Өзін-өзі тану Сара Алпызқызы

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Алтын жүрек Анамыз

Өткізген Бурабай кентінің С.Сейфуллин атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Жалмуканова Ш.К.


Сабақтың тақырыбы: Алтын жүрек Анамыз.

(Бастауыш сынып оқушыларымен бірге өткізілді) Сабақтың мақсаты: Қазақстанның бірінші ханымы, «Бөбек» балалар қайырымдылық қорының Президенті Сара Алпысқызы Назарбаеваның өмір жолы, қайырымдылық іс-шаралары, еліміздегі адамгершілік - рухани білім беруінің дамуына қосқан үлесі туралы сөйлесу. «Өзін-өзі тану» әлемінің басты мақсаты - ұл - қыздарымызды жеке өзімен және өзін қоршаған ортамен үйлесімділікпен өмір сүруге баулу.
Сара Алпысқызының ұлағатты ұстанымдары арқылы жас ұрпақтың жүрегіндегі өмірге, ата- анасына, ең жақын адамдарына, жалпы адам атаулыға деген бауырмалдық, сүйіспеншілік, махаббат, достық секілді ізгілік қасиеттерге тәрбиелеу.


Сабақтың барысы: Көрнекілік құралдары: Сара Алпысқызының портреті, ИКТ, оқушылардың суреттері Шаттық шеңбері -Қайырлы күн құрметті оқушылар! Сіздерді шаттық шеңберін құруға ортаға шақырамын. Шеңбер бойымен жүрекшені бір - бірімізге бере отырып, көршілеріңізбен амандасып тілек айтуларыңыз сұраймын.Тілектеріңізге көп рахмет. Жүрегіміз қуанышқа толды. Ендеше сабағымызды бастайық.

Әңгімелесу
- Балалар, «алтын жүректі», «үлкен жүректі» деген сөздер қандай мағынада айтылады?
- «Алтын жүректі», «үлкен жүректі» адамдар деп кімдерді айтамыз?

Мұғалім: Ана - әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашары, қадірлісі, қамқоршысы. Ақ сүтін беріп аялайтын, баласы үшін жанын да аямайтын ардақты да абзал - ана. Бала бойындағы ең жақсы қасиеттер балаға алдымен анадан тарайды.

Сара Алпысқызыда біздің анамыз. Ол бүкіл Қазақстан балаларына қамқоршы. Бүкіл Қазақстандық балалар ол кісіні ең бас анамыз деп атайды. Ол - балажан адам. Бала үшін қолындағы қаражатын аямайды.Жақсылық жасағанды қалайды, сәбидің риясыз күлкісін сүйеді. Сол себептен, ауру балалардың мұңын тыңдап , жетімнің зарын тыңдап, құқығын қорғайтын «Бөбек» қорының құрды. (слайдтарды көрсете отырып әңгімелесу) 1992 жылдан «Бөбек» балалар қайырымдылық қорының президенті. Қор аурудын асқынған түрлерімен сырқаттанған балаларға Қазақстан мен шетел клиникаларында емдейтін балалар мекемелері мен ұйымдарына қамқорлық көрсетеді. Әсіресе Арал мен Семей ядролық полигоны сияқты экологиялық апатты аймағының балаларына ерекше көңіл бөлінеді.

Панасыз баларды бауырына басты, емге қиын балалрды шетелге дейін жіберіп емдетті. Балалар үйлеріне қамқорлық көрсетті. Сара апамыздың бастамасымен елімізде «Жетім балаларды қорғау туралы» заң қабылданды.

Осының нәтижесінде барлық өңірде отбасылық үлгідегі балалар қалашықтары құрылып, "Үміт" жасөскіндер үйлері ашылды. Бұл қалашықта жетім және ата-анасыз қамқорлығынсыз қалған балалар от басына ие болды. Өздерінің сол отбасындағы ата-аналарына ие болды. Олардан талай ұл-қыз тәрбиеленіп шықты. Біразы ендігі еңбекке араласып ел қатарына қосылды, жоғарғы оқу орындарында білім алып жатқандары да баршылық. Ал Сара Алпысқызы осындай жастарға «Бөбек» қоры арқылы стипендия тағайындап,әлі күнге көмектеседі.

Сара Алпысқызы салған дара жолдың бірі - «Өзін-өзі тану» жобасы.

Мен ойлаймын, Сара Назарбаева - нағыз қамқоршы ана. Себебі, өмір бізге сынақ ретінде беріледі. Ал біз ол өмірді түсіну керекпіз, қадірлеу керекпіз. Ал біздің анамыз оған көмектеседі. Барлығына қамқор ана, қайырымды жан атанған Сара Алпысқызына мен де алғыс білдіріп, шын жүректен туған күнімен құттықтаймын!

Сара Алпысқызы Назарбаева 1941 жылдың 12 ақпанында Қарағанды облысы Қызылжар селосында дүниеге келді. 1962 жылы Н. Ә. Назарбаевқа тұрмысқа шықты, үш қызы, немерелері, шөберелері бар.

С. Алпысқызының «Өмір әдебі» деген кітабынан алынған үзіндіні оқи отырып, оқушылар әр адамның өз өміріне өзі жауапты екеніне назар аударады.
«Мен бала күнімде шамадан тыс қарапайым жасқаншақ болдым. Өзім білетін құрбыларымның барлығы да менен ақылдырақ, маңыздырақ сияқты көрінетін. Актриса болуды армандадымда өзімнің балалық ақылыммен: «Қайдағы, бұл таңдаулылардың ғана ісі ғой» деп пайымдадым. Бақытыма қарай жас келген сайын «Балақайдың» арқасында бойымдағы бұйығылықтан біртіндеп арыла бастадым. Рас, актриса бола қойған жоқпын. Бірақ өмірімді бұрмаламай көрсететін бір қарапайым ақиқатты түсіндім. Ал нақтырақ алатын болсақ,
адамдарды бір - бірінен ажыратуға болатын басты айырмашылық жан дүниесімен рухтың үйлесімі арқылы өмір сүру қабілетін айқындайтын олардың санасының даму деңгейі екен».
(Сара Алпысқызы)


Сабақты қорыту:

Мұғалім:
Құрметті оқушылар, қонақтар! Сабағымызды Сара Алпысқызының ұрпақтарына айтқан ізгі тілегімен қорытындылаймыз:
«Қымбатты балалар, мен - Анамын, Әжемін, шөбере сүйдім. Мен еліміздегі барлық баланы өз баламдай жақсы көремін. Сендерді үлкендердің өнегесін ғасырларға жалғайды деп сенемін. Ата- анаңа, айналаңдағы адамдарға мейірімді бол. Оларды сыйлай біл. Өтірік айтпа. Сонда сенің бойыңда сенімділік, өмір сүруге деген құштарлық, жалын пайда болады. Жүрегіңде өмірге, ата-анаңа, ең жақын адамдарға деген бауырмалдық, сүйіспеншілік бүр жарып, махаббатқа, достыққа ұласады. Мен сендерге осындай ізгі тілек тілеймін».

Ән айту: «»Бақытты балалық шақ!»


Өзін-өзі тану Сара Алпызқызы




.



Өзін-өзі тану Сара Алпызқызы

© 2010-2022