Өзін-өзі тану пәні Бақыт деген не? 2-сынып

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: « Бақыт деген не? »

Мақсаты: «Бақыт», қуаныш, сүйіспеншілік құндылықтарының мағынасын түсіндіру.
Міндеттері:адами қасиеттерін дамыту; сүйіспеншілікке тәрбиелеу ,бақыт құндылығының мазмұнын ашу;
Көрнекі құралдар: айна, фломастерлер, ақ парақтар, жер шары суреті,қима суреттер, жүрек шамы

Сабақтың барысы:
І. Ынтымақтастық атмосферасын құру.
Шаттық шеңбері:

- Балалар, біз өзіміздің дәстүрлі шаттық шеңберіне жиналдық .
Біздің шеңберіміз қандай тамаша! Бізді дотық пен сүйіспеншілікке шақыратындай.
Ризамын ,ризамын, ризамын бүгінге!

Ризамын, ризамын, ризамын қазірге!

- Балалар, енді мен сендерді бір-бірлеріңнің көңіл-күйлеріңді көтеруге шақырамын.
Алақан- алақанға
Иық-иыққа
Мұрын- мұрынға
Құлақ-құлаққа

Құшақ-құшаққа.

- Жақсы ,рахмет балалар!

Релаксация.
1,2,3 Көздеріңді жұмуға болады. ( баяу музыка)
Сендер ғажайып әлемге келдіңдер. Жан-жақтарыңа қараңдаршы, қандай керемет. Айнала жұпар иісі аңқыған әсем гүлдерге толы. Сендердің көңіл-күйлерің өте жақсы, жүздерің күліп, тамаша сезімге бөленіп отырсыңдар. Алдарыңнан күн күліп, менің әлеміме қош келдіңдер, балақайлар! Сендер өте ерекше бала екенсіңдер. Қане, алақандарыңды жайыңдар, мен сендерге жылы шуағымды сыйлаймын,- дегендей. Бұл сәулені мәңгілік жүректеріңе сақтаңдар. Өйткені ол сендерге қуаныш пен ерекше көңіл күй сыйлайды.
Әңгімелесу.
- Не көрдіңдер?
- Не сезіндіңдер?
- Не ұнады?

-Қандай әлемді араладыңдар?-деп ойлайсыңдар?
(Балалардың ой- пікірлері тыңдалады)

Ой қозғау

Қазір біз сендермен бейнефильм көреміз. Теке мен қошқар деп аталады.

-Теке не деп сұрады?

-Бақыт деген не?

Олай болса біздің ғажайып әлеміміз «Бақыт әлемі» деп аталады.

Ал енді теке мен қошқар үшін бақыт деген не? -деп ойлайсыңдар?

Оқушыдан өз пікірлерін білдіреді.

-Көк шөп, таза ауа, мейірімді қожайын, тұнық су, еркіндік.

Келесі мына фильмді тамашалайық

-Жігіт нені іздеп жолға шықты?

-Бақыт деген не?
-Сендер өздеріңді қай кезде бақытты сезінесіңдер?
-Жақсы, балалар, өмірде қуанышты сәттерің көп болды ма?

Мәтінмен жұмыс Мектепте оқып жүргенде "Бақыт деген не?!" деген тақырыпқа шығарма жазғаным есімде. "Бақыт деген елімнің тыныштығы, ата-ана, бауырларымның амандығы" деп ойымды тарқатқанмын. Кейін мұғалім өзгелердің шығармаларынан үзінді оқып бергенде барлығымыз күлкінің астында қалғанбыз. Себебі, бірі "бақыт деген сүйікті футбол командаңның жеңісі" десе, бірі « мол ақша» деп жазған. Бірақ, "Бақыт" дегенді әркім өзінше түсінеді. Ол сөз әркімге әрқалай жағады. Демек, әркімнің бақыты өз санасында, өз қолында. Осы орайда өзімнің қандай бақытты екенімді айтқым келеді! Мен - Бақыттымын! Себебі, менің аяқ-қолым сау, көзім көреді, құлағым естиді. Себебі, менің ата-анам, ағайын-тумаларым дін аман! Себебі, менің абзал достарым жанымда! Себебі, менің әрбір күнім ерекшеліктер мен қызықтарға толы! Себебі, мен өсер елдің азаматымын! Біз әртүрліміз. Сыртқы пішін, жан-дүниеміз де ұқсамайды. Түр-сипатымыз тәрізді түсінігіміз де бөлек. Десек те бәрімізге ортақ бір нәрсе бар. Ол- бақытты болғымыз келетіндігі. Бірақ бақыт жайлы түсінігіміз де, оған жетуге ұмтылысымыз да әр қилы.

Әр адам өз өмірінің бақытты болуын арман етеді. Ол үшін алдына мақсат қойып, көптеген игілікті істерді жүзеге асыруға ұмтылады. Бағы жанған адатаусылмас дәулетке, зор байлыққа кенеліп, сәнді де мәнді ғұмыр кешеді. Бақытты болу әркімнің өзіне байланысты. Өз өмірін аялап, барды қанағат тұтқан адамның құшағы бақытқа толады. Қасында жүрген адамдардың қуанышын, бақытын, жақсылығын өзінің табысындай көре білген адам бақытқа кенеледі. Әрбір атқан таң мен әрбір батқан күннен бақыт тілеген адам мұратына жетеді.

Дәйексөз «Меніңше, адамның ең бір үлкен бақыты - күресе білу, қуана білу, жұмыс істей білу және басқалардан қалыспай, өмірге ілесе білу» В.Н.Терешкова


Ойын « Менің бақытты әлемім »

Ойынның шарты бойынша жер шары ортасында «Бақыт» деген сөз жазулы тұрады. Балаларға дайын бес саусақ суреті беріледі. Олар өздерін осы өмірде не бақытты етеді соны жазулары керек. Сосын оны «Бақыт» деген сөздерге қосадып жапсырады. Өзінің жазғанын түсіндіріп береді.

-Бақытты әлемде нелер болғанын қалайсыңдар? Сол суреттерді таңдап алып жер шарына жапсырыңдар.Оқушылар өз жұмыстарын таныстырады.

Сергіту сәті

«Бақыт деген не?» сахналық көрініс. Әкесі мен қызы
Бала: Айтшы,білсең егер де,
Әке,бақыт деген не?

Әкесі
Бақыт деген,шырағым,
Мына әсем тұрағың,
Ну ормандар,
Гүл бағы,
Күннің күліп тұрғаны.
Бақыт - дәні далаңның.
«Ботам» деуі әжеңнің,
Тыныштығы әлемнің!

Бала
Қайда бақыт мекені,
Қалай оған жетеді?

Әкесі
Адал еңбек етесің!
Сонда ғана жетесің!
Бала

Көрінбейтін көзіңе,
Сонда оның өзі не?!

Әкесі
Бақыт деген,сөзім шын -
Айналайын өзіңсің!
Бейнефильм көру «Бақыт құсы»

Ол үшін ең алдымен бақыттың қонатын тұстарын тұспалдап алайық. Бақыт адамға төменнен жоғары қарай қонады дейді. Ол былай: Ең алдымен бақыт - аяққа қонады. Аяққа қонған бақытты ұстай алмағандар: талтаң-талтаң басып, олай-бұлай шалқақтауы мүмкін. Басында білімі болмаса, ол бақытын теуіп жіберуі мүмкін. Содан көкірекке қонады. Ол кезде кейбір адам көкірегін керіп, кергиіп, адам менсінбей қалуы мүмкін. Басында білімі болмаса, ол бақытын кеудесімен итеріп, ұшырып жіберуі мүмкін. Ауызға қонады. Ауызына ие бола алмай, мақтанышпен айтып, қолынан келсе, мазаққа айналдырып, жасап отырған ісін мақтанышпен айтып, барын жайып бөсуі мүмкін. Басында білімі болмаса, ол бақытын біреу аузынан қағып әкетіп, пайдалануы мүмкін. Көзге қонады. Көзін шел басып, ештеңені көрмей, жоғары қарап, амандаспай өтіп кетуі мүмкін. Олай жасаған адамды қарғыс атады дейді. Адам менсінбеу барып тұрған имансыздық. Ондай адам жан жолдасын, жақсы адамдардан қол үзіп қалуы мүмкін. Ертең ол адамдардың жасаған жақсылығын ұмытқаны үшін, көзінен ұшырып алған бақытын кейін көре алмайтындай болады. Басында білімі болмағаны үшін ұшырып алған бақытын қайтадан қайтара алмайды. Қайтарса да кеш... Ең соңында адамның басына қонады. Бұдан бұрындағы қонып келе жатқан бақыттар ол адам үшін сынақ. Үлкен сынақ. Сол сынақтан сүрінбей өткен адамның басына қонатын бақ. Басыңа бақыт құсы қонды деген осы. Басыңа қонған бақыт - Білім! Шын бақыт осы. Бәлкім, расымен де мына отырған Сіз бақытты шығарсыз? Бақытты болыңыз!

Минут сайын сезінем бақыт дәмін,
Қуанышқа толады уақыттарым.
Айналаның бәрінен бақыт көрем,
Арайланып тұрғанда атып таңым.

Күні-түні шүкір деп шаттанамын
Сәбидеймін, көңілім аппақ әлі!
Көзім - шырақ, санам - сау, ғалам - ғажап,
Бұдан артық бола ма бақ бағалы?

Жүректен жүрекке

- Балалар, бүгін біздің қалашығымыздың маңынан «Бақыт керуені» өтіп барады екен. Олар бақыт іздеп ұзақ сапардан келе жатса керек. Біз сабақтан «бақыт» дегеніміз не екенін ұғындық қой. Мүмкін керуенге бағыт берерміз? Сондықтан мен сендерге қалам-қағаз алып, «Бақыт дегеніміз не?» деген сұраққа жауап болатындай бір-бір сөз жазып, керуендегі түйелердің қоржындарына салуды тапсырамын.

(Балалар өздері жазған сөздерді дауыстап оқып, неге ол сөзді жазғанын ұғындырады да шеңберге келіп тұрады.)

Мұғалім:

Балалар, мен сендермен бүгінгідей мән-мағынасы терең, керемет сабақ өткеніме бақыттымын.




























.


































Есен: Бақыт деген-қуаныш

Көңілің көкке жететін.

Бақыт деген-жұбаныш

Барға шүкір ететін.

Бақыт деген-арманың

Қиял қуып өтетін.

Бақыт деген-ақиқат

Иманды жан ететін.

Бақыт деген тазалық

Тән рақатын табатын.

Бақыт деген-байлығың

Жоқшылықты жабатын.

Бақыт деген-бақ құсы

Сан санаққа салатын.

Қонғанын да ұшқанын

Білмей өзі қалатын.

Айдана: ойын « Сұрақтарға жауап беру»

1. Өмірді не үшін жақсы көресіз?

2. Егер миллион ұтып алсаңыз онымен не істер едіңіз?

3. Бос уақытыңызда не істегенді ұнатасыз?

4. Адам бойындағы қандай қасиеттерді бағалайсыз?

5.Қандай тарихи тұлға ең атақты болды деп ойлайсыз?

6. Өміріңіздегі қандай сәтті ең бақытты дер едіңіз?

Бақыт деген...

Бақыт деген өмір гүлі шынын да,

Бақыт десе көркейеді жырың да.

Бақыт,бақыт жүрегіңнің дүрсілі

Кернеп тұрсын бақыт оты жаныңда.

Бақыт деген қазіргі атар таңын

Бақыт деген өмір сүріп жатқаның.

Әр күніңді қуанышпен қарсы алып,

Рақм етіп,әр күніңе айтқаның.

Бақыт сенің бал-бұл күлген күндерің

Бақыт сенің жымиған мөлдір кездерің.

Бақыт сенің күнәдан таза жүздерің,

«Бақыт»менің жүректен шыққан сөздерім

Бақыт сенің биіктегі арманың,

Бақыт сенің қасыңдағы достарың.

Бақыт сенің өмірдегі мақсатың,

Бақыт сенің мәңгілік өшпейтұғын ән-жырың.

Бақыт сенің өз қолыңда бүгінде,

Шаттана жүр осы нұрлы күніңде.

Бақыт сенің мәңгі өшпес асылың,

Тоғыса біл бақыттың жарқын үнінде.

Өзін-өзі тану пәні Бақыт деген не? 2-сынып














© 2010-2022