Конспект дүниетану Құстардың туған жерге оралуы

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Құстардың туған жерге оралуы.

Сабақтың мақсаты: а) оқушыларға құстардың көктемде туған жерге оралуы туралы түсінік беру.

ә) оқу жылдамдықтарын арттыру, сөйлеу тілдерін дамыту, сөздік қорларын молайту.

б) Қамқорлыққа, жанашырлыққа, үлкенді тыңдауға тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың көрнекілігі: құстардың суреттері

Сабақта пайдаланылатын әдіс-тәсіл: түсіндіру, сұрақ-жауап,әңгімелеу

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды сабаққа дайындау.

І.Үй тапсырмасын тексеру:«Малды көктемде бағып күту» тақырыбы бойынша түсінгендерін сұрау.

ІІ.Білімді жан-жақты тексеру.Өткен тақырыптар бойынша сұрақ-жауап әдісін пайдаланып білімдерін жан-жақты тексеріп өту.

ІІІ.Білімді қабылдауға дайындау:Біз бүгін «Құстардың туған жерге оралуы» тақырыбы бойынша білетін боламыз.Құстар басқа жаққа неге кетеді, туған жерге қашан оралатыны туралы белтін боламыз.

ІҮ.Жаңа білімді меңгерту:Ал ендеше есімізге түсірейік:-қандай құстарды білесіңдер?-Қыстап қалатын қандай құстар бар?-Қыста құстар қалай тіршілік етеді, қысқа олар қалай дайындалады? (сұрақтарға жауап бер)-Біз өткен сабақтарда айтқан болатынбыз, құстардың кейбірі күзде күн суыта бастағанда жылы жаққа ұшып кетеді.Ал, олар кейін көктемде, күн жылына бастағанда туған жерлеріне оралады екен.Яғни, көктем-құстардың туған жерге оралатын мезгілі.Олар келе сала ұя жасайтын орын іздейді, ұя жасайды.Өз балапандарын шығарып, оларды қоректендіру үшін күндіз-түні дамыл таппайды.Яғни, біздің ата-аналарымыз сияқты өз балапандарын қорғайды.Тақырыпты оқып беру.Өздеріне оқытып шығу.Суреттерге қарата отырып, түсініктер беріп өту.Құс ұясын бұзбауды, балапандарды мысықтан және де тентек балалардан қорғап жүруді естеріне сақтату.Сергіту сәті«Ұшты-ұшты»

Ү.Білімді меңгергендерін тексеру:-Құстар қай жақтан оралып келеді?-Ол жаққа қашан , неліктен кеткен еді?-Көктемде құстарды қалай күтеміз, қорғаймыз?

VI.Білімді бекіту:Бүгін не білдіңдер? Не үйрендіңдер?(Оқушылардан сұрау)

VII. Үй тапсырмасын беру,бағалау.1Бақыла ( тапсырма оқулықтан) 2Тақырыпты оқу, әңгімелеуге даярлау Ұялардың суреттерін салу.3Оқушылардың білімдерін бағалау.



© 2010-2022