5*4

4*3=120:10

5*4=200:10

9*2=180:10

7*4=280:10

3*6=180:10

5*3=150:10

ХІІ.Логикалық тапсырмалар
1.Шөпте қояндар тығылып отыр, тек 10 құлағы ғана көрініп тұр. Қанша қоян тығылып отыр?
2.Таразы табақшасына 2 аяғымен тұрғанда тырна 2 кг болды. Бір аяғымен тұрса, онда оның массасы қандай болады?
3.Ауылда 4 күн 4 түн боран соқты.Неше тәулік боран соқты?
4.Бір адам қалаға бара жатыр еді, жолда оған 3 танысы қарсы келді. Қанша адам қалаға барды?

ХІІІ. Сабақты қорытындылау
Себетке "Алма жинау" ойынын ойнаймыз

Әр қатар өздерінің себеттеріне жерге түсіп қалған алмаларды жинайды.

Ол үшін алмада берілген тапсырманы дұрыс шешсек алмаларымыз жиналады.

Алманы себетке жинап болдық. Олай болса бүгін біздер не өттік? (Сұрақ- жауап алу)

ХІV. Үйге тапсырма беру. 63 беттегі №6 есеп (түсіндіріп жіберу)


ХV. Бағалау.
- Сау болыңыздар!

© 2010-2022