2 сыныпқа арналған сабақ жоспары Тақырыбы Түбір мен қосымша

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні:

Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Түбір мен қосымша

Мақсаты

1) білімділік: қазақ тіліндегі қосымшалардың түбір сөзге жалғану заңдылықтары туралы ұғымдарын дамыту, жұрнақ пен жалғаудың атқаратын қызметін таныту;
2) тәрбиелік: ана тілін қадірлеуге, білімділікке, сауаттылыққа тәрбиелеу;
3) дамытушылық: фонетика, лексика тараулары бойынша алған білімдеріне сүйене отырып сауатты жазу, оқу дағдыларын жетілдіру, дұрыс сөйлеуге машықтандыру.
Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту сабағы.
Сабақтың өту әдісі: сұрақ - жауап, ұжымдық талдау, танымдық ойындар.
Сабақтың көрнекілігі: сызба, тақырыпқа арналған кесте, суреттер.

Күтілетін нәтиже

Психологиялық ахуал

Қоңырау біздің сиқырлы,

Сыңғырлап тағы ән салды.

Шақырды түріп ұйқыңды,

Шеңберге тұр, - деп баршаңды!

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

Көркем жазу
Жақсы, жылы, түзу, бүлдіру, күлкілі.
• Осы сөздер қатарында қай сөз артық? Неліктен? «Бүлдіру» сөзі артық, себебі ол қимылды білдіреді, яғни етістік. Ал қалғандары сын есімдер.
• Осы сөздерге қарама - қарсы мағыналы сөздерді тауып айт. Мысалы, жақсы - жаман, жылы - суық, түзу - қисық, бүлдіру - түзету, күлкілі - қайғылы.
2. Бұл қандай сөздер?
• Мағынасы бір - біріне қарама - қарсы сөздер (антонимдер)
• Мағынасы жуық сөздер ( синонимдер)
• Айтылуы да, жазылуы да бірдей, бірақ мағынасы әртүрлі сөздер (омонимдер)

Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.

Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.

Мағынаны тану

Түбір дегеніміз - сөздің одан әрі бөлінбейтін мағынасы бар бөлігі.
Мыс: қала, орман, көше, жұлдыз
Түбір сөздің белгісі -.
Түбірге қосылған бөлшекті қосымша дейміз: қала - ға, орман - да, көше - мен, балық - шы
Кубизм әдісімен. Оқулықтағы жаттығулар орындалады
Өзіндік жұмыс.

277-жаттығу жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындау.
Қосымшалы сөз ---------түбір -----------қосымша
адалдық -------------------адал -----------дық
Ой сергіту.
"Доп лақтыру" ойыны арқылы
1 - қатар
"Ай" сөзінен басталатын қыз балалар есімдерін ата.
2 - қатар
"Ер" сөзінен басталатын ұл балалар есімдерін ата.

278-жаттығу кестемен жұмыс

279- жаттығу түбір сөздерді бір бөлек, қосымшалы сөздерді бір бөлек топтастыру.

Сергіту сәті

Орманда кірпі келеді,
Саңырауқұлақ тереді.
Кездесті, міне, керегі:
Екеуі қайың астынан.
Біреуі терек қасынан.
Қанша олар болмақ есепте,
Тоқылған салса себетке?

Ой толғаныс

2 сыныпқа арналған сабақ жоспары Тақырыбы Түбір мен қосымша

Сурет бойынша әңгімелеу.

Әр күнің ашық болсын!
Жүздерің жарқын болсын!
Талаптарың таудай болып,
Сарқылмайтын білім болсын!

280-жаттығу Ребусты шешу.

Үйге тапсырма

Дәптермен жұмыс

281- жаттығу

Күнделіктеріне жазып алады

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

2 сыныпқа арналған сабақ жоспары Тақырыбы Түбір мен қосымша2 сыныпқа арналған сабақ жоспары Тақырыбы Түбір мен қосымша

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады

Тексерілді:



© 2010-2022