Тәрбие сағаты Кішкентай ханшайым!

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: «Кішкентай ханшайым» байқауы
Мақсаты:
1) Егеменді елдің ертеңгі болашағының іргесін берік ететін қазақ қыздарының бойында мәдениеттілік, әдептілік, инабатты, ибалы, сыпайылық қасиеттерін қалыптастыру.
2) Жан-жақты білімді, сауатты болуға үйрету. Бойындағы өнерін және қол өнер шеберлігін дамыту, жетілдіру.
3) Аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге, мейірімділікке, қоғамның белсенді азаматшалары болуға тәрбиелеу.

Барысы:

Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар бүгін біз үлкен мерекеге жиналып отырмыз. Бұл көктем мерекесі. Наурыз айы - үлкен мерекелер айы. Көктемнің шуақты күндерімен сабақтаса келетін бұл мейрамды тойламайтын халық жоқ. Мерекелеріңіз құтты болсын!

Армысыздар, қадірменді асыл халқым,
Арта берсін абырой, атақ-даңқың,
Қарсы алайық құрметтеп аруларды,
Ұстанған қазағымның ата салтын.

Ал, халайық, аруларға тамсанайық,
Қыз қылықты дегенге ән салайық.
Атына заты сай аруларға
Тағы да бір қол соғып қарсы алайық.
(Саппен қыздар ортаға келіп тұрады.)

Әділдікпен әр сайысты бастайтын,
Туралықтан ешқашанда қашпайтын - төрешілер алқасымен таныс болыңыздар:
1).

2).

3).

Байқаудың шарттары төмендегідей:
1. «Мен қазақтың қызымын» таныстыру
2. «Шебер қолдар»
(Әр қыз өзінің қолынан келетін бір ісмерлік өнерін көрсетеді)
3. «Өнер»
(Ән айту, би билеу, күй тарту)
4. «Сұлулық сыры»
(Музыка ырғағымен өз қолынан жасалған сәндік киім)

5. «Білімдіге дүние жарық»

(Лездік сұрақтарға жауап беру)

Гүл көңілің қуаныштан өрілді,
Жанарыңнан жалын нұры төгілді.
Жыр ұшқындап тұр ғой әне үніңнен,
Көпшілікке таныстыршы өзіңді.
(Қыздар өздерін ортаға шығып таныстырады.)

Шеберлерім өнер тамып қолынан,
Жаңылмаған ата-ана жолынан.
Шебер қолдар, қол өнерін көрсетсін,
Біз айтайық төрелігін соңынан - деп кезекті «Шебер қолдар» сайысына берейік.
(5 минутта өз қолымен бір зат жасап көрсетеді.)

Кедеймін деп қысылма,
Өнерің болса бойыңда.
Өнерлінің ырысы,
Жарқырап жатар жолында - дей отырып аруларымыздың өнерлерін тамашалайық.
(Қыздар жеке-жеке өз өнерлерін көрсетеді. Би, ән т.б.)

Ал, халайық ықыласпен демейік,
Арулардың сән үлгісін көрейік.
Сыры мен сымбатына қарап біз,
Әділдікпен бағаларын берейік.
(Арулар бірінен кейін бірі сән үлгісін көрсетеді.)

Сырлары көп ғылымның,
Шешілмеген әлі де.
Тереңдігі білімнің,
Керек екен бәріне - деп Фариза апамыз айтқандай, енді аруларымызды «Білімдіге дүние жарық» атты сайысымызға шақырамыз.
(Қыздар сұрақтарды алып жауап береді.)

1-ші арудың сұрақтары.
1. Ананың анасы сізге кім болады? (Нағашы әже)
2. Еттен жасалатын тағам? (Бесбармақ).
3.Қошақанның анасы? (қой).

2-ші арудың сұрақтары.
1. Ананың сіңлісі сізге кім болады? (Нағашы апа)
2. Сүттен жасалатын тағам? (Көже, айран, ірімшік,қаймақ,май).
3.Тай, құлынның анасы? (Бие).

3-ші арудың сұрақтары.
1. Ананың қызы сізге кім болады? (әпке)
2. Қамырдан жасалатын тағам? (Бауырсақ, нан).
3. Ботаның анасы? (түйе).

4-ші арудың сұрақтары.
1. Әкеңнің анасы саған кім болады? (ата)
2. Абай Құнанбаевтың анасы? (Ұлжан).
3 .Ешкінің төлі ? (лақ).

5-ші арудың сұрақтары.
1. Сүттен жасалатын тағамдар (қымыз, шұбат, айран, қаймақ, май, сүзбе, көже, қойыртпақ, шалап, боза, іркіт, ірімшік, құрт, жент, малта)
2. Ақ сүт берген аналардың анасы (әже)
3. Ең зор байлық (денсаулық)

6-шы арудың сұрақтары.
1. Ас атасы (нан)
2. Анаңның бауырлары (нағашы)
3. Әнші Роза … ( Рымбаева)

7-ші арудың сұрақтары.
1. Қазақстанның Президенті кім? (Н.Назарбаев)
2.Абай Құнанбаевтың анасы? (Ұлжан)
3. Білім, оқу, жазуды үйретуші адам? (Ұстаз).


Барына риза болсын көрермендер,
Көрсетті өнерлерін жас өрендер.
Осымен сайысымыз аяқталсын,
Қазылар берсін енді шын бағасын.

Қазылар орнықтырар әділдікті,
Кімдердің жауаптары кәміл шықты.
Өнерлі, білімділер жарысында,
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты.

1. Әділ қазыларға сөз беріледі.
2. Сайысқа қатысушы бүлдіршін арулар марапатталады.
3. Қорытынды сөз.


© 2010-2022